Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04209 Сот сараптамасы в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Сот сараптамасы» оқу бағдарламасы сот сараптаманы тағайындау және өндіріс саласындағы бәсекеге қабілетті кадрлерді дайындауға бағытталған және олар дәлелдеу процесіндегі міндеттерді шешу үшін арнайы білімді және тәжірбиелік дағдыны қолданады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M079 Сот сараптамасы
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық
  • Сот сараптамалық қызметін жетілдірудегі қылмыстық құқықтық саясат.
    Несиелер: 5

    Қылмыстық-құқықтық саясат фактіні анықтау үшін арнайы танымдарды пайдалануды қамтамасыз ететін сот-сараптама қызметін жетілдіруге бағытталған. Сот-сараптама қызметін жетілдіру заңдылық, объективтілік және нақтылық қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ететін қылмыстық заңнама нормаларын қолдануға негізделген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сарапшы мен маманның процессуалды әрекеттерге қатысуы
    Несиелер: 5

    Аталған курста сарапшы мен маманның процессуалды мәртебесі олардың процессуалдық айырмашылығы, сол сияқты, оладың құқықтары мен міндеттері көзделеген. Сонымен қатар, сарапшы мен маманның процессуалды және тергеу әрекеттерінің барысындағы рөлі қарастырылады. Сарапшының, маманның ролі мен құндылықтары және құзыреттілікке және процедуралық мәртебеге айырмашылықтары көрсетілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тiлi (касiби)» курсының мақсаты тiлдiк емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық станларт (С l) деңгейiндегi шет тiлдiк бiлiмдi меңгерту үрдiсiнде мадениаралық- коммуникативтiк құзiреттiлiктi қалыптастыру. Курс академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамытy, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қылмыстық заңнаманың сараптамалық қызметте қолданылуы.
    Несиелер: 5

    Сараптама қызметінде қылмыстық заңнама нормаларын қолдану, мазмұнын ашу және оларды пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін айқындау сараптамаларды жүргізу және тағайындау кезінде сарапшылардың құқық қолдану қызметін жетілдірудің тиімділігіне негізделген. Мән-жайларды, фактіні, тетікті, процесті анықтауда арнайы білімді пайдалану реттеудің құқықтық тетіктерімен айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сот сараптамасын тағайындау және өндірісінің процессуалдық нысаны
    Несиелер: 5

    Сараптамалық өндірістің процессуалдық негіздері және сот сараптамасын тағайындау сот сараптамасы саласындағы әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеудің ашылуымен айқындалады. Сот сараптамасының жіктелуін ескере отырып, оның өндірісінің процессуалдық механизмдерін және сот сараптамасын тағайындауды қарастырамыз. Сот сараптамасын жүргізудің нысандары мен әдістерін анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заң психологиясы
    Несиелер: 5

    Аталған курста сот, криминалды және құқықтық, пеницитарлы психологиясының, жалпы ұғымдары қарастырылған. Мұнда заң психологиясының жалпы психологиялық, әр түрлі категориялық қылмыскерлердің психологиялық ерекшеліктері, сот, судья, анықтаушының таным-іздестіру қызметінің негіздері көзделген. Сол сияқты, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қылмыстық із жүргізу субъектілермен психологиялық контакт орнату мәселелері орын алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сот психологиялық сараптама
    Несиелер: 5

    Азаматтық-құқықтық даулар, әкімшілік-құқықтық қатынастарды реттеуді анықтайтын психологиялық мазмұн мәселелерін мұқият зерделеу кезінде мемлекеттік, сот және тергеу органдарына көмек көрсету мақсатында осы сараптаманың негізгі мақсаттары мен міндеттері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сот-трасологиялық сараптама
    Несиелер: 5

    Аталған пән іздердің пайда болу механизімінің заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Сол сияқты, объектілердің іздерді арқылы топтық қатыстылығын анықтау, идентификациялық, диагностикалық міндеттерді шешу мәселелерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сот фототехникалық сараптама
    Несиелер: 5

    Белгілі бір жабдықты және зертханалық жабдықты пайдалана отырып кескіндерді қалыптастыру заңдылықтары қарастырылады, фотосуреттерді, оларды жасау үшін қолданылатын техникалық құралдар мен материалдарды зерттеу нәтижесінде алынған, суретті алу жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ақпарат, сондай-ақ фотосуретке түсірілген объектілердің (үй-жайлар, жер бедерінің учаскелері және басқа затардың объектілері, егер олар басқа сыныптың сараптама объектілері болып табылмайтын болса) және олардың арасындағы қашықтықты анықтау).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пән жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін дамыту, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруге және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сот баллистикасы және сот-баллистикалық сараптама
    Несиелер: 5

    Аталған пән ату және өзге де қарулардың мехнизімінің заңдылықтарын оқытады. Ату қаруларының түрлері, атудың іздері, оқ мен гиьзалардың ату қаруына қатысты идентификациялау, ату қаруларының құрылымы т.с.с. сұрақтар баллистикамен зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көліктік құралдарды сот сараптамалық зерттеу
    Несиелер: 5

    Техникалық ақаулық себептері және табылған ақаулықтар мен авария фактісі арасындағы себеп-салдардың техникалық жағы, техникалық авариялардың басталуына дейін техникалық ақаулықты табу мүмкіндігі, техникалық ақаудың себебі мен уақыты зерттелді. Ғылыми-зерттеу әдістеріне және сараптамалық зерттеу әдістеріне байланысты көлік құралдарын сараптау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Криминалистика мен сот сараптамасыны
    Несиелер: 5

    Сот сараптамасының криминалистикалық құралдары мен әдістері және олардың ара қатынасы қарастырылады. Арнайы таным және оларды пайдалану криминалистикалық әдістер мен дәлелдеу тәсілдерін қолдану арқылы практикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Криминалистикалық дәлелдеу құралдары ғылымның, техника мен қолөнердің қандай да бір саласында арнайы білімді пайдалануға негізделген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дәлелдеу процессіндегі арнайы білімді қолдану
    Несиелер: 5

    Аталған пән қылмыстық сот өндірісіндегі қызмет шеңберінде арнайы білімді қолданудың ерекшеліктерін оқытады. Сол сияқты, қылмыстық процесстегі дәлелдемелердің мазмұнына талдай жасау мәселелері орын алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құжаттарды сот-техникалық зерттеу
    Несиелер: 6

    Құжаттарды дайындау немесе жасалу әдістері туралы білімді қалыптастырады. Сонымен қатар, құжаттарды арнайы зерттеу саласында криминалистикалық ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді қолданудың әдістерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Фонографиялық сот сараптамалық зерттеу
    Несиелер: 5

    Аталған пән фонографиялық сараптаманы жүргізудің теориялық және тәжірбиелік негіздерін оқытады. Сонымен қатар, арнайы дауыс зерттеулер саласындағы криминалистикалық ғылыми-техникалық зерттеу мүмкіндіктерді зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қолжазбаларды сот сараптамалық зерттеу
    Несиелер: 6

    Қолжазбалардың жалған жасау әдістерін оқытады және қолжазбаны зерттеуге қатысты диагностикалық, идентификациялық және классификациялық міндеттерді қарастырады. Сонымен қатар, арнайы қолжазбаларды зерттеулер саласындағы криминалистикалық ғылыми-техникалық зерттеу мүмкіндіктерді зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шаруашылық операцияларды сот-сараптамалық зерттеу
    Несиелер: 6

    Аталған курста шаруашылық опреациялардың заңдылықтарына негізделген фактілер мен мән жайлардың анықталуы оқытылады. Олар салық және бухгалтерлік есептілік саласындағы арнайы білімді қажет ететін сұрақтарды шешеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Лингвистика білімін криминалистикада қолдану
    Несиелер: 5

    Маңызды фактілерді анықтауға және оның авторын сипаттайтын сарапшыға қойылған сұрақтарға жауап алу және мәтіннің семантикалық мазмұнын түсіндіруге бағытталған мәтіндерді зерттеу, сөйлеу әрекеттерінің өнімдерін зерттеу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сот-бухгалтерлік сараптамалық зерттеу
    Несиелер: 6

    Аталған курста арнайы экономикалық білімнің мазмұны, сот-бухгалтерлік сараптаманың ұғымы, міндеттері, оның жіктелуі, әдістері және экономикалық білімді қолданудың процессуалды және процессуалды емес нысандарын, құқықбұзушылықты анықтау, тергеушінің ревизор, сарапшы, аудиторлермен өзара қарым-қатынасының тактикалық нұсқауларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON10

    Заң тәжірбиесінде психологияның ережелерін қолдана білу және онымен әзірленген нұсқауларды кәсіби қызметте қолдану.

  • Код ON4

    Сараптамалық қызметтегі нормативті- құқықтық негіздерді қолдана білу, сот-экономикалық сараптаманың стандарттарын білу әлеуметтік-экономикалық. көрсеткіштердің есептеудің және талдау әдістемесінің дағдыларын меңгеру келтірілген залалдың соммасын есептей білу.

  • Код ON8

    Іздер мен материалды объектілерді баллистика және трасологиялық салада зерттеу арқылы теңдестіру мен диагностикалық міндеттерді шешу.

  • Код ON9

    Сараптама қызметінде қылмыстық заңнама нормаларын қолдану дағдысын меңгеру. Сот-сараптама жүргізу тиімділігі үшін қылмыстық-құқықтық саясат тетіктерін іске асыру қабілеті.

  • Код ON1

    Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады

  • Код ON5

    Құжаттарды зерттеу саласындағы арнайы білімнің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін білу және фотоехникалық сараптама өндірісінің методологиялық негіздерін пайдалану.

  • Код ON2

    Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу.

  • Код ON6

    Сараптамалық-криминалистикалық әдістер мен құралдарды дәлелдемелік ақпараттар жұмыс істеу кезінде қолдана білу.

  • Код ON7

    Сот сараптамаларын жүргізудің іс жүргізу тетіктерін іске асыру, көлік құралдарына сот сараптамасын жүргізу. Процессуалды әрекеттерін жүргізуде арнайы танымдарды қолдану.

Top