Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04102 Қаржы в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері және академиялық жазу саласында жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсету
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдана отырып, қаржылық, бухгалтерлік, статистикалық ақпаратты талдау негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін бағалау.
  • Жаһандану және тез өзгеретін қоғам жағдайында экономикалық заңдар мен заңдылықтарды, ұлттық экономиканың, секторлар мен салалардың, нарықтық субъектілердің жұмыс істеу модельдері мен алгоритмдерін түсіндіру негізінде шешімдер қабылдау
  • Сыртқы қаржы-экономикалық қатынастарда болып жатқан қазіргі тенденцияларға сүйене отырып, ішкі және әлемдік қаржы нарықтарындағы ағымдағы процестердің өзара байланысын түсіндіру.
  • Кәсіби қызметте қаржылық-бюджеттік және ақша-кредит қатынастарын реттеу, әлемдік қаржы нарығының қазіргі даму үрдістерін ескере отырып, қаржы нарығы мен делдалдардың қызметін ұйымдастыру саласындағы білімді пайдалану
  • Қаржы ағындарын талдау және ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп, салық-статистикалық есептілік саласындағы білімді қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару.
  • Қазіргі жағдайда қаржылық, кредиттік, валюталық, сақтандыру, кедендік қызметті ұйымдастыруға мемлекеттің қаржы, ақша-кредит саясатының іс-әрекеттерін зерделеу.
  • Ақша-кредит нарығының жай-күйін, банктік және сақтандыру тәуекелдерін, дағдарысты басқарудың заманауи құралдарын талдауды ескере отырып, екінші деңгейдегі банктердің қызметін жоспарлау
  • Эмитенттердің, қаржы делдалдарының қаржы құралдарын сауатты, тиімді пайдаланудағы, инвестициялар тартудағы қызметін бағалау тұрғысынан Қазақстанның ұлттық қор нарығын талдау
  • Қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесімен, қоғамдық, іскерлік, мәдени, экологиялық, құқықтық және этикалық нормаларымен арақатынасы тұрғысынан коммуникацияның, кәсіпкерліктің әртүрлі салаларындағы түрлі жағдайларды түсіну
  • Инвестициялық және қаржылық басқару шешімдеріне ақпараттық қолдау көрсету
  • ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті зерделеу негізінде қаржылық бақылау мен аудитті жүзеге асыру нәтижелері бойынша қорытындылар әзірлеу
Top