Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B10101 Фармация в Болашақ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Тұрғындарға дəрі-дəрмектік көмек көрсетуді, қоғам мен тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды дайындау болып саналады. Фармацевтикалық тәжірибе мен ғылымда озық инновациялық, ақпараттық, коммуникативтік жетістіктерді пайдалану жəне дамыту, халық денсаулығын нығайту, денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік жəне əлемдік деңгейдегі өзгерістеріне икемделу, білім алу мен кəсіби біліктілікті үздіксіз жетілдіре отырып, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосу.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 5 года
  • Кредиттер көлемі 300
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B085 Фармация
  • ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
  • Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
  • Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Философиялық, тарихи, мәдени, құқықтық концепциялар мен категорияларды, өмірдің әртүрлі салаларындағы кәсіпкерлік және экологиялық білімдерді, осы салалардағы инновациялық стратегияларды негізге ала отырып, қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде айналадағы шындықты бағалайды. Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде іскерлік қарым-қатынасты қолдана отырып, ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық жазуды қолдану дағдыларын,сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру дағдыларын көрсетеді. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді.
  • Мембраналық құрылымдардың жұмыс істеуінің биофизикалық заңдылықтарын, мембрана арқылы заттардың тасымалдануын, электрогенез механизмдерін, жарықтың биологиялық құрылымдармен өзара әрекеттесуінің физикалық ерекшеліктерін анықтайды; биологиялық жүйелерді зерттеу үшін қолданылатын медициналық аспаптар мен аппараттардың негізгі топтарын және жіктелуін пайдаланады.
  • Тиісті дәріханалық және өндірістік практикалардың (GPP, GMP), Мемлекеттік фармакопияның талаптарына сәйкес өнеркәсіптік және дәріханалық өндіріс жағдайында дәрілік заттарды дайындау жөніндегі өндірістік процесті жүзеге асырады және ұйымдастырады.
  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық актілерін, өнеркәсіптік және дәріхана өндірісінің дәрілік заттардың сапасын бақылау мәселелерін, оның ішінде GXP тиісті фармацевтикалық практикасын регламенттейтін ғылыми-техникалық құжаттаманы пайдаланады;
  • Функцияларды реттеудің жүйке-рефлекторлық, гуморальдық, жергілікті тетіктерін түсінеді; негізгі типтік патологиялық процестердің этиологиясы мен патогенезін және органдар мен жүйелердің ең көп таралған типтік бұзылыстарын саралайды; сау адам өмірінің физиологиялық заңдылықтарын бағалайды; төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті уақтылы және толық көлемде жүзеге асырады.
  • Химиялық термодинамиканың негіздерін, химиялық және фазалық тепе-теңдіктердің термодинамикасын зерттейді және олардың тұрақтылық дәрежесін анықтай отырып, тұрақты коллоидтық жүйелер мен эмульсияларды ажыратады.
  • Микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, антигендік құрылымын және экологиясын түсіндіреді; өндірістік ортаның негізгі физикалық, химиялық және биологиялық факторларын гигиеналық бағалаудың ғылыми әдістерін қолданады; фармакогенетиканы пациенттің ағзасының дәрілік препаратты енгізуге реакциясын және оның әсер ету тиімділігін қалыптастырудағы гендердің (генотиптердің) рөлін зерттейтін ғылым ретінде зерттейді.
  • Дәрілік препараттардың жіктелуін және дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының заңдылықтарын ескере отырып, дәрілік заттардың әсер ету механизмін және фармакологиялық әсерлерін айқындайды; пайда болған дәрілік препараттарда бағдарланады және консультация беру кезінде қажеттілікті қамтамасыз етуде білімді пайдаланады; дәрілік препараттарды бір халықаралық патенттелмеген атауы (МНН)шеңберінде талдайды және бағалайды.
  • Қазақстан Республикасындағы дәрілік саясаттың құқықтық негізін нормалайтын заңнамалық-нормативтік құжаттарға сәйкес дәрілік заттардың айналысы саласын мемлекеттік реттеу және фармацевтикалық қызметті регламенттеу құжаттарын пайдаланады.
  • Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруда қолданылатын логистика, маркетинг және менеджмент негіздерін және дәрілік заттар айналымы субъектілерінің өндірістік, логистикалық және шаруашылық-қаржылық қызметін жоспарлау мен басқарудың, болжаудың, талдаудың, аудиттің және бағалаудың ғылыми әдістерін білуін көрсетеді.
  • Дәрілік өсімдіктер мен шикізаттардағы негізгі биологиялық белсенді заттарға сапалы және микрохимиялық реакциялар жүргізу әдістемесін қолдана отырып, жоғары сатыдағы өсімдіктердің, балдырлар мен саңырауқұлақтардың морфологиясы мен анатомиясының ерекшеліктерін, олардың көбею тәсілдерін анықтайды.
Top