Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01506 Физика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үшін теориялық және практикалық білімді қолдануға қабілетті, кәсіби және жалпымәдени құзыретіліктерді меңгерген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M011 Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Физиканы оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері
Педагогикалық зерттеу нәтижелерін өңдеудің әдістері
Физиканың қолданбалы есептерін шығарудың әдістемелік негіздері
ЖОО-да күрделі есептерді шығару әдістемесі
Физикалық құбылыстар мен процестерді компьютерлік модельдеу әдістері
Шет тілі (кәсіби)
Академиялық ғылыми жазба
Жалпы физика курсын оқытудың қазіргі заманғы әдістері
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
ЖОО-да және мектепте физикалық практикумды ұйымдастыру және өткізу әдістері
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері
Жоғары мектептің педагогикасы
Басқару психологиясы
ЖОО және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері
Ғылым тарихы мен философиясы
Оқыту нәтижелері
- Педагогикалық экспериментті ұйымдастырып, математикалық және статистикалық өңдеу әдістерін қолдана отырып, қазіргі заманғы оқыту құралдарын пайдалану тиімділігін бағалап және ғылыми-зерттеу қызметінің эксперименттік нәтижелерін талдайды
- Физикадан қолданбалы және күрделі есептерді шығара отырып, олардың классификациясын, әдістемесін меңгеріп, физика тарауларында кездесетін дифференциалдық және интегралдық есептерді шығарып, кәсіби қызметте қолданады
- Физиканы оқыту әдістемелерін, жаңартылған мазмұндағы сабақ құрылымын әзірлеп, іске асыра отырып, физикалық практикумдарды, тәжірибенің барлық түрлерін өз бетінше ұйымдастырып, өткізіп, физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеп, компьютерлік модельдерді заманауи талаптарға сәйкес дамытады
- Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды.
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
- Физиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістері туралы білімдерді, оқыту проблемалары туралы ақпаратты ажыратып және алынған ақпаратты талдап, физиканы оқытуда креативтілікті диагностикалаудың әдістерін, оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдарын меңгеріп, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып, кері байланысты жүзеге асырып, өлшенетін критерийлер және оқыту нәтижесін бағалайды
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
- Физика ғылымы дамуының негізгі кезеңдерін, ережелерін, жаратылыстанудың заманауи концепцияларын, философиялық зерттеудің әр түрлі әдістерін талдап, жалпы физика курсындағы білім негіздерін, физикадағы құбылыстар мен заңдылықтарға сүйеніп, тапсырмаларды, есептерді шығарып, зертханалық жұмыстардың нәтижелерін дәлелдеп, заманауи технологияларды және тиімділігін бағалайды
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды