Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04141 Қаржы в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Экономикадағы қаржы-несие жүйесінің ұйымдастырылуына қарай шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды талдай отырып, қаржы-бюджет, ақша-несие сферасындағы, банктік, сақтандыру, халықаралық және мемлекеттік қаржы нарығында орын алған жағдайларды бағалайды.
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
  • Қаржы саласындағы қызметті жетілдіру, қаржы-кредит өнімдерінің сапасын арттыру, оларды қаржылық технологиясы мен тәуекелдік сақтандыру жұмыстарын нақтылау бойынша, жаңашылдық әкелетін ғылыми, техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін көздейтін озық тәжірибені зерделеп көрсетеді.
  • Мінез-құлықтық және басқару шешімдерін қабылдау кезінде экономикалық, қаржылық, ұйымдық және басқарушылық модельдерді құру кезінде сандық және сапалық талдау әдістерін қолданады.
  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Қаржылық, экономикалық қатынастарды рационалды ұйымдастыра білу, қаржы қатынастарын реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттардың негізінде, қаржы механизмінің әдіс-тәсілдерін жұмыстарында қолданады
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Қаржы-бюджеттік және ақша-несиелік реттеуді ұйымдастыру, қаржы-банк жүйесінің жұмыс істеуінің теориялық және практикалық аспектілері, мемлекеттік қаржы және корпорациялардың қаржылары мен инвестициялық балама мүмкіндерін ұйымдастырудың мемелекеттік және шетелдік тәжірибесі бойынша экспресс-кешенді талдау жүргізеді.
Top