Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04120 Есеп және аудит в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
  • Халықаралық аудит стандарттарына негізделген аудиторлық қызметті жүргізеді
  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Шығындарды басқару саласында заманауи технологияға негізделген тәсілдерді әзірлейді
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары негізінде қаржылық есептіліктердің дәлдігі мен сенімділігін сыни бағалап, талдайды
  • Инновациялық тәсілдердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып қаржылық есептіліктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарады
Top