Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01122 Ересектердің, балалардың дерматовенерологиясы в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • пациентке жетекшілік жасау: медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
  • зерттеулер: барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;
  • коммуникация және коллаборация: пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті;
  • оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.
  • Қоғамдық денсаулық сақтау: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру саласы шеңберінде өз мамандығы бойынша әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби емес командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті;
  • Қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;
Top