Жаңа білім беру бағдарламасы

7M10114 Медициналық-профилактикалық іс в Семей медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты "Медициналық-профилактикалық іс" мамандығы бойынша бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасының мақсаты эпидемиология және гигиена, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы міндеттерді кешенді шешуге қабілетті жаңа формация жетекшілерін дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M145 Медициналық-профилактикалық іс
  • Білім беру саласы 7M10 Денсаулық сақтау
  • Дайындық бағыты 7M101 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • Гигиена және эпидемиология саласындағы зерттеу және кәсіби қызметте қолданбалы сипаттағы жаңа білім мен дағдыларды игеруге қабілетті.
  • Жұқпалы және жаппай жұқпалы емес аурулардың (уланулардың) пайда болуы мен таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізу бойынша бақылауды ұйымдастырады.
  • Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады, апаттар мен төтенше жағдайлардың санитариялық-эпидемиологиялық салдарына талдау жүргiзедi.
  • Өзінің кәсіби қызметінде күрделі және стандартты емес жағдайларды шешу үшін басқарудың негізгі принциптері мен сыни және шығармашылық әдістерін қолданады.
  • Ғылыми зерттеулерде дәлелді медицина тәсілдерін және басқарушылық шешімдерді қабылдауда ведомствоаралық және сектораралық қағидаларды пайдаланады.
  • Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жинауды, бағалауды және болжауды жүргізеді, қауіп факторларын, оның ішінде мінез-құлық факторларын анықтауға және жоюға және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін денсаулықты қорғаудың алдын алу бағдарламаларын әзірлейді және енгізеді.
Top