Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M10131 Медицина в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Зерттеу нәтижелерін диссертацияда және мақалаларда жариялау

    Пән магистранттарға ғылыми зерттеу нәтижелерін академиялық талаптарға сай рәсімдеу, құрылымдау және жариялау бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Пән барысында халықаралық ғылыми дерекқорлар, журнал талаптары және академиялық адалдық қағидаттары қарастырылады. Магистрант ғылыми мақалалар мен диссертацияны дайындау барысында библиографиялық деректермен жұмыс істеуді және ғылыми мәтінді сауатты құрастыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Клиникалық зерттеулердің дизайны

    Пән клиникалық зерттеулердің түрлері мен құрылымдарын, олардың жоспарлануы мен жүргізілу қағидаларын қамтиды. Білім алушылар дәлелді медицинаның негіздерін, зерттеу дизайнының сапалық және сандық әдістерін, этикалық талаптарды және статистикалық талдаудың маңызын меңгереді. Пән заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, зерттеу нәтижелерін талдау және денсаулық сақтау саласында сапалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дәлелді медицина мен клиникалық эпидемиология негіздері

    Пән клиникалық эпидемиологияның негізгі принциптері мен әдістерін зерттеуге бағытталған. Магистранттар клиникалық зерттеулердің дәлелдемелік деңгейін, эпидемиологиялық әдістерді, рандомизация мен деректерді өңдеу тәсілдерін меңгереді. Қателіктерді талдау, скрининг, себептік қатынастар және эпидемиялық процестерді модельдеу пәннің негізгі бағыттары болып табылады. Курс шешім қабылдау мен ғылыми зерттеу әдіснамасын практикалық қолдануға дайындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Негізгі медициналық ғылымдарда ғылыми мақалалар жазу

    Пән магистранттарға негізгі медициналық ғылымдар саласындағы ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістерін үйретуге бағытталған. Курс барысында ғылыми жарияланымдардың құрылымын, халықаралық талаптар мен этикалық нормаларды сақтау, деректерді дәл және айқын баяндау, сонымен қатар академиялық адалдық қағидаларын қолдану дағдылары қалыптасады. Магистранттар ғылыми нәтижелерді кәсіби тілде жазып, ғылыми коммуникация құралдарын тиімді пайдалануды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биомедициналық зерттеулерде жоспарлау және ғылыми базалармен жұмыс жасау

    Пән магистранттарға биомедициналық зерттеулерді жоспарлау негіздері мен халықаралық ғылыми ақпараттық базаларда іздену әдістерін үйретуге бағытталған. Курс барысында зерттеу мақсаттары мен міндеттерін анықтау, зерттеу әдістерін таңдау, ғылыми этика нормаларын сақтау және нәтижелерді халықаралық стандарттарға сәйкес рәсімдеу дағдылары қалыптасады. Магистранттар заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолданып, ғылыми зерттеулердің сапасын бағалап, кешенді талдау жасай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медицинада ғылыми зерттеулер негіздері

    Пән қазіргі заманғы эпидемиологиялық және статистикалық әдістерді қолдана отырып, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу процесінің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруге бағытталған. Курс барысында зерттеу гипотезасын қою, әдістемелік құралдарды таңдау, эксперименттік және бақылау әдістерін қолдану, деректерді жинау және өңдеу дағдылары дамытылады. Сондай-ақ, ғылыми этика мен академиялық адалдық қағидалары қарастырылып, зерттеу нәтижелерін дұрыс интерпретациялау мен қолдану мәселелері талқыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және әдебиет шолумен жұмыс жасау

    Пән ғылыми зерттеулерді тиімді жоспарлау, мақсаттар мен міндеттерді нақтылау, сонымен қатар ғылыми әдебиеттерді іздеу, жүйелеу және сыни талдау әдістерін меңгеруге бағытталған. Курс барысында ғылыми этика қағидаларын сақтау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін талдау және дұрыс рәсімдеу дағдылары дамытылады. Магистранттар заманауи аналитикалық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, зерттеу нәтижелерінің сенімділігін және ғылыми сапасын бағалай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биостатистика

    Пән медициналық зерттеулерде статистикалық және аналитикалық әдістерді қолдануды зерттейді. Магистранттар зерттеуді жоспарлау, деректерді өңдеу және статистикалық нәтижелерді интерпретациялауды үйренеді. Эпидемиологиялық, клиникалық, биомедициналық зерттеулерде кең таралған IT құралдар мен статистикалық пакеттерді қолдану қарастырылады. Пән ғылыми-зерттеу процесінде аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық ғылыми жазба

    Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биоэтика негіздері

    Пән қазіргі заманғы биомедициналық және эпидемиологиялық зерттеулердің этикалық, құқықтық аспектілерін зерттеуге бағытталған. Магистранттар халықаралық нормативтік құжаттарды талдап, ғылыми жұмыстарда этикалық қағидаларды қолдану дағдыларын дамытады. Авторлық құқық және ғылыми жарияланымдар этикасы мәселелері қарастырылады. Курс ғылыми-зерттеу әдістемесінде этикалық стандарттарды ұстануға және нормативтік актілерді мета-талдау әдісі арқылы зерделеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық менеджмент

    Пән денсаулық сақтау жүйесіндегі стратегиялық басқару принциптері мен әдістерін зерттейді. Магистранттар ұйымның миссиясын, мақсаттарын айқындау, стратегиялық жоспарлау және денсаулық сақтау саласындағы басқару шешімдерін қабылдау дағдыларын меңгереді. Курс денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық тәсілдерді практикалық қолдануға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медициналық ЖОО-да тиімді оқыту

    Пән медициналық жоғары білім берудегі тиімді педагогикалық әдістер мен дағдыларға арналған. Магистранттар оқытудың интерактивті тәсілдерін, білімді бағалауды және ғылыми жарияланымдарды пайдалану арқылы оқу-әдістемелік кешенді құру қабілетін дамытады. Курс оқыту процесінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдануға бағытталған, сонымен бірге оқыту нәтижелерін құзыреттілік тұрғысынан бағалауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқытушының кәсіби этикасы және академиялық көшбасшылық

    Пән оқытушының кәсіби этикасы мен жоғары білім берудегі академиялық көшбасшылық қағидаларын зерттеуге бағытталған. Магистранттар білім беру процесінде этикалық нормаларды ұстануды, академиялық адалдықты сақтауды және командалық жұмысты ұйымдастыруды үйренеді. Курс оқытушының жауапкершілігі мен үлгілік рөлін қалыптастырып, академиялық ортадағы көшбасшылық қабілеттерді дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару

    Пән денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптерін зерттейді. Магистранттар басқару үдерісінің негізгі элементтерін, кадрларды ұйымдастыру және ресурстарды тиімді пайдалану дағдыларын меңгереді. Курс денсаулық сақтау мекемелерін басқару және сапалы қызмет көрсетуге бағытталған шешім қабылдауды дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медициналық білім берудің дидактикалық принцптері

    Пән медициналық жоғары білім берудегі оқыту процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі дидактикалық принциптер мен тәсілдерді зерттеуге бағытталған. Магистранттар оқыту мазмұнын ұйымдастыру, білім беру технологияларын таңдау, оқытудың интерактивті әдістерін қолдану және студенттердің білімін объективті бағалау жүйесін құру дағдыларын меңгереді. Пән оқыту сапасын арттыру және білім беру үрдісін жетілдіру үшін педагогикалық зерттеулер мен әдіснамаларды қолдануға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медицинадағы білім беру әдіснамасының негіздері

    Пән медицина саласында білім беру әдістері мен концепцияларын терең зерттеуге бағытталған. Магистранттар оқу процесінің әдіснамалық негіздерін, оқыту тәсілдерін және бағалау жүйесін меңгеріп, медициналық білім берудің сапасын арттыруға арналған заманауи педагогикалық құралдарды қолдануды үйренеді. Курс білім беру үрдісіндегі ғылыми зерттеу әдістерін және инновациялық технологияларды талдау мен қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
  • Денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында зерттеулерді әзірлеу, жүргізу және бағалау дағдыларын көрсете отырып,ғылыми сенімділігі мен сапасын бағалайды
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-талдау, библиографиялық деректерді сыни түсіндіріп, өз ойлары мен шешімдерін толық көлемде баяндай алады
  • Өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысады.
  • Медициналық білім беруде оқыту және бағалау әдістеріне байланысты қазіргі заманғы әдіснамаларды сыни тұрғыдан талдайды
Top