Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01119 Оториноларингология ересектердің, балалардың в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Ересектердің амбулаториялық-емханалық оториноларингологиясы
    Несиелер: 15

    Резидент Қазақстан Республикасында амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін үйренеді. Оқу барысында резидент ЛОР ауруларын диагностикалаудың заманауи ақпараттық әдістерін қолданады,кең таралған зерттеу нәтижелерін дұрыс түсіндіреді,пациенттермен жұмыс істеу кезінде коммуникативтік дағдыларды жетілдіреді, ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларына сәйкес , клиникалық диагнозды тұжырымдау дағдыларын меңгереді. Медициналық көмек сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін резидент қауіп -қатерлерді бағалай отырып, емдеу жоспарын құрастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Амбулаториялық-емханалық балалар оториноларингологиясы
    Несиелер: 15

    Резидент балалардағы ЛОР мүшелерінің эмбриологиясы мен анатомиялық-физиологиялық құрылымдық ерекшеліктері мен топографиясы туралы білімдерін тереңдетеді және жетілдіреді. Резидент коммуникативті дағдыларын қолдана отырып, клиникалық диагнозды тұжырымдайды, балалардағы аурулардың ерекшеліктерін ескере отырып, емдеу жоспарын тағайындайды. Қауіптерді талдай отырып, клиникалық хаттамаларды сақтау аясында резидент балалардағы ЛОР мүшелерінің шұғыл жағдайларында медициналық көмек көрсетудің тиімді әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Фониатрия
    Несиелер: 10

    Резидент ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларына сәйкес дауыс аппаратының аурулары және дауыс қалыптасуына әсер ететін басқа да органдар мен жүйелердің аурулары кезінде диагностиканың ең заманауи ақпараттық әдістерін қолданып, алынған нәтижелерді түсіндіреді, клиникалық диагнозды тұжырымдайды, пациенттерге емдеудің тиімді жоспарын тағайындайды. Қауіп-қатерлерді ескере отырып, резидент фониатриядағы шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетудің тиімді әдістерін қолданады. Резидент алынған ғылыми нәтижелерге талдау жүргізеді, нақты қорытындылар қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ересектердің стационарлық оториноларингологиясы
    Несиелер: 45

    Резидент пациенттермен жұмыс істеу кезінде коммуникативтік дағдыларды қолданады, стационарда ЛОР-ауруларын диагностикалаудың заманауи ақпараттық әдістерін пайдаланып, дәлелді медицина тұрғысынан клиникалық диагнозды тұжырымдау дағдыларын меңгереді. Резидент емдеу жоспарын құрастырады және оның тиімділігін дәлелді практика негізінде, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде бағалайды,емделушінің кері әсеріне байланысты емдеуді түзетеді және ЛОР - патологиялар кезінде тиімді оториноларингологиялық оперативті араласуларды меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Балалар стационарындағы оториноларингологиясы
    Несиелер: 45

    Резидент балалардағы ЛОР-патологиялары кезінде клиникалық диагнозды тұжырымдайды, стационарда емдеудің тиімді жоспарын тағайындап және пациентті дәлелді медицина қағидаттары негізінде емдік шараларды жүргізу тактикасының қажетті көлемін белгілейді. Резидент коммуникативті дағдыларын жетілдіреді. ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларын сақтау аясында, резидент балалар оториноларингологиясындағы шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетудің тиімді әдістерін пайдаланады және балалардағы оториноларингологиялық операцияларды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Оториноларингология-онкология
    Несиелер: 10

    Резидент клиникалық ойлау дағдыларын қалыптастырады, қажетті аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерін тағайындайды, диагностиканың кең таралған әдістердің нәтижелерін дұрыс түсіндіреді, ЛОР-ағзалары онкологиялық патологиясы кезінде клиникалық диагнозды тұжырымдайды. Резидент ЛОР – пациенттермен тиімді өзара іс- әрекет жасайды, Лор онкологиясын алдын алу және емдеудің негізгі қағидаттарын меңгереді, науқастарды диспансеризациялауды жүргізеді, кәсіби әдебиетті сыни бағалайды, халықаралық деректер базасын пайдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Анестезиология және реаниматология
    Несиелер: 6

    Резидент ұлт денсаулығын нығайту саясатын іске асыру үшін денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы аясында әрекет ете отырып, ЛОР - науқастарды операцияға дейінгі дайындау, анестезия, науқастарды операциядан кейінгі кезеңде жүргізуде медициналық препараттарды тағайындау қауіпсіздігінің қатерін бағалайды. Резидент кәсіби әдебиеттерді сыни бағалайды, халықаралық мәліметтер базасын пайдаланады, конференцияларға белсенді қатысады, үздіксіз кәсіби білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шұғыл оториноларингология
    Несиелер: 4

    Резидент клиникалық хаттамаларға сәйкес қажетті аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерін тағайындайды, дифференциалды диагностика жүргізеді, зерттеу нәтижелерін түсіндіреді, ЛОР мүшелерінің шұғыл жағдайларында клиникалық диагнозды тұжырымдайды. Резидент пациенттермен қарым-қатынасты тиімді жүзеге асырады, шұғыл оториноларингологияда медициналық көмек көрсетудің тиімді әдістерін пайдаланады. Резидент кәсіби әдебиеттерді сыни бағалайды, алынған ғылыми нәтижелерге талдау жасайды, нақты тұжырымдар жасайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Құлақ микрохирургиясы
    Несиелер: 10

    Резидент клиникалық ойлау дағдыларын қалыптастырады, қажетті аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерін тағайындайды, клиникалық диагнозды тұжырымдайды, құлаққа хирургиялық араласудың тиімді жоспарын тағайындайды. Қауіп-қатерлерді ескере отырып, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында резидент ЛОР – пациенттермен тиімді өзара іс-әрекет жасайды, құлаққа хирургиялық араласулар дағдыларын меңгереді. Резидент кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалайды, халықаралық мәліметтер базасын пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сурдология
    Несиелер: 15

    Резидент Қазақстан Республикасында сурдологиялық көмекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін зерделейді. Резидент есту патологиясы кезінде клиникалық диагнозды дербес және дәл тұжырымдайды, пациенттерге, оның ішінде есту қабілетін жақсартатын операцияларда емдеудің тиімді жоспарын тағайындайды. Резидент ЛОР – пациенттермен тиімді өзара іс – қимыл жасайды, кәсіби әдебиеттерді сыни бағалайды, халықаралық деректер базасын пайдаланады, үздіксіз кәсіби дамып, конференцияларға белсенді қатысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ринология
    Несиелер: 8

    Резидент пациенттермен жұмыс істеу кезінде коммуникативтік дағдыларды меңгере отырып, мұрын және мұрын қосалқы қуыстары патологиясы бар науқастарды тексерудің қажетті аспаптық және зертханалық әдістерін тағайындауды жүргізеді, ринологиялық аурулар кезінде клиникалық диагнозды тұжырымдау дағдыларын меңгереді, дәлелді медицина қағидаттарына негізделген пациенттерге емдеудің тиімді жоспарын тағайындайды. Резидент мұрын және мұрын қосалқы қуыстарының патологиясы кезінде тиімді оториноларингологиялық оперативтік араласуларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Функционалдық эндоскопиялық риносинусохирургия
    Несиелер: 15

    Резидент диагностикалық араласулардың қажетті көлемін дербес анықтайды, нәтижелерін түсіндіреді, клиникалық диагнозды тұжырымдайды, инфундибулотомия, максиллярлық антростомия, алдыңғы этмоидотомия, мұрын ішілік құрылымдарды түзету үшін пациенттерге тиімді емдеу жоспарын тағайындайды. Клиникалық хаттамаларды сақтау аясында резидент мұрын және мұрын қосалқы қуыстарының патологиялары кезінде тиімді оториноларингологиялық оперативтік араласуларды меңгереді, үздіксіз кәсіби дамиды, конференцияларға белсенді қатысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Отоневрология
    Несиелер: 10

    Клиникалық хаттамаларға сәйкес резидент дифференциалды диагностика жүргізеді, қажетті аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерін тағайындайды, отоневрологиялық науқастардың клиникалық диагнозын тұжырымдайды. Резидент пациенттермен жұмыс істеу кезінде коммуникативтік дағдыларды жетілдіреді, қауіп-қатерді бағалай отырып, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін емдеудің ең тиімді әдістерін қолданады, пікірталастарға, конференцияларға белсенді қатысады, үздіксіз кәсіби дамиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Отология
    Несиелер: 8

    Резидент дифференциалды диагностика жүргізеді, қажетті аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерін тағайындайды, тексеру нәтижелерін түсіндіреді, клиникалық хаттамаларға сәйкес сыртқы, орта және ішкі құлақтың патологиясы кезінде сәйкес терапияны тағайындап және тиімділігін бағалайды. Резидент пациенттермен жұмыс істеу кезінде коммуникативтік дағдыларды жетілдіреді және сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың патологиясы кезінде тиімді оториноларингологиялық операциялық араласуларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Код ON3

    Қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;

  • Код ON5

    Зерттеулер: барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;

  • Код ON2

    Коммуникация және коллаборация: пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті;

  • Код ON6

    Оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.

  • Код ON4

    Қоғамдық денсаулық сақтау: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру саласы шеңберінде өз мамандығы бойынша әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби емес командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті;

  • Код ON1

    Пациентке жетекшілік жасау: медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті;

Top