Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01105 Гематология (ересектердің) в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты стационардағы және амбулаториялық-емханалық көмектегі дербес кәсіптік қызмет үшін білікті, бәсекеге қабілетті маманды тереңдетіп оқытып даярлау; ересектердегі гематологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша клиникалық ойлауды қалыптастыру, практикалық дағдылар мен машықтарды игеру
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R005 Гематология ересектердің
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
Оқыту нәтижелері
- қан жүйесі ауруларының, сүйек тіні және гемостаз жүйесі патологиясының этиологиясы, патогенезі, профилактикасы, клиникалық белгілері, жіктелуі, дифференциалды диагностикасы, ересек организмнің трансфузиологиясы және посттрансфузиялық реакциясы туралы заманауи ұғым түсініктерді білу;
- Клиникалық диагноз қою және ересектердегі гематологиялық аурулардың дифференциалды диагностикасын жүргізу арқылы онкогематологиялық аурулардың ерте диагностикасын жүргізу;
- пациентке, туыстарына, әріптестеріне түсінікті түрде ақпарат беру, ұсынылатын араласуларды, зертханалық-құралдармен зерттеулер, гематологиялық аурулар кезінде сүйек кемігін трепанобиопсияның аспирациясы мен қан құю қажеттілігінің мәнін түсіндіру;
- гематологиялық көмек көрсетуде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін ересектердегі гематологиялық ауруларды зертханалық және медициналық құралдармен диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдану;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық шеңберiнде әрекет ете отырып, қан жасау жүйесi ауруларымен ауыратын науқастарды резидент өз бетiнше кешенді тексере отырып, науқастарға ұсыныстар беруімен қатар амбулаторлы-емханалық көмек көрсетудi ұйымдастырады;
- ҚР мен Халықаралық гематологиялық қауымдастықтардың ұсыныстарына, біріншілік және екіншілік профилактика, бағдарлау, медициналық-әлеуметтік сараптама, клиникалық тексеру және оңалту принциптеріне сәйкес БМСК сатысында гематологиялық ауруларды диагностикалық іздеу және емдеу алгоритмін қолдану; гематологиялық науқастар;
- гематологиялық науқастарды жоспарлау және жүрзізу, қауіпсіз және тиімді зертханалық-құралдармен тексеру жүргізу және емдеуді түзету, асқынуларды болжау және науқастарды емдеудің тиімділігін бақылау және профилактикалық іс-шараларын жүргізу;
- қан ауруларымен ауыратын науқастарға трансфузиялық көмек көрсету, гемокомпоненттік терапия кезінде асқынулардың алдын алу, посттрансфузиялық реакциялардың себептерін талдау және шетелдік әдебиеттер деректері негізінде олардың алдын алу шаралары.