Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01119 Ангиохирургия ересектердің, балалардың в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ересек адамдар мен әр түрлі жастағы балалардағы жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы, жіктелуі, ажырату диагностикасы жөніндегі замануи түсініктер мен базалық теориялық білімдерін көрсете алады.
  • Ангиохирургия саласы бойынша дәлелдеу дағдыларының негізінде медициналық көмек көрсетудің кез келген деңгейіне сай клиникалық диагнозды қойып, ем жоспарын тағайындай алады және оның нәтижелігін бағалай алады.
  • Ангиохирургия саласы бойынша медициналық көмек көрсету жөнінен хирургиялық стационарлардың жұмысына қатыса алады, сонымен бірге хирургиялық стационарлардың жұмысының негізгі көрсеткіштеріне анализ және болжам жасай алады.
  • Дәлелді медицинаның принциптеріне негізделген ангиохирургиялық шараларды қажет ететін әр түрлі жағдайлар мен ауруларға өздігінен жоғары деңгейде көмек көрсете алады.
  • Ересек адамдар мен балалардағы қан тамырларының патологияларын емдеу, алдын алу және диагностикасында замануи технологияларды қолдана алады.
  • Ангиохирургия саласы бойынша ғылыми оқулықтармен таныса отырып, алынған ақпараттарға анализ жасай алады және күнделікті тәжірибеде қолданады.
  • Пациентер үшін үздік нәтижелерге жету мақсатында науқастармен, оның айналасымен, денсаулық сақтау саласының мамандарымен тығыз қарым қатынас жасай алады.
  • Өзінің барлық ғұмырында кәсіби білімін, тәжірибелік дағдыларын әрдайым жетілдіріп қолдана алады.
Top