Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01148 Клиникалық зертханалық диагностика в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты дәлелді медицина қағидаттарына және диагностикалық технологиялардың заманауи жетістіктеріне сәйкес кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін қажетті зертханалық зерттеулер құзыретіне ие жоғары білікті денсаулық сақтау мамандарын – клиникалық зертханалық диагностика дәрігерлерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R048 Клиникалық лабораториялық диагностика
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Клиникалық зертханалық диагностика-1
Биохимиялық зертханалық диагностика
Коагуологиялық зертханалық диагностика
-
2 Оқу жылы
Клиникалық зертханалық диагностика-2
COVID-19 зертханалық диагностикасы
Паразитологиялық зертханалық диагностика
Иммунологиялық зертханалық диагностика
Молекулярлық-биологиялық және генетикалық зертханалық диагностика
Антифосфолипидті синдромның зертханалық диагностикасы.
Микробиологиялық зертханалық диагностика
Оқыту нәтижелері
- Жүрек-тамыр, тыныс алу, асқорыту, несеп-жыныс, тірек-қимыл аппараты, жүйке, эндокриндік жүйелер, қан ауруларының, сондай-ақ шұғыл жағдайларда, алдын алу, диагностикалау және емдеу кезеңдерінде науқастардын зертханалық тексерудің жоспарын құра алады және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіре алады.
- Зертханалық жабдықтар мен ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, әдеттегі және автоматтандырылған әдістермен жалпы клиникалық, гематологиялық зерттеулер жүргізуге қабілетті.
- Белок, көмірсу, липид, пигмент, су-электролит, қышқыл-негіз алмасуын, гормондардың көрсеткіштерін биохимиялық зертханалық зерттеуді жүргізе алады, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйенің ауруларында, зат алмасу бұзылыстарының, су-минералды, қышқыл-негіз, ас қорыту, несеп-жыныс, тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі және қан гомеостазының зертханалық көрсеткіштерін талдай алады.
- Тамырлы-тромбоциттік және плазмалық гемостазды және аурулардағы өзгерістерді коагулологиялық зертханалық зерттеуді күнделікті және автоматтандырылған әдістермен жүргізуге және түсіндіруге қабілетті.
- Ауруларда иммунологиялық тексеру жүргізе алады және нәтижелерді түсіндіре алады.
- Зерттелетін материалды себуді, әртүрлі әдістермен клиникалық материалды себу, биоматериалды микробиологиялық зерттеуді жүргізе алады және микробиологиялық диагностика нәтижелерін талдай алады.
- Арнайы зерттеу әдістерін қолдана отырып, гельминтоздардың, протозооноздардың зертханалық диагностикасын жүргізе алады және биоматериалды зерттеуді нәтижелерін талдай алады, паразиттік аурулардың негізгі қоздырғыштарын ажырата алады.
- Медициналық-генетикалық зертханалық зерттеуді, ПТР диагностикасын жүргізе алады, жиі кездесетін ауруларда генетикалық зерттеулер нәтижелерінің диагностикалық мәнін анықтайды.
- Зертханаішілік бақылау зерттеулерін жүргізіп, нәтижелерін бағалай алады. Клиникалық және зертханалық бөлімде жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік дағдыларын меңгереді.
- Емханадағы денсаулық сақтау мамандарымен және ұйымдар арасында командада тиімді жұмыс істей алады. Адекватты зерттеу сұрақтарын құрастыра алады, кәсіби әдебиеттерді сыни бағалай алады, халықаралық мәліметтер базасын күнделікті қызметінде тиімді пайдалана алады, зерттеу тобының жұмысына қатысады.