Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01130 Терапиялық стоматология в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Терапиялық стоматология мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R043 Терапиялық стоматология
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
Оқыту нәтижелері
- Пациентті бақылау: терапиялық стоматологияда медициналық көмектің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибе негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдай алады, емдеу жоспарын тағайындауға, орындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
- Коммуникация және ынтымақтастық: пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында стоматологиялық пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады .
- Қауіпсіздік және сапа: терапиялық стоматологияда тәуекелдерді бағалай алады және стоматологиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін емдеудің тиімді әдістерін қолдана алады. Науқасты қарау кезінде анамнезді толық жинайды, өз бетінше адекватты терапияны тағайындай алады, пациенттерге қажетті стоматологиялық көмек көрсете алады
- Халық денсаулығы: өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық шеңберінде әрекет ете алады, төтенше жағдайлар кезінде негізгі көмек көрсете алады, азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын іске асыру үшін кәсіпаралық ұжымдар құрамында жұмыс істей алады
- Зерттеушілік: адекватты зерттеу сұрақтарын құрастыра алады, терапиялық стоматология бойынша кәсіби әдебиеттерге сыни баға бере алады, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдалана алады, ғылыми топ жұмысына қатысады.
- Оқыту және дамыту: өз бетінше білім алуға және кәсіби ұжымның басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысады.