7M08100 Агрономия в Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми зерттеулердің әдістемелері мен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи цифрлық технологияларды меңгерген мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M131 Өсімдік шаруашылығы
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M081 Агрономия
Пәндер
-
Агродақылдар егістіктерінде заманауи био-органикалық тыңайтқыштар мен биопрепараттар қолдану
Пән замануи био-органикалық тыңайтқыштар мен биопрепараттардың алуан түрлерінің теориялық негіздерін оқытады. Білім алушылардың егістік және мал азықтық дақылдар агроценоздарында олардың өнімділігі мен сапасын арттыру үшін өндірістік жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде био-органикалық тыңайтқыштар мен биопрепараттарды және олардың мөлшерлерін, мерзімдерін, енгізу әдістері мен технологиясын дұрыс таңдау және дербес қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылым теориясы және олардың постиндустриалды қоғам жағдайындағы дамуы туралы түсінік береді. Магистранттарды қазіргі ғылымның негізгі әдістерінің мазмұнымен, ғылыми гипотезаларды қалыптастыру принциптерімен және теорияларды таңдау критерийлерімен таныстыру, ғылыми танымның мәні мен ғылымның мәдениеттің басқа салаларымен байланысы туралы түсінік қалыптастыру, қазіргі ғылымның философиялық бейнесін құру, белгілі бір зерттеу саласында қолдану үшін әртүрлі ғылымдардың материалдарын қабылдауға дайындық.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пән магистрдің кәсіби даярлығының маңызды элементі болып табылады. Психологиялық-педагогикалық мәдениет арнайы даярлық (жоғары оқу орнынан кейінгі) нәтижесінде қалыптасатыны белгілі. Жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселесі жоғары оқу орны магистрантының дербес оқу-танымдық іс-әрекеті жағдайында тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіптік) 1
Тілдерді оқытудың ұлттық моделі - үштұғырлыққа сәйкес күнделікті қарым-қатынас пен кәсіби коммуникацияда шет тілдерін оқыту мен практикалық меңгерудің заманауи үрдістерін қамтиды. Магистрантта шет тілін ғылыми жұмыстарды жүргізуде, экспериментттердің нәтижелерін апробациялауда (мақалалар даярлауда, конференцияларда баяндауда) белсенді қолдану дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Агрономиядағы ғылыми зерттеулер әдістемесі
Эксперименттік зерттеулердің қазіргі заманғы әдіснамаларын, вегетациялық және далалық тәжірибелерді сынау мен жүргізуді, зерттеу нәтижелерінің нақтылығын бағалау әдістерін, ҒЗЖ нәтижелерін жариялау әдістемесін, заманауи цифрлық әдістер негізінде зерттеу нәтижелерін енгізу және апробациялау тәсілдерін оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
ҒЗТКЖ коммерцияландыру
Пән магистранттарды зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру әдістері мен технологияларына үйретеді. Білім алушыларда жобаларды өз бетінше дайындау, конкурстарға қатысу және өндіріс жағдайында коммерцияландыру жобаларын іске асыру, тарату шараларын өткізу, сондай-ақ алынған деректерге және коммерцияландырудың нәтижелілігіне талдау жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Басқару психологиясы
Курс магистранттарда қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық іс-әрекет процесінде тұрақты пайда болатын өзекті әртүрлі психологиялық мәселелерді шешудің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Қоғамның дамуының жаңа жағдайларында мамандардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздерін қамтиды және жоғарғы кәсіптік білім беру жүйесіндегі осы курстың өзектілігін анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Далалық және зертханалық зерттеулер ұйымдастыру технологиясы
Пән алған мамандығына сәйкес агрономия саласындағы ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-өндірістік міндеттерді шешумен байланыстырылатын кәсіби қызметті жүзеге асыруға, далалық және зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу жұмыстарына ғылыми ұжымның басшысы немесе мүшесі ретінде қатысуға; агрономиялық зерттеулердің әдіснамасын, жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеуге және зерттеу деректерін апробациялауға дайын жоғары санатты мамандарды даярлауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Зерттеу нәтижелерін тарату
Нәтижелерді тарату ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды және соңғы бөлігі болып табылады. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар ғылыми деректерді тарату, атап айтқанда: технологияны өндіріске енгізу және коммерцияландыру, ұсынымдар әзірлеу және шығару, білім тарату бойынша әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру (семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференцияларда сөз сөйлеу, on-line вебинарлар және т.б.) бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Көшеттік жұмысын ұйымдастыру және көкөніс дақылдарын өндірудің прогрессивті технологиялары
Көшеттік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру негіздерін, көкөніс дақылдары мен картопты өсірудің озық және цифрлық технологияларын қамтиды. Магистранттарда көшеттік қызметін жетілдіру бойынша жоспарды, ашық және қорғалған топырақта көкөніс дақылдары өнімдерін өндіру жоспарын, көкөніс дақылдары мен картопты өсірудің технологиялық карталарын жасау, орындалған жұмыстардың сапасын бағалау бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіптік) 2
Тілдерді оқытудың ұлттық моделі - үштұғырлыққа сәйкес күнделікті қарым-қатынас пен кәсіби коммуникацияда шет тілдерін оқыту мен практикалық меңгерудің заманауи үрдістерін қамтиды. Магистрантта шет тілін ғылыми жұмыстарды жүргізуде, экспериментттердің нәтижелерін апробациялауда (мақалалар даярлауда, конференцияларда баяндауда) белсенді қолдану дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мамандық пәндерін оқытудың инновациялы технологиялары
Арнайы пәндерді оқытудың жаңа әдістері кіреді. Білім алушыларды ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарымен, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың инновациялық тәсілдерімен таныстырады. Білім алушының арнайы пәндерге даярлаудың негізгі бағыттары бойынша теориялық білімін қалыптастырады, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық қызмет барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижелері бойынша білім алушылар арнайы пәндерді оқыту жөніндегі педагогикалық қызметті дербес жүргізе алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Мамандық бойынша пәндердің ғылыми-теориялық, практикалық жетістіктері, оқытудың заманауи технологияларын дамыту және оқыту процесінің негіздері мәселелерінен тұрады. Білім алушылардың жекелеген пәндер бойынша білімдерін және пәнаралық байланыстарды олардың өндірістік жағдайлардағы қиындықтарды шешу және ойлау қабілеттерін өзектендіру үшін пайдаланады. Білім алушыларда арнайы пәндерді жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жылыжай шаруашылығы мен көкөніс өндірісінің цифрлы технологиялары
Пән көкөніс шаруашылығының теориялық негіздерін, көкөніс дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін, қорғалған топырақтың ұйымдастырушылық-экономикалық ерекшеліктерін және цифрлық технологияларды қолдана отырып, қорғалған және ашық жерде көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын оқытады. Білім алушылардың жылыжай шаруашылығы жағдайында және дақылдарды өсіруге арналған түрлі құрылымдарда, сондай-ақ ашық алаңда цифрлық технологиялар элементтерін қолдану, ғылыми-зерттеушілік және өндірістік қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Егістік шаруашылығындағы агроландшафтық егіншілік жүйесі
Заманауи ғылыми әдістер мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, егістік жерлерді пайдалану тиімділігін және агроландшафттардағы дақылдар өнімділігінің тұрақтылығын арттырудың ғылыми негізделген іс-шаралар кешенін оқытады. Магистранттың топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, құрғақшылықпен күрес және егіншілік жүйесін әзірлеу кезінде сапалы талдаудың ғылыми нәтижелерін пайдалана отырып, агроландшафттардың топырақ қабатын зерттеу және бағалау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал азығын өндіру мен сапасын бағалаудың жаңа технологиялары
Жаңа цифрлық техника мен технологияны игеру негізінде бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз мал азықтық өнімдер өндірісін және азық сапасының сәйкестігін зертханалық бақылауды оқытады. Магистранттарда аймақтың ерекшеліктерін есепке ала отырып мал азығын дайындау және сақтау, рациондар мен азық теңгерімін құрастыру, азық сапасын бағалауды зертханалық зерттеу және сапаны бақылау технологиясының трансферті туралы білім мен дағдыны қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Егістік дақылдарды өсірудің инновациялық технологиялары
Егістік дақылдарды өсірудің заманауи цифрлық технологиясының ғылыми әдістерін және олардың агроландшафттың әртүрлі ареалдарындағы тиімділігін оқытады. Егістік дақылдарды өсірудің цифрлық технологияларының моделін зерделеу, егістік дақылдарды өсірудің нөлдік технологиясын және олардың артықшылықтарын зерделеу, егістік дақылдарды өсіруде әртүрлі агротехникалық тәсілдерді шешу үшін цифрлық техника мен дәл технологияларды пайдалану қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қорғау егіншілігі
Ғылыми әдістер мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, экологиялық қауіпсіз өнімнен тұрақты мол түсім алу мақсатында тиімді жер пайдалануды, топырақтың құнарлылығын қорғауды, қалпына келтіруді, озық технологиялар енгізуді оқытады. Магистранттың ауыспалы егістерді оңтайландыру, топырақ өңдеу, тыңайтқыштарды қауіпсіз қолдану, мелиорация, арам шөптермен күрес шараларын жүргізу, дефляция және эрозия пайда болған аймақтарда топырақты қорғау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Егістік дақылдарды зиянкестер мен аурулардан ықпалдастыра қорғау
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларының қоздырғыштарын диагностикалаудың заманауи әдістерін оқытады. Курс магистранттарда қоршаған ортаны қорғауды есепке алып, ғылыми әдістер мен цифрландыру тәсілдерін пайдалана отырып, өсімдіктерді қорғаудың агротехникалық, химиялық және биологиялық ықпалдастырылған тәсілдері кешенін дұрыс және тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шалғын-жайылым шаруашылығы
Шабындықтар мен жайылымдарды тиімді пайдалану және өнімділігін арттыру тәсілдерінің ғылыми негіздерін оқытады. Пән магистрантта шабындықтар мен жайылымдарды беткі және түбегейлі жақсарту, ғылыми-негізделген ауыспалы шабындық-жайылым жүйесін ұйымдастыру, мал азықтық алқаптарды басқаруда алқаптардың электронды карталары, электронды бақташы жүйесі сияқты ғылыми және цифрлық әдістерді пайдалану практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Майлы және техникалық дақылдарды өсірудің инновациялы технологиялары
Пән мүдделер аймағының табиғи-климаттық және топырақ жағдайларын ескере отырып, майлы және техникалық дақылдардың морфологиялық, физиологиялық, биологиялық ерекшеліктерін, оларды өсірудің инновациялы цифрлық технологияларын терең оқытады. Магистранттың ғылыми қызмет кезінде майлы және техникалық дақылдарды қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді дербес ұйымдастыру, сондай-ақ шаруашылық жағдайындағы практикалық жұмыс кезінде майлы және техникалық дақылдар өнімдерін алудың инновациялық тәсілдерін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өсімдік шаруашылығындағы диверсификация
Өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру жағдайында агродақылдар өндірудің ғылыми негіздерін оқытады. Магистрантта ауыл шаруашылығы субъектілер жағдайында әртараптандыруды ұйымдастыру үшін агродақылдар жиынтығын дербес айқындау, егу, егістікті күту, жинау, сапалы сақтау және өнімді тиімді өткізуді қоса алғанда, агранарықтың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін өнімділігі мен сапасы жоғары агродақылдар өндірісінің технологиялық операцияларын ұйымдастыра білу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мал азықтық дақылдарды өсірудің прогрессивті технологиялары
Пән мал азықтық дақылдардың, соның ішінде бұршақтылардың биологиялық ерекшеліктерін және оларды аймақ пен өңірдің табиғи, топырақ-климаттық жағдайларына, а.ш. жануарларының талаптарына қатысты өсірудің прогрессивті цифрлы технологиясын оқытады. Білім алушыларда цифрлық технологияларды пайдалана отырып, мал азықтық дақылдарды өсірудің прогессивті технологияларына қатысты инновациялық тәсілдемесін, ірі және шырынды мал азығын дайындау, сақтау және мал азықтық дақылдарды өсірудің прогрессивті технологияларын зерттеу нәтижелерін кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Эксперименттік деректерді таратуды, енгізуді және коммерцияландыруды жүзеге асыру, жобаларды дайындау және коммерцияландыру жобаларын сапалы іске асыруды жүзеге асыра білу
- Цифрлық технологиялар негізінде ауыспалы егістерді, топырақ өңдеуді, оны қалпына келтіруді, қорғау егіншілігінің амалдарын, агроландшафттардың топырағын зерттеу және бағалауды, биоорганикалық тыңайтқыштар мен биопрепараттарды қолдануды ұйымдастыру
- Көшеттік жұмысын ұйымдастыруда, өнімді жоспарлауда алған білімді қолдану, көкөніс пен картоп өсірудің прогрессивті технологияларын жүзеге асыру
- Шет тілін және цифрлы технологияны кәсіби коммуникацияда, ғылыми зерттеулерді жүргізуде және алынған нәтижелерді апробациялауда қолдану
- Кәсіби қызметте педагогикалық-психологиялық және арнайы білімдер саласындағы жаңа білімдерді пайдалану, арнайы пәндер бойынша сабақтар жүргізе білу
- Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, зиянды организмдерді диагностикалау, ықпалдастырылған қорғау шаралары кешенін тиімді жоспарлау және пайдалану
- Цифрлық прогрессивті технологиялар негізінде мал азықтық дақылдарды өсіруді, мал азығын дайындау, сақтау және азық сапасын бағалау, шабындықтар мен жайылымдарды тиімді пайдалануды ұйымдастыра білу
- Ғылымда және өндірісте өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жағдайында егістік, майлы және техникалық дақылдарды өсірудің инновациялы цифрлы технологияларын қолдану