Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01407 Музыкалық білім в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Магистранттар үшін психология курсы гуманистік дүниетанымын қалыптастыруға негіз болып табылады. Аталған курс құрамына қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлі жайындағы мәліметтер кіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    Магистранттар үшін Жоғары мектептің педагогикасы курсы гуманистік дүниетанымын қалыптастыруға негіз болып табылады. Аталған курс құрамына қазіргі Жоғары мектептің педагогикасы ғылымның қоғамдағы орны, рөлі жайындағы мәліметтер кіреді. Фундаменталды және жоғары мектептің педагогикасы түсініктердің негізінде адам тұлғасы мен әрекеттеріне тұтас көзқарастарын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Мәдениетаралық-коммуникативтік біліктілік шетел тілін және өзге мәдениетті үйренуде білім беру біліктілігі. Аударма (мәселе, пән бойынша жалпы аялық ақпарат, пікірталас туғызатын жағдаяттар, ықтимал шешімдер) тілі үшін бастапқы мәтіннің пәндік мазмұнын бенелейтін жаңа танымдык лингвомәдени кешендерді меңгеру ретінде түсіндірілетін контентті-кәсіби біліктілік.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандық
    Несиелер: 5

    Болашақ маманның көркемдік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде музыкалық-орындаушылық шеберлікке және концерттік репертуармен өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Репертуар көлемінің толығуына байланысты ой-өрісінің кеңінен өрістеуіне жағдай жасау. Орындаудың кәсіби шеберлігін сахнада көрсете білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстандағы музыкалық білімнің негіздері
    Несиелер: 5

    Музыкалық білімнің тарихын зерттеп, теориялық әдіснамалық негіздерін айқындай алатын бәсекеге қабілетті, мәдениеті жоғары кәсіби маман даярлау. Болашақ музыкант-педагогтердің кәсіби тұлғасын қалыптастыруда Қазақстандағы музыкалық білімнің негіздерін пайдалану, музыкалық білім берудің мазмұнын жүйелеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Арнаулы музыкалық пән
    Несиелер: 5

    Білім, іскерлік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда қолдана отырып, болашақ маманды музыкалық аспаппен қаруландыру және концерттік орындаушылық қырындағы сахналық еркіндікке тәрбиелеу. Білімі мен біліктілігін көтеру барысында орындаушылық шеберлігін дамыту, көркем-эмоциялық сезімі мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстандағы және шетелдегі музыкалық білімнің қалыптасуы мен дамуы
    Несиелер: 5

    Қазақстандағы және шетелдегі музыкалық білімнің қалыптасып дамуына ықпал еткен саяси, тарихи-әлеуметтік факторларға ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан сипаттама беріп, музыкалық білімнің даму ерекшеліктері мен аксиологиялық негіздерін айқындау, мазмұнын жүйелеу. Қазіргі дәуірдегі қазақ музыкасы түрлерін жандандыру және бүгінгі өмір талабына сай жетілдіріп, кеңінен дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 2

    Білім алушылардың бойында ғылым ұғымы мен мәні,құрылымы, тәсілдері, ғылымдағы басты парадигмалық теориялар туралы, ғылыми болжамдар, аксиомалар мен теориялардың қалыптасу заңдылықтары туралы, ғылымның даму тарихы мен заңдылықтары туралы, ғылым дамуының негізгі кезеңдері туралы түсініктер мен білімдер, мағлұматтар жүйесін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Болашақ мектеп мұғалімнің тұтас педагогикалық үдерісін жəне білім беру мекемесіндегі тəжірибелік іс-əрекетін жүзеге асырауда кəсіптік құзіреттілігін қалыптастыру. Білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс жəне мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру. Кəсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын əрі саналы көзқарасты қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жаңартылған мазмұнындағы музыкалық білім беру аспектілері
    Несиелер: 4

    Курс мазмұнында жалпы және кәсіби музыкалық білім берудегі дәстүрлі және жаңашыл бағыттағы педагогикалық технологияларды айқындау, оны оқыту процесінде ұтымды қолдана білуді қарастырады. Түрлі білім бағдарламалары мен музыкалық оқу әдістемелік кешенді практикада қолдану жолдарын корсете білу. Оқу-тәрбие үдерісін модельдеу және оқыту тәжірибесінде жүзеге асыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жаңартылған білім беру мазмұнының негіздері
    Несиелер: 4

    Білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Тиімді және өз бетінше шешім қабылдауға, құзыретті болуға және музыкалық білім беру саласында өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті тұлғаны даярлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Музыкалық білім беру арқылы стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын, басқарудың заманауи технологиялары мен құралдарын меңгерген жаңа буынның менеджер-практиктерін дайындау. Кәсіби және басқарушылық құзыретін қалыптастыру, тиімді ойлау мен оңтайлы шешім қабылдау дағдыларын оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби орындаушылық шеберлік
    Несиелер: 5

    Болашақ маманның музыкалық-орындаушылық шеберлікке оның көркемдік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде тәрбиелеу, музыкалық-орындаушылық шеберлігін дамыту негізінде педагогикалық және концерттік репертуармен өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту, музыкалық білім беру жүйесінде түрлі өнер салаларын бір-бірімен ұштастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Магистранттардың өз бетінше ғылыми жұмыстарды жүргізу, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін жүйелеу, кеңіту және бекіту. Ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру барысында тәжірибиелік дағдыларын дамыту; ғылыми зерттеулерді жүргізудегі отандық және шет елдік тәжірибиелерін зерттеу; мамандандырылған жұмыстың тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерді зерттеу; зерттеудің ғылыми әдістерімен танысу; деректерді өңдеу және анализдің әр түрлі әдістерін меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық психология және музыкалық білім берудің психологиясы
    Несиелер: 5

    Музыкалық білім беру процесінде музыкалық дамуының психологиялық ерекшеліктерін талдай білуі. Музыкалық психология пәнінің негізгі зерттеу бағыттары жөнінде түсінік беру. Қоғамның және жеке тұлғаның музыкалық санасының құрылымы, мазмұны, формалары мен деңгейлерін, музыкалық танымдық процестерді талдай білуі. Музыкалық білім берудің психологиялықаспектілерін айқындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық білім беру педагогикасы және психологиясы
    Несиелер: 5

    Пән музыкалық білім берудің психологиялық аспектілерін негіздеуді тұлғаның музыкалық өнерді игертудегі танымдық белсенділігін арттыратын оқу іәрекетін ұйымдастыру мен басқара білуін игертеді . Білім беру процесінде тұлғаның музыкалық дамуы мен қабілеттерін диагностикалау Білім алушының музыканы қабылдаудағы психологиялық шарттары мен механизмдерін зерттеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • ЖОО-дағы білім сапасын өлшеудің педагогикалық технологиялары
    Несиелер: 6

    Магистранттың кәсіби маман ретінде қалыптасу процесінде бағалаудың өлшемдік технологияларының маңызы және ролі туралы түсінік беру. Магистранттарға бағалаудың өлшемдік технологияларының теориялық негізінің мазмұнын ашу және өзін-өзі үздіксіз жетілдіруіне талпыныс тудыру, өзіндік кәсіби іс-әрекетінде бағалаудың өлшемдік технологияларының алынған білімдерін пайдалануға ынталандыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сахнадағы орындаушылық
    Несиелер: 6

    Орындаушылық қырындағы сахналық мәдениетін қалыптастыруға, концерттік репертуар таңдап жинақтауға, эстетикалық тұрғыда тыңдаушымен қарым-қатынасты сезінуге, әртістік қасиеттерді игеруге мүмкіндік береді. Орындаушылық қызметпен қатар, Қазақстан өнерін халықаралық деңгейде көрсетуге бағытталған коммуникативтік тәсілдерді тәжірибелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Концерттік орындаушылық
    Несиелер: 6

    Концерттік орындауға техникалық және орындаушылық, сахналық мінез-құлық пен эмоционалды тұрақты дағдыларын қалыптастыру. Концерттік орындаушылық орындаушының музыкалық шығарманы меңгеру деңгейін, дарындылық дәрежесін, психологиялық тұрақтылығын және басқа да факторларын анықтап тұлғалық қасиетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 6

    Құзыреттілік тəсілге негізделген тəрбиелеу мен оқыту тәжірибелері негізінде алған білімдерін өлшемдік бағалау технологияларымен ұштастыру. Білім беру үрдісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, оны жүзеге асыру тəсілдерін меңгеру. Оқу жетістіктерін бағалаудың сенімді, технологиялық жүйесін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Арнаулы пәндерді оқытудың әдістемесі мен әдіснамасы
    Несиелер: 6

    Арнайы пәндерді оқыту әдіснамасын меңгеру. Музыкалық шығарманың қарапайым-күрделі қағидаттарын меңгеру Орындаудың педагогикалық және әдіснамалық аспектілерін практикада оқыту. Қазіргі кезеңде арнайы пәндерді оқыту жүйесін сипаттай білу, оларды тәжірибеде қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Музыкалық компьютерлік технологиялар
    Несиелер: 6

    Музыкалық компьютерлік технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге негізделген. Музыкалық шығарманың ноталық жазбасын компьютер пернетақтасында жазып нотаға түсіруге үйрету. Тәжірбиелік жұмыстарында мульти-медиялық слайдтармен, аудио-видео жазбаларымен жұмыс жүргізуге машықтану. Финал, Сибелиус компьютерлік бағдарламаларымен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Музыкалық білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар
    Несиелер: 6

    Музыкалық ноталық редакторымен, аудио редакторлары түрлерімен жұмыс жүргізу арқылы музыкалық шығармаларды әрлендіру, дыбыстау, өңдеу әдіс-тәсілдерін меңгеру. Ақпараттық қоғам аймағында компьютерлік оқыту ісін дамыту және ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы заңдылықтардан тарайтын заманауи инновациялық технологияларды пайдалану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Музыкалық білім берудің әдістемесі мен әдіснамасы
    Несиелер: 6

    Курс мазмұнында музыкалық педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық сипаттамасын ғылыми негіздеу,тұтас әдіснамалық талдауды игеру қарастырылады. Педагогика саласындағы іргелі зерттеулердің жалпы болжамдары мен заңдылықтарын талдау. Музыкалық білім беру педагогикасындағы қолданбалы зерттеулер нәтижелеріне әдістемелік ұсыныстар жасау. Музыкалық педагогикалық зерттеулердің әдістерін игеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON4

    Қазақстандағы және шетелдегі музыкалық білімнің қалыптасуы мен дамуының негіздерін айқындайды, музыкалық педагогикадағы ғылыми ізденістің принциптерін, формаларын және тәсілдерін қолданады, тиімділігін ғылыми тұрғыда қарастырады, музыкалық педагогикадағы білім берудің әдіснамалық сипатын меңгеріп, теориялық маңыздылығын талдайды.

  • Код ON3

    Теориялық білімдерді практикада қолдана отырып, концерттік орындаушылықтың бағыттарын анықтайды және бағалайды. Концерттік-орындаушылық, музыкалық-ағартушылық және педагогикалық қызметтерді жоспарлап, ұйымдастырып, оны жүзеге асырады.

  • Код ON1

    Ғылым тарихы ұғымы мен философия құрылымы және оның заңдылықтары, шетел тілінде білім берудің халықаралық үлгісі, жоғары мектеп педагогикасының мазмұны мен мәні, оқытудың теориясы мен әдістемесі, адам психикасының даму заңдылықтары туралы білімі қалыптасады.

  • Код ON2

    Компьютерлік құралдарды меңгерудің заманауи әдістерін және ақпараттық технологиялар қызметтерін тәжірибеге енгізеді, бағдарламаларды пайдаланады және музыкалық білім берудің инновациялық технологияларын қолданады.

  • Код ON5

    Білім бағдарламасындағы пәндер бойынша игерген теориялық және практикалық білімдерін болжап, жұмыс өзектілігіне орай жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесін диссертация жұмысын қорғау арқылы дәлелдейді.

Top