Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01721 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Стилистика және әдеби редакциялау
    Несиелер: 5

    Студенттер түрлі функционалдық стилдерге тән тілдік құралдарды норма талаптарына сай дұрыс қолдана білуді меңгереді және мәтіндерге әдеби редакциялау жүргізу жұмысының әдістемесін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Білім алушылар мамандықпен қыр-сырымен танысып, педагогика негіздерін меңгереді, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығына деген құрметті қалыптастырады, әдіскер ғалымдардың еңбектерімен танысып, ғылыми-педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға лингвистиканың ғылым ретіндегі мәні, оның өзге ғылымдармен байланысы, тіл білімінің ішкі және сыртқы салалары, олардың проблемалары туралы терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: тілдің табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қоғамдық функциялары, тілдің құрылымы, құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы, тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары, тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тіл дамуына түрткі болатын процестер мен факторлар, тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелісі, тіл білімінің зерттеу әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - тіл дыбыстарын, тілдегі дыбыстық заңдар мен заңдылықтарды, тілдегі әр түрлі құбылыстарды зерделету, оларды терең түсіну үшін фонетикалық талдау әдістерін игерту. Негізгі тақырыптар: Қазақ тілінің фонетика және фонология салалары, олардың зерттеу нысандары, фонет8ика және фонология салаларының бірліктері мен өзіндік ерекшеліктері, қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері, қазақ фонетикасының құрылымы, зерттелім бағыттары, қазіргі қазақ фонетикасының ғылыми аппараты, қазақ тілінің жасалымдық қоры, сөйлеу мүшелері: актив және пассив мүшелер, екпін, оның тілдік табиғаты, үндестік заңы, тасымал, орфоэпия мен орфография туралы түсінік, қазақ тілінің интонациялық жүйесі және оның бірліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - оқушылардың дамуы мен өсуінің негізгі заңдылықтарын, жеке дамудың әртүрлі кезеңдерінде мүшелер мен жүйелердің қызмет ету ерекшеліктерін игерту, педагогикалық қызметте оқушылардың физикалық даму қабілеттілігін анықтау әдістерін және алған білімдерін оқыту мен тәрбиеде қолдануға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттану негіздері
    Несиелер: 5

    Әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны, негізгі салалары мен жанама тараулары, басты теориялық қағидалары мен ұғымдары туралы түсінік беріледі. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі, өлең құрылысы мен табиғаты, сюжет пен композиция ұғымдары түсіндіріліп, әдебиетті өнердің негізгі түрі ретінде қарап, оған тән басты ерекшеліктер айқындалады, шығарманың көркемдік, жанрлық және стилдік ерекшеліктері, суреткер шеберлігі сараланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің этимологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – жалпы тіл білімінің, оның ішінде тарихи лексикологияның арнаулы саласы этимология бойынша студенттерге филологиялық білім бере отырып, олардың лингвистикалық біліктілігін қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: Этимологияның зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері. Этимология пәнінің мақсаты мен міндеттері. Этимологияның пәнаралық сипаты.Этнолингвистиканың базалық ұғымдары. Этимологиялық зерттеулердің сүйенетін қағидаттары (фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, тарихи). Этимологияның өзекті мәселелері. Этимологияның негізгі салалары. Ғылыми этимология және халықтық этимология. Этимологиялық зерттеулердің ерекшеліктері мен ұстанымдары. Қазақ этнолингвистикасының зерттелуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 6

    Орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асыруда болашақ мұғалімдердің кəсіби- педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Болашақ мұғалімді даярлауда кəсіби педагогикалық іс-əрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс Экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өндірістегі еңбек қорғау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты өндірістік ортаның жағымсыз факторларын анықтау, адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғау, еңбек қызметінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау, кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздері мәселелері бойынша білім алушыларды даярлау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға сөздердің лексикалық жүйеде алатын орны, шығу төркіні, қолданылу қабілеті және фразеологизмдердің түрлі парадигмалары бойынша жүйелі ғылыми-теориялық білім беру Негізгі тақырыптар: Сөзге тән белгілер, сөз мағынасының ұғымнан айырмашылығы, мағынаның кеңеюі және тарылуы, метафора, метонимия, синекдоха. Сөздің лексикалық мағыналарының негізгі түрлері, лексика-семантикалық топтары, қосалқы аталымдары. Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары мен қолдану сипатына қарай бөлінетін түрлері. Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты. Лексикография. Этимология.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: Адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дағдылар мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәнерлеп оқыту және шешендік өнер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандарды алдағы педагогикалық қызметтің спецификалық талаптарына және жеке шығармашылық кәсіби мүмкіндіктеріне сәйкес сөйлеу мәдениетінің алуан түрлі міндеттерін шешуге дайындау, коммуникативтік, этикалық және нормативтік мәдениетті қалыптастыру. Білім алушылар пәнді игере отырып, сөз сөйлеу ерекшеліктері, лебіздің түрлері: ауызша және жазбаша, монолог және диалог, функционалды-семантикалық түрлері, лебіздің құрылымы, сөйлеу актілері және оның кезеңдері жайлы білімдерін кеңейтіп, тілдің стильдік құралдарын әдеби тілдің нормасына сай қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамти отырып оның ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты игерту. Негізгі тақырыптар: ауыз әдебиеті туралы түсінік, фольклордың жанрлары, этникалық тәсілдері мен құралдары, фольклордың зерттелу тарихы, халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы, шешендік сөздердің тарихи негізі мен зерттелуі, қазақ эпосының жанрлық құрамы мен көркемдік ерекшеліктері, ғашықтық жырлардың зерттелуі мен жанрлық ерекшеліктері, тарихи өлең-жырдың аражігі, дәуірлеу мәселесі, ол туралы ғалымдар пікірін салыстыру және тарихи жырлардың жанрлық, көркемдік ерекшелігі, айтыс және айтыс өнерінің зерттелуі, діни дастандар туралы түсінік, ғалымдар пікірі, олардың жанрлық, идеялық ерекшеліктері, балалар фольклорының жанрлық ерекшеліктері мен түрлері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ақын жыраулар поэзиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында білім алушылар хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің дамуын, қалыптасуын, әдебиетшілердің зерттеулерін, осы кезең өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын, қазақ әдебиетіндегі рөлдерін, туындыларының көркемділігін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - хандық дәуір әдебиеті-ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы,көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Мазмұны: Жыраулық поэзия-ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдің құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жырауылық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктерімен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Онда әсіресе, бұрын ауыз ідебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады. Аталған пәнде жыраулық поэзияның дамуы, жыраулар мұрасы және қазақ халқынығ елдік тарихы, жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшелігі хандық дәуір әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы арқылы оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құжаттама лингвистикасы
    Несиелер: 6

    Мемлекеттік тілде нормаға сәйкес іс-қағаздарды жүргізуді меңгереді, журналистика мамандығына қатысты қызметтік хаттар және олардың түрлерін ажыратуды үйренеді, ресми тіл-стилді сақтауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Курсты меңгерудің мақсаты: жалпы менеджмент теориясы саласындағы және оны білім беру салсында қолдану ерекшілігі бойынша білім деңгейін көтеру. Курсты оқып-үйрену білім берудегі инновациялық басқару тәжірибесінің тиімділігімен танысады, білім берудегі менеджменттің озық және инновациялық тәжірибесін зерттеуге шығармашылық ғылыми көзқарас қалыптастырады, басқарудың білім берудегі озық және инновациялық тәжірибесін практикалық қолдануға әдістемелік және технологиялық дайындауды қамтамасыз етеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – Абай шығармашылығын терең таныту, оның ұлттық әдебиеттегі маңызын зерделеу. Абай өмір сүрген қоғам, орта, өмірі мен шығармашылығы, ақын шығармаларының тақырыптық, жанрлық, идеялық ерекшелігі, қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы, ақындық мектеп және Абай дәстүрін жалғастырушылар туралы айтылады. Абай қарасөздері, оның жанрлық сипаты мен ерекшелігі, оның қазақ қоғамындағы орны зерделенді. Абайтану тарихы, ақын шығармашылығын зерттеушілер мен зерттеу еңбектері туралы мәлімет беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері мен отандық және шетелдік арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңдерін түсіндіру, олардың тәжірибелеріне талдау жасай отырып, дамуында әр түрлі ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу ерекшелігін меңгерту, инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Академиялық жазылымның теориясы мен практикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың талдамалық мәтіндік қызметке байланысты құзыреттерін қалыптастыру, қарым-қатынастың мақсаттары мен шарттарына қатысты ойлау алу, тілдің экспрессивті қажетті бірліктерін талдай білуге байланысты лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: академиялық жазылым және оның ерекшелігі, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, іс-қағаздарын жүргізу және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әдеби мұра және оны жалғастырушылар
    Несиелер: 5

    «Әдеби мұра және оны жалғастырушылар» пәні білім алушының ұлттық әдеби мұраларды оқытып оны жалғастырушылардың әдебиет тарихынан алатын орнын анықтауды әдеби-зерттеушілік, сыншылық қызметтерге бағыттаушы курс болып саналады.Курстың мазмұны білім алушыны әдебиеттанудағы бағыттарға, әдеби мұраның меңгерілуі мен оны жалғастырушылар жайлы толық ақпаратпен таныстырады. Оларға әлем әдебиеттануынының және ұлттық әдебиеттанудың қалыптасу, даму тарихынан мәлімет береді. Сөйтіп, әдебиеттанушылық білім шеңберін кеңейтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиеті тарихының бастаулары болып саналатын VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби мұралар, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік және әлеуметтік мәні жөнінде жан-жақты білім беру. Негізгі тақырыптар: ежелгі әдебиеттің даму кезеңдерінің (дәуірлерінің) ерекшеліктері, бағыты, заманымыздан бұрынғы аңыз-жырлар, Орхон ескерткіштері: «Білге қаған», «Тоныкөк», «Күлтегін», «Қорқыт ата» және Әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Рабғузи қиссалары тағы басқа көне түркі тілінде жазылған авторы белгілі көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік мәні және әлеуметтік, психологиялық мәні.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ педагогтарға бекітілген ережеге сәйкес қадам жасауға меңгерту, Болон процесіне сәйкес білім берудің бағалаудың критерийлерімен таныстыру, өлшемдік технологияларынан хабар беру, сонымен қатар бағалау арқылы білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, стимулын көтеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - қазіргі заман ағымына сай цифрлық білім беру форматын педагогика саласына енгізу арқылы қалыптасқан "педагогикалық дизайн" ұғымын кеңінен түсіндіру, пәнді оқыту барысында білім алушыларға білім берудің қазіргі парадигмасын, оқытудың табиғатын, мақсаттары мен әдістерін, процедуралары туралы жаңа идеялар тұрғысынан таныстыру. Қазақстандағы заманауи педагогикалық инновациялардың негізгі бағыттарына шолу жасайды, педагогикалық дизайн мен инновациялық педагогиканың базалық принциптерін игереді, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жағдайында болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігі дамиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХІХ ғасыр әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі және сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар мен әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар маңызын түсіндіру, осы дәуірдегі қаламгерлердің шығармашылығынан терең әдеби-теориялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы Шортанбай Қанайұлы толғаулары, заман шындығының айтылуы. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері шығармашылығы, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Ш.Жарылғасұлы, А.Азаматқызы шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - қазақ тілінің дамуы барысында қалыптасқан сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдерін, олардың теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымын, қазақ тіліндегі сөздердің жасалу заңдылықтарын үйрету, білім алушылардың базалық білімін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби аударма негіздері
    Несиелер: 5

    Әдебиеттануға қатысты көркем туынды жайлы теориялық, эстетикалық пайым – түсініктерді түпнұсқа мен аударма нұсқаларды талдау, салыстыру, салғастыру, байыптау, бағалау барысында практика жүзінде қолдана біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Генетикалық тіл білімі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – адамзат тілінің ілкі пайда болуы мен оның бүгінгі қызметінің негізгі принциптерін түсіндіру. Тіл пайда болуының материалдық және идеялық негіздері, олардың пайда болуы мен қызметі, өзара байланысы мәселелері. Адамзат тілі пайда болуының ғаламтанымдық негіздері. Тіл дыбыстарының жұп элементті табиғаты, пайда болуы. Базистік сипаттағы логикалық ұғымдар – тіл пайда болуының ең ілкі идеялық негіздері. Атау теориясы, тілдік таңбалар, тілдік негіздер және олардың тілде қызмет ету принциптері, жеке тілдік негіздердің ерекшеліктері, олардың өзара байланысы, тілдік таным жүйесі, ғаламның тілдік бейнесі тілдік таным тұрғысынан. Сөз таптарының пайда болуы мәселелері т.б. негізгі теориялық мәселелерді практикалық дереткер ароқылы терең генетикалық тұрғыдан, жүйелі түрде оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруін, сөз және оның формаларын, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдерін, амалдарын және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуін, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр сипаты жөнінде терең теориялық білім беру және тілдік тұлғаларға талдау жасай білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: грамматиканың салалары, олардың өзара байланысы, грамматикалық категория, шарттары, сөздерді таптастыру принциптері, зат есімнің лексика-семантикалық сипаты, сын есім сөз табы, ерекшеліктері, сан есім, түрлері, есімдік сөз табы, етістік сөз табы, ерекшеліктері, категориялары, үстеу, мағыналық топтары, еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер, шылау сөздер, өзіндік белгілері, одағайлар, оның түрлері, модаль сөздер, мағыналық ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тіл және мәдениетаралық коммуникация
    Несиелер: 5

    Тіл және мәдениетаралық коммуникация – тілдік, мәдени қарым-қатынас теориясы мен тәжірибесінің ерекше көкейкестілігін айқындайтын жаңа пән. Мәдениетаралық коммуникация проблемаларына қазір бүкіл әлемнің ынтасы ерекше ауып отыр. Оның жақсылы-жаманды себептері көп. Міне, осы мәселелерді студенттерге мамандықтарына сай түсіндіру, ұғындыру пәннің мақсаты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы және жазу тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту. Негізгі тақырыптар: қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктері, тіл дамуының негізгі кезеңдері, қазақ тілінің тарихына байланысты түркітану мен қазақ тіл біліміндегі зерттеулер, қазақ тілінің шығу тегі мен типологиялық белгілері, қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуы, фонетикалық жүйенің негізгі ерекшеліктері, тарихи лексикология мәселелері, қазақ тілінің тарихи сөзжасамын, тарихи морфология мен тарихи синтаксис мәселелері, жалпытүркілік лексика мен қазақтың төл лексикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • 3D технология және анимация жасау
    Несиелер: 4

    3D модельдеу негіздерін зерделеуді үйретеді; ғылыми-техникалық және шығармашылық әлеуетін дамытады; білім алушылардың шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін шыңдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қарауландыра отырып, ұлт тілінің қыры мен сырын үйреніп, жас ұрпаққа жеткізе білуге жол ашу. Негізгі тақырыптар: қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесі, сөз тіркесі парадигмасы, олардың өзіндік белгілері, басқа тілдік единицалардан айырмашылығы, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынастары, сөйлем синтаксисі мен оның түрлері, құрмалас сөйлемнің басты белгілері, оның жай сөйлемнен айырмашылықтары, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы тілдік амал-тәсілдер жүйесі, құрмалас сөйлем мен оның паратаксис, гипотаксистүрлері, төл сөздің түрлері мен төлеу сөздің айырмашылықтары, тыныс белгілерінің түрлерін, олардың қойылатын орындары, мәтін және күрделі синтаксистік тұтастық, оның белгілері, құрылымы, сөйлемдерді күрделі синтаксистік тұтастыққа біріктіруші тәсілдер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - кезең әдебиетіне қатысты теориялық білімдерді игертіп, әдеби фактілер мен теориялық ұғымдарды тарихи тұрғыда қарастыруды қалыптастыру; ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін білім алушыларға түсіндіре әдеби – теориялық білімдерін тереңдетіп, кезеңге қатысты әдебиеттанушылық – зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстыру, осы кезеңдегі әдеби даму, әдеби дамуға әсер еткен жағдайлар, сол кезеңдегі әдеби бағыттар, олардың ерекшеліктері, сол тұстағы қаламгерлер шығармаларының көркемдігі, өзіндік ерекшеліктері мәселелерімен таныстыру; Негізгі тақырыптар: ХХ ғ.басындағы қоғамдық өмір және әдебиет, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және әдеби бағыттар, ХХ ғасыр басындағы қазақ романдары, Діни – ағартушылық бағыттағы әдебиет өкілдері, Ағартушылық – демократтық бағыттағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және азатшыл бағыт, 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы туралы әдебиет, ХХ ғ. басындағы қазақ әдебетінің әдеби дамудағы рөлі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдарын, бастау көздерін, ғылыми ұстанымдарын, басым бағыттарын, мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың мақсат-міндеттері мен әдістемелік жүйесін, қазақ тілі бағдарламалары, оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен жүйесін, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық үдерісін меңгертіп, әдістемелік білім беру. Негізгі тақырыптар: Қазақ тілін оқыту әдістемесі-дербес ғылым саласы, қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің бастау көздері, ғылыми ұстанымдары, басым бағыттары, қазақ тілі бағдарламалары, оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен жүйесі, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық үдеріс ретінде ұйымдастырудың жолдары, қазақ тілін оқыту барысында пәнішілік, пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, сол арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық дүниесін байыту жолдары, қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі бағыттар мен ағымдар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиет тарихындағы аса маңызды кезең – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекшеліктерін, әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасу арналары, оған ықпал еткен жағдайлар, әдеби бағыттар ерекшеліктері, байланыстары, олардың әдеби дамудағы рөлі мен көркемдік ізденістер жайлы терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің маңызы, сипаты, ерекшеліктері. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасуы, ерекшеліктері. Әдеби бағыттар арасындағы байланыс, олардың қазақ әдебиеті дамуындағы орны. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдар әкелген жаңалықтар мен көркем ізденістер, олардың қазақ әдебиетін дамытудағы рөлі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға мектепте қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, практикалық дағдысын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, қазақ әдебиеттану салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесі, пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері, әлемдік педагогика ғылымындағы жаңа әдістемелер, білім берудің жаңа технологиялар, кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – студенттерге қазіргі заман тіл білімінің жаңа бағыттары мен салаларынан білім беру, жаңа лингвистикалық ойлау жүйесін дамыту. Пән қазіргі лингвистика проблемаларын айқындайтын функционалдық лингвистика, математикалық және статистикалық лингвистика, когнитивтік тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, нейролингвистика т.б. бағыттар мен салалардан терең филологиялық білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Психолингвистика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға психолингвистиканың сөйлеу үрдістерін, оның мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын, тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастыратын психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы ретінде меңгерту. Негізгі тақырыптар: Психолингвистиканың ғылыми пән ретінде сипаты. Психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі Сыртқы лингвистика салаларымен байланысы. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері. Адамның сөйлеу қызметі, оның зерттелуі. Сөйлеудің тууы және оның түсіндіріуі. Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісі. Психолингвистика пәніннен білім алу барысында студенттер мынадай құзіреттіліктерді меңгереді: психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі, сыртқы лингвистика салаларымен байланысы, психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушының танымдық, әкімшілік-басқару, әлеуметтік-еңбектік, арнайы-кәсіби, жоспарлау-ұйымдастыру, жобалық-конструктивті және ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шет елдердегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы, жанрлық, тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшелігі, оның өкілдері, зерттелуі туралы мәлімет беру. Негізгі тақырыптар: шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері мен даму үрдісі, шетелдердегі қазақ әдебиетінің зерттелуі және зерттеушілер, жанрлық, тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшелігі, шетелдердегі қазақ әдебиетінің негізгі өкілдері және олардың шығармашылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Диаспоралық әдебиет
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – ұлттық әдебиеттің үлкен шоғыры саналатын шет елдердегі қазақ әдебиетшілерінің шығармашылығымен таныстыру. Оның қалыптасуы, дамуы туралы түсінік беру. Пәнді игеру барысында білім алушылар Қытайдағы, Түркиядағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы және тағы да басқа шет елдердегі қазақ әдебиетін қалыптастырушы диаспора өкілдерінің мәдени-рухани өмірімен танысып, шығармашылығы туралы мағұлмат ала алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы мен эстетикасының негіздері
    Несиелер: 5

    Әдебиет теориясының дамуы және қалыптасу тарихын біледі. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдерін оқып түсінеді. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясын, әдебиеттің барлық қырларын жан-жақты ашып, көрсететін құралдарды шығарма талдауда қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды жеке тіл білімі (Қазақ тіл білімі) бойынша алған білімдерін қорыта отырып, оның бастау көздері мен теориялық негіздерімен таныстыра отырып. әлемдік тіл білімінің проблемаларымен байланыстыру, жалпы тіл білімінің теориялық-әіснамалық мәселелерінен хабардар етіп, терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: тіл білімінің теориялық мәселелері: тіл теориясының негізгі проблемалары, тіл білімінің бағыттары, оларың басқа ғылымдармен байланысы, лингвистикалық әдіс туралы ұғым, жалпы лингвистикалық және арнайы әдістер, тіл білімі тарихы: ежелгі заман тіл білімі, орта ғасыр тіл білімі, орта ғасырлық араб тіл білімі, қайта өркендеу дәуірі тіл білімі, ХVII-XIIX ғ.ғ. тіл біліміндегі ой-пікірлердің дамуы, XIX-ғасыр тіл білімі, XX-ғасыр лингвистикасы, қазіргі заман және қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы, жаңа бағыттары мен проблемалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл білімінің теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - тіл білімінің теориялық негіздерінен, негізгі ұғымдар жүйесінен, тілдің табиғаты, мәні, қоғамдық қызметі, тілдің құрылымы, қазіргі тіл ғылымының негізгі зерттеу бағыттары мен салаларынан теориялық білім беру. Пәнді меңгергеннен кейін студент тіл ғылымы жайлы теориялық тұжырымдарға қатысты өз ойларын айта біледі, пікірлерін дәлелдей алады; тіл біліміндегі жалпы ортақ ұстанатын қағидаларды сипаттайды; тіл құрылымы туралы теориялық түсініктерді жіктейді және салыстырады. ХІХ-ХХ ғасырда тіл ғылымының дамуын, тіл ғылымының бағыттарын, ұлтаралық тілдер байланысын жүйелейді. ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдағы тіл ғылымының шектесімін анықтайды. Тіл ғылымының басқа ғылым түрлерімен шектесімін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мультимедиялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Мультимедиялық технологиялар қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл курстың мақсаты-заманауи мультимедиялық технологиялар, мультимедиа құрамы, оларды білім беру процесінде қолдану, оларды қолданудың орындылығы мен қажеттілігі туралы түсінік беру. Мультимедиа негізінде жеке оқу құралдарын құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ әдебиет сыны тарихының жасалу, жүйелену, дәуірлеу мәселелері мен белгілі деңгейде әдеби сынның мақсаты мен шегін, әдеби процестегі алар орнын, сыни мақалалар мен көрнекті сыншы ғалымдардың шығармашылық ізденістерін, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді меңгерту. Негізгі тақырыптар:әдеби сын тарихының әдебиеттану ғылымымен, журналистикамен байланысы; әдеби сын жанры; типологиясы; қазақ сын тарихын дәуірлеу; сыни материалдарға, сыншы еңбектерін тарихи-хронологиялық жүйелеу; әр жылдардағы әдеби сын

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аударматану
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- аударманың табиғаты мен маңызын ұғындыру, қазақ сөз өнеріндегі көркем аударманың дамуы мен зерттелуін меңгерту. Курста- қазақ қаламгерлерінің аударматанудағы ізденістері, көркем сөз өнерінің даму ерекшеліктері қарастырылады. Білім алушылар қаламгер шеберлігінің сырларын игереді, көркем шығарманы талдай біледі, сөз өнерінің дамуы ұлт мәдениетінің өрістеуімен байланысты екенін ұғынады, елдер арасындағы әдеби байланыстың алтын көпірі, рухани құндылықтар алмасудың қайнар көзі аударматану болып табылатынына көз жеткізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақыметтану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – Ақымет Байтұрсынұлының қазақтың ұлттық ғылымының: қазақ тілі туралы ғылымы мен қазақтың əдебиеті туралы ғылымның көшбасшысы, реформаторы екенін ұғындыру, оның өмірі мен шығармашылығынан филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: Оқу-ағарту идеясы – А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. А.Байтұрсынұлы – ұлттық рухымыздың ұлы тіні. А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі мен қалдырған мұрасы А.Байтұрсынұлы жасаған қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтары. Қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымыздағы «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны мен маңызы. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы А.Байтұрсынұлы жасаған терминдері мен терминжасам үлгісі. А.Байтұрсынұлы және шешендік сөздің сапалық белгілері. А.Байтұрсынұлының түркология және әлем тіл ғылымындағы орны мен рөлі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерістерін түсіндіру, көркемсөз өнеріндегі ұлттық идеяларды жалпы адамзаттық идеялармен ұштастыра келе қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін қарастырып, көркем шығармашылықтың даму заңдылықтарын заман, уақыт ұсынған әлеуметтік мәселелермен сабақтастырып қарастырып терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен қазіргі кезеңгі қазақ әдебиетінің даму үрдістері, байланыстары, жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, негізгі өкілдері, олардың танымал туындылары, әдеби бағыттар мен ағымдар, қазақтың тарихи прозасы, лирикалық проза, қазіргі қазақ лирикасы, қазақтың философиялық лирикасы, қазіргі қазақ поэмалары, қазіргі қазақ сатирасы, қазіргі қазақ романдары, қазіргі қазақ повестері, қазіргі қазақ әңгімелері, деректі проза, қазіргі қазақ драматургиясы

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Алаш әдебиеті
    Несиелер: 4

    Әдебиеттегі Алаш идеясының тууы мен қалыптасуы. ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық тұжырымдамалар. Халық ақындар шығармашылығының дамуы. Алаш әдебиеті және әдебиеттің даму бағыттары. Қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындардың шығармашылығы. Ұлттық әдебиет және біртұтас Алаш идеясы. Әдебиеттегі Алаш идеясы. Ұлттық саяси күрестің әдебиеттегі көрінісі мен жаңа ағртушылықтағы бастамашыл істер т.б..

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілі стилистика ғылымының дамуы, қалыптасуы және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін бере отырып, студенттерге лингвистикалық стилистиканың бағыттары және негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функциональдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: Стилистика және тіл мәдениетінің жалпы мәселелері, стилистиканың жаңа бағыттары, стилистика және жалпы халықтық тіл, мәтін туралы ғылыми көзқарастар, тіл мәдениеті туралы түсінік, лингвистикалық стилистиканың тіл білімінің басқа салаларымен арақатынасы, тіл мәдениеті және стилистикалық қателер, ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы, ғылыми стиль, терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар, публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі, тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданылысы, грамматикалық стилистика, құрмалас сөйлем стилистикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің арналары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретінде мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. Қоғамның аса қажетті қатынас құралы тілдің ұзақ жылдар бойы жұмсалу тарихында оны пайдаланушы ел-жұрттың талай заманды бастан кешіріп, талай асулардан асқан тарихында оның өн бойына елеулі өзгерістер енеді. Тарихи даму белестерінің бір кезеңінде тіл тек қарым-қатынас құралы қызметінде ғана емес ерекше әлеуметтік-саяси, экономикалық өрлеудің де қызметін атқарады. Ол тілді пайдаланушы халықтың еңсесі биік, озық ойлы мәдениеттің белгісі. Қазақ әдеби тілінің арналары жөнінде осы күнге дейін қазақ тіл білімінде тұрақты пікірдің жоқтығына орай бұл мәселені анықтаудың әрі қиын, әрі күрделі екенін ескере отырып пікір қалыптастыруға да болмайды. Бұл пәнді енгізудегі негізгі мәселе де осында.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шығыс әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі мақсаты – студенттерді шығыс әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Шығыс әдебиетінің aca үздік туындыларымен таныстыра отырып, олардың бір - бірінің рухани мәдениетіне қосатын, толықтыратын, байытатын үлес салмағының жаңаша мазмұн- мәнін айқындап, орнықты сұранысқа жол сілтеу. Қазақ әдебиетінің өзге халықтар көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын, тарихи тамырластығын танып-білу. Қазақ әдебиетінің шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы рухани байланыстың нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асқанына кеңінен тоқталу және осы дәстүрдің даму жолдары мен қайнар бастауларын анықтау. Мазмұны: Көне Үнді, Қытай, Иран, Араб әдебиеттері тарихы, сондай-ақ жапон, түрік әдебиеттері мен шығыс классикасы әдебиеттері үлгілері талданып, мазмұны таныстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы және диалектологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға ұлт тілінің ең жоғары формасы әдеби тілінің даму жолын, нормалануын, тарихи кезеңдері бойынша түсініріп меңгерту, өзге де жалпыхалықтың тіл түрлерімен салыстыра қарап, ерекшеліктерін, тарихи арналарын ұғындыру. Негізгі тақырыптар: әдеби тіл ұғымы, сипаты, қоғамдық қызметі, әдеби тілің нормалары, әдеби тілдің көркем әдебиетпен, функционалдық стилдермен арақатынасы, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы және даму кезеңдері, ол жөніндегі көзқарастар, қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналар, қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы дәуірлер, әдеби тілдің нормалануы мен стилдік тарамдалуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту мақсаты - төл және әлем әдебиеттері тарихынан білімі, белгілі дәрежеде әдеби- теориялық ұғымы бар соңғы курс білім алушыларының көркемдік-эстетикалық білімін жетілдіру, жаңа теориялық ұғымдармен, категориялармен толықтыру, әдебиет және өнер жайлы ой-пікірлермен, ғылымның тарихымен жан-жақты таныстыру, осылардың негізінде олардың әдеби-эстетикалық, теориялық танымын қалыптастыруға ықпал ету. Әдебиет теориясы пәнін меңгеру арқылы әдеби шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін жете түсінеді. - Негізгі тақырыптар: Әдебиет теориясы – ғылым. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері, Шығарма идеясы мен қаламгер дүниетанымының өзара бірлігі, Өнердегі типтілік мәселесі, Тақырып және идея, Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні, Композиция мен сюжет, мазмұн мен форма, Көркем шығарманың құрылысы, Әдебиетті текке, түрге бөлу принциптері, Сюжет пен фабула, Жанр ұғымы, жанр теориясының даму жайы, Әдебиеттің тегі мен түрлері, Эпикалық шығарма ерекшеліктері, Лирикалық шығарма ерекшеліктері, драмалық шығарма ерекшеліктері, Әдеби процесс-әдеби даму, Әдеби бағыттар мен ағымдар, Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Алаштың тілдік мұрасы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ ғылымының, оның ішінде, тіл білімінің қалыптасу бастауында тұрған Алаш қаламгерлерінің, ғалымдарының тіл туралы еңбектері туралы филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: Алаш зиялыларының тілтанымдық бағыттағы еңбектері. Алаш оқымыстыларының зерттеулеріндегі ұлттың рухани өркендеуіндеу мәселелері, ондағы тілдің орны, тіл табиғаты мен заңдылықтары, әдістеме, терминология, әдеби тіл сияқты т.б. проблемалар. Алаштың зиялы қауым өкілдері тарапынан айтылған ой-пікірлер өміршеңдігі мен, өзектілігі игеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Web-бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Сайттарды серверге орналастыру және пайдаланушының қарым-қатынасына мүмкіндік беретін клиент тарапында орындалатын ActiveX, JavaScript, VBScript сияқты интерактивті технологиялар және сервер жағында орындалатын CGI, ASP, PHP, SSI технологиялары мен скриптілік программалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • 3D модельдеу және 3D визуализация
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушыларға компьютерлік графиканың заманауи әдістері мен құралдарын, заманауи автоматтандырылған жобалау жүйесінде AutodeskAutoCAD 2D сызбалары мен 3D-модельдерін жасау және редакциялау бойынша тәжірибелік дағдыларды игерту. Заманауи ақпараттық технологиялардың негіздерімен, олардың даму үрдістерімен танысыды, заманауи үшөлшемді графиканың (Autodesk AutoCAD және Autodesk 3ds MAX) редакторларымен кәсіби жұмысқа дайындалады, үшөлшемді графиканы өңдеу, түзету, жасау және визуализациялау бойынша негізгі мәліметтер алады, сонымен қатар кәсіби қызметте заманауи ақпараттық технологияларды қолдану бойынша ұсыныстар беру алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты - білім алушы қазақ тіл білімінің түркі тілдері ішіндегі зерттелу деңгейі біршама жоғары, кемелденген, теориялық-методологиялық негіздері сараланған ғылыми сала екендігін, негізгі тұжырымдары мен бағыттарын біледі. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәнін, тілдің табиғатын, қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті, әдебиеттегі көркемдік ізденістер, жаңа тақырыптар мен жанрлық ізденістер, әдебиет және қоғам мәселелері туралы бағыт-бағдар беру. Негізгі тақырыптар: тәуелсіздік дәуіріндегі туындылардың жанрлық ерекшеліктері, көрнекті қаламгерлердің шығармашылық-зертханалық болмысы, қазақ әдебиетінің Тәуелсіздік дәуіріндегі туындыларын әлем әдебиеті әдеби үдерісі жүйесінде дәстүр сабақтастығы, поэтикалық үндестік, қазақ поэзиясяның жаңа белестер, тәуелсіздік жылдарындағы проза жанры, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркем аударманың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - көркем аударма теориясы мен практикасының ерекшелігін, құпияларын игеріп, шеберлік, аудармашы шеберлігі мәселелері сырын, көркем аудармадағы бейнелілік табиғатын талдауға үйрету, көркемөнер және көркем аударма теориясындағы аса өзекті мәселелерді зерттеуге баулу, көркем аударма өнеріндегі талдаудың жүйелілігі мен заңдылықтары,түрлері мен тәсілдері туралы білімдерін жинақтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Веб-технология негіздері: сайттар, қосымшалар және интерфейстер
    Несиелер: 5

    Білім алушылар cандық қорды пайдалану негізінде ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытады, білім алу сатысында графикалық бейнелеу, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көпкөмегін тигізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі шығыстық дәстүр
    Несиелер: 5

    Әр халықтың ақын-жазушылардыц шығармаларын коркемдік ерекшелігіне қарай даралап зерттей біледі. Классикалық туындыларды оқу кезеніде адамгершілік парасаты, гуманистік-имаңдылық тағлымына, көркемдік – эстетикалық танымына қарай жіктей отырып әдеби талдау мен стиліне, тақырыбы мен сюжетіне, композициясы мен тіл көркемдігіне ерекше назар аудара отырьш, ой толқыны мен образдар бедерін түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON7

    Мinor бағдарламасы арқылы қосымша дағды қалыптастырады. ғылыми және кәсіби мүдделеріне сәйкес алған білімдерді кәсіби қызметте қолданады. Оқытуда инновациялық педагогикалық технологияның теориялық негіздерін біледі.

  • Код ON6

    Қазақ тіл білімінің құрылымдық салалары мен оның қалыптасу, даму тарихын біледі, түсінеді.

  • Код ON8

    Қорытынды аттестаттау барысында алған теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қолданады, өз көзқарасын білдіреді және дәлелдей алады.

  • Код ON5

    Тіл білімінің салалары, тарихы, əдебиеттің даму кезеңдері туралы жетік біледі, басқа білім салаларымен өзара байланыста қолданады.

  • Код ON1

    Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.

  • Код ON2

    Адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын, жеке дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі мүшелер мен жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктерін біледі. Педагогикалық іс-әрекетте дене дамуын анықтау әдістерін, алған білімдерін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қолданады.

  • Код ON3

    Базалық білімнің негізгі пәндері бойынша кәсіби дағдыларды, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді, сұрыптауды және талдауды, бағдарлық сыныптарда оқыту технологиялары мен инновациялық əдістерді игереді.

  • Код ON4

    Тіл білімінің теориялық, әдіснамалық негіздері бойынша алған білімдерін практикада қолданады, қазіргі ғылыми тұжырымдарды, әдебиеттанудың, қазақ әдебиетінің даму дәуірінің теориялық, практикалық мәселелерін түсіндіреді.

Top