Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04132 Экономика (1,5) в Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті

Оқыту нәтижелері

  • Сапалы нәтижелерді уақтылы алуға, тәуекелдерді анықтауға және кәсіпорын мен саланың бюджетін басқаруға бағытталған кәсіпорын мен саланы басқарудың заманауи әдістерін білуді көрсету;
  • Экономиканың нақты секторындағы инновациялық және инвестициялық процестерді, инвестициялық және инновациялық қызметті бизнес-жоспарлау негізінде жобаларды ұйымдастыру және басқару туралы білімді қолдану;
  • Ғылыми этикаға сәйкес халықаралық ғылыми деректер базасының ақпаратын пайдалана отырып, ғылыми әзірлемелерді практикалық қызметке енгізу тетігі туралы білім мен түсінікті көрсету, академиялық адалдық, педагогикалық және ғылыми этика қағидаттарының маңызын түсіну.
  • Экономикалық объектілердің қызметін ғылыми зерттеу және талдау әдістерін қолдану, ғылыми негізделген тұжырымдар жасау және өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың қажетті формаларын таңдау, басқару шешімдерін қабылдау, процестерді, жағдайларды сипаттау және болжау үшін модельдер құру және пайдалану, сонымен бірге олардың сапалық және сандық талдауын жүзеге асыру, экономикалық және құқықтық құбылыстардың өзара байланысын анықтау және пайдалану, жұмыста пайдалану субъектілердің экономикалық қорғалуы тұжырымдамаларын қалыптастырудың негізгі заңдылықтары мен жұмыс істеу негіздері;
  • Кәсіби қызметте және жоғары кәсіптік білім беру педагогикасы саласында заманауи психологиялық-педагогикалық теориялар мен әдістерді қолдану қабілеті мен дайындығын, өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіру және дамыту қабілетін, тұлғааралық қарым-қатынас және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын, көпшілік алдында сөйлеу, аргументациялау, пікірталас пен полемика жүргізу дағдыларын, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысты көрсету.
  • Аналитикалық және ғылыми-зерттеу қызметі шеңберінде операциялық қызметті басқару және қолданбалы міндеттерді шешу үшін заманауи технологияларды қолдана отырып, проблемаларды шешу мақсатында тұжырымдарды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіруді жүзеге асыру;
  • Кәсіпорынның (фирманың) шаруашылық қызметін ұйымдастыру және басқару, жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуге креативті ойлау және шығармашылық көзқарас, заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу саласындағы күрделі және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау білімі мен іскерлігін көрсету;
  • Бизнес және басқару саласындағы ғылыми және кәсіби терминологияны пайдалана отырып, кәсіби қызметтегі тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін шет тілінде ауызша және жазбаша нысанда қарым-қатынас жасау қабілетін көрсету;
Top