Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D07366 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Оқыту нәтижелері

  • Әр түрлі бетондарды өндіруде баламалы энергия көздерін қолданып, шикізаттарды термиялық өңдеу тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді меңгереді.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда, орындауда, халықаралық басылымдарда жарияланған ғылыми мақалаларды талдайды. Диссертациялық жұмысты рәсімдеуде академиялық жазудың ерекшеліктерін меңгереді.
  • Жаһандану және зерттелетін ғылым-білім саласындағы өңірлік ғылыми-зерттеу жұмыстарының идеялары мен болжамдарын анықтауда, теориялық негізде сараптама мен қорытындыларды дамытуда білімді көрсетеді
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру саласындағы ғылыми зерттеу әдістерін, технологияларды, даму процестері мен бағыттарын қолдануды меңгереді.
  • Мамандарға жеңіл бетондарды, техногендік және қалдық шикізатты қайта өңдеудің жаңа технологиялары туралы ақпаратты, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді нақты хабарлайды.
Top