Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B04202 Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер» білім беру бағдарламасының міндеттері: салалық және жалпы заң ғылымдарының мазмұнын білетін, мемлекеттік қызмет саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, сондай-ақ құқықтық нормаларды түсіну және түсіндіру тәсілдерін, оларды іске асыруды, заңды шешімдерді қабылдау және орындау рәсімдерін, құқықтық маңызы бар іс-әрекеттерді жасау актілерін білу. "Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер" білім беру бағдарламасының миссиясы, тұтынушылардың сұраныстарына жауап беретін және ЖОО-ның бейіні мен миссиясына сәйкес жүзеге асырылатын жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы
ҚР мемлекет және құқық тарихы
Мұсылман құқығы
Халықаралық қатынастар тарихы
Балалар құқығын қорғау
Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім модулі (Экономикалық теория және кәсіпкерлік негіздері/ Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет/ Экология/ Тіршілік қауіпсіздігі/ Ғылыми зерттеу әдістері)
Ювеналдық құқық
Мемлекет және құқық теориясы
-
2 Оқу жылы
ҚР Азаматтық құқық (жалпы бөлім)
ҚР банк құқығы
ҚР әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
ҚР қылмыстық құқық (жалпы бөлім)
ҚР еңбек құқығы
ҚР сақтандыру құқығы
ҚР қылмыстық құқық (ерекше бөлім)
ҚР азаматтық құқық (ерекше бөлім)
ҚР конституциялық құқығы
-
3 Оқу жылы
Халықаралық гуманитарлық құқығы
ҚР Мемлекеттік қызмет және басқару
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Қылмыстарды алдын-алу
Сотқа дейінгі тергеп тексеру
Мемлекеттік қызметті қалыптастырудың негізгі қағидалары
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы
ҚР құқық қорғау органдары
ҚР қылмыстық атқару құқығы
Рим құқығы
ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы
ҚР құқықтық саясат
Қазақстан Республикасындағы кадр саясатының конституциялық негіздері
-
4 Оқу жылы
Іс құжаттарын рәсімдеу
ҚР прокурорлық қадағалаудың әрекет ету негіздері
Адвокатура
ҚР прокурорлық қадағалау
ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы . Практикумы
Криминалистикалық практикум
Криминология
Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері
Заңдық хат
Криминалистика
ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Практикум
Бәсекелестік құқығы
Халықаралық арбитраж
Криминалистикалық техника негіздері
Оқыту нәтижелері
- Қазіргі ғылыми жетістіктерді талдауға және бағалауға қабілетті; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын қалыптастырудың негізгі тәсілдерін біледі; қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын құрудың білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді; құқық, экономика, экология ұғымдарының негізгі категориялары мен ұғымдарына сүйенеді.
- Жалпы ғылыми және жеке-ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, шет елдердің заңнама нормаларына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуге қабілетті; халықаралық ұйымдарда, халықаралық сот мекемелерінде және төреліктерде мемлекет пен жеке тұлғалардың мүдделерін білдіру.
- Қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қабілетті; қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу нормаларын іске асыруға байланысты шешімдерді негіздеуге және қабылдауға, іс-әрекеттер жасауға; қоғамдық өмірдің түрлі салаларында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу теориясы мен практикасын талдау; қылмыстың алдын алу және жолын кесу саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдар мен бөлімшелердің жұмысына басшылықты жүзеге асыру; қылмыстарды тергеудің техникалық-криминалистикалық құралдары мен әдістерін қолдану, қылмыстарды ашу және тергеу әдістерін меңгеру; зерттеудің заманауи криминологиялық әдістерін қолдана отырып, қылмыстың жай-күйіне, құрылымы мен динамикасына талдау жасау; заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
- Барлық негізгі құқықтық пәндер (материалдық және процессуалдық азаматтық құқық, жария құқық)бойынша базалық білімдерін көрсетуге қабілетті; жеке құқық саласындағы құқықтық тәртіпті, азаматтық айналымның тұрақтылығын, заңдардың құқықтық айқындылығын қамтамасыз ету; құқықтық құжаттарды әзірлеу және жасау, шарттық жұмыстар мен келіссөздер жүргізу, талап-арыз жұмыстарын жүргізу; мекемелердің қызметіне жан-жақты құқықтық қолдау көрсету, заңнама нормаларына сүйене отырып, дауларды шешу дағдыларын, шешендік өнерді қолдана отырып, әртүрлі инстанцияларда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру
- ҚР билік органдары қызметінің құқықтық негіздерін түсінуге қабілетті; шешімдер қабылдау және ҚР заңнамасына дәл сәйкестікте заңды іс-әрекеттер жасау және басқарушылық шешімдер қабылдау саласында кәсіби білімді қолдану; заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру; жеке адамды, қоғамды және мемлекетті қорғаудың құқықтық құралдарын, нормативтік құқықтық актілерді және құқық қолдану актілерін әзірлеу кезінде, сондай-ақ кәсіби әдеп нормаларын сақтай отырып, іскерлік заң құжаттарын дайындау кезінде қажетті сауатты заң жазуы мен заңдық дәлелдеу дағдыларын пайдалану; сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа төзбеушілік таныту
- Мемлекет және құқық жүйесі туралы негізгі ақпаратты құрастыруға қабілетті; мемлекеттік-құқықтық институттардың пайда болуы мен даму процесін, әлем елдерінің мемлекеттік билік құрылымдарының, институттары мен тетіктерінің эволюциясын, сондай-ақ мұсылман құқығын қоса алғанда, шет елдердің құқық жүйелерінің дамуын талдау; құқықтық ұғымдар мен санаттарды иелене отырып, құқық нормаларын түсіну, түсіндіру және талқылау; құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тетігін түсіну және қолдану, құқықтық шешімдер қабылдау үшін құқықтық қатынастарды сыныптау, салыстыру және талдау.