Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B09102 Ветеринарлық медицина в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В09102 - Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасының мақсаты-ветеринарлық медицина саласындағы еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті түлек-мамандарды даярлау, жұқпалы және жұқпалы емес этиологиядағы жануарлар ауруларының қазіргі заманғы диагностикасы, емдеу және алдын алу, ғылымның соңғы жетістіктерін ескере отырып, ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау саласында қажетті білімі мен практикалық дағдылары бар мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Специалитет
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 5 года
-
Кредиттер көлемі 300
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B083 Ветеринария
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
-
Білім беру саласы 6B09 Ветеринария
-
Дайындық бағыты 6B091 Ветеринария
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жануарлар цитологиясы, гистологиясы және эмбриологиясы
Жануарлар және құс анатомиясы - І
Жасушалық биология
Жануарлар және құс анатомиясы - ІІ
Жалпы химия
-
2 Оқу жылы
Мал шаруашылығы негіздері
Зертханалық іс
Латын ветеринарлық терминологиясы
Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім модулі (Экономикалық теория және кәсіпкерлік негіздері/ Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет/ Экология/ Тіршілік қауіпсіздігі/ Ғылыми зерттеу әдістері)
Физколлоидты және аналитикалық химия
Жануарлар физиологиясы
Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары
Генетика және селекция
Ветеринариялық микробиология және вирусология
Мал азығы және азықтандыру
Ветеринарлық генетика
Жануарлар биохимиясы
-
3 Оқу жылы
Фармакология
Патологиялық физиология
Ветеринарлық медицинадағы IT
Ветеринариялық иммунология
Ветеринариядағы компьютерлік технологияларды қолдану
Жануарлар ағзасының табиғи резистенттілігі
Ветеринариялық гигиена және санитария
Клиникалық және қолданбалы балау
Токсикология және токсикологиялық талдау
Жануарлардың патологиялық анатомиясы
Ветеринарлық акушерлік
-
4 Оқу жылы
Ветеринариядағы менеджмент
Ветеринарлық гинекология және андрология
Жануарлардың ішкі ауруларының клиникалық диагностикасы - І
Ветеринарлық кәсіпкерлік
Ветеринариялық радиобиология
Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық диагностикасымен - ІІ
Індеттану және жұқпалы аурулар
Ветеринарлық жалпы хирургия
Паразитология және инвазиялық аурулар
-
5 Оқу жылы
Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық диагностикасымен - ІІІ
Ветеринарлық жедел хирургия
Карантиндік індеттер
Шекара мен көліктегі ветеренариялық санитариялық бақылау
Санитариялық микробиология
Ветеринариядағы биопрепараттар
ЕО елдерінен мал шаруашылығының экспорттық-импорттық өнімдеріне қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар
Мал өнімдерінің сапасын сот сараптамасынан өткізу
Ветеринариялық-санитариялық сараптау
Жануарларға арналған азықтарды ветеринариялық санитариялық бақылау
Ет және сүт өнімдерін өндіру объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Микробтар мен вирустардың морфологиясын, физиологиясын, генетикасын және экологиясын, қоршаған ортаны бағалаудың микробиологиялық және вирусологиялық әдістерін біледі. Жануарлар ауруының инфекциялық басталуын анықтай алады. Инфекциялардың пайда болу жағдайлары мен ағымын, иммунитеттің қалыптасу және тұрақтылық заңдылықтарын, биопрепараттар және оларды дайындау әдістер туралы біледі. Инфекциялық аурулардан қорғаныс қалыптастыру мақсатында жануарларға қолданылатын препараттарды біледі.
- Емдеу-профилактикалық іс-шараларды кеңінен қолдана отырып, жануарлар ауруларын анықтау мақсатында диагностикалық және терапиялық техниканың заманауи әдістерін меңгеріп қолданады, жануарларды қабылдаудың теориялық және практикалық негіздері мен қағидаларын біледі, жануарлардың жұқпалы емес және инфекциялық аурулар симптомдарын білуге құзыретті.
- Қазіргі ғылыми жетістіктерді талдауға және бағалауға қабілетті; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын қалыптастырудың негізгі тәсілдерін біледі; қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын құрудың білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді; құқық, экономика, экология ұғымдарының негізгі категориялары мен ұғымдарына сүйенеді.
- Іскерлік және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерін біледі, ветеринариялық қызмет саласында осы тілдерде құжаттарды сауатты рәсімдей алады. Қазақ, орыс, латын және ағылшын тілдерінде мал мен құс ауруларының атаулары, мал дәрігерлік терминологиясының дұрыс жазылуы мен айтылуының ерекшеліктерін меңгереді.
- Диагностиканың заманауи әдістерін меңгерген, жануарлар арасында инфекциялық және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралуының мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыруға қабілетті, аурулармен күресу шараларын біледі, шектеу және карантиндік іс-шаралардың ұйымдастырылуын, халықты антропозооноздық инфекциялардан қорғау шараларын біледі, продуктивті емес жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларын емдеу және алдын алу әдістерін біледі.
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясын пайдалануда, ауыл шаруашылығы жануарларын іріктеу тәсілдерінде, тұқымды жетілдіру және өсіру, табынды молықтыру және төл өсіру әдістерінде құзыретті. Тұқым қуалайтын материалдың биологиялық, генетикалық және морфологиялық мәні және жануарлардың әр түрлі ауруларға тұқымқуалаушылық төзімділігін арттыруды қолданады.
- Мал шаруашылығындағы негізгі гигиеналық нормативтер мен талаптарды, жануарлардың өнімділігін арттыру гигиенасын, жануарлар мен құстарды сою алдында және сойғанан кейін ветеринариялық-санитариялық тексеру әдістемесін қолданады, жануарлардың инфекциялық, инвазиялық, жұқпалы емес аурулары мен уланулары кезінде өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама және санитариялық бағалау жүргізу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыруды біледі.
- Зертханалық ветеринариялық құралдарды, жабдықтар мен аппаратураларды қолдана алады, инфекциялық және инвазиялық аурулардың пайда болуына диагностикалық зерттеулер жүргізе алады. Зерттеу нәтижелері мен диагноздың негізінде емдеу және алдын-алу шараларын ұсына алады. Әр түрлі ауруларды зертханалық дифференциалды диагностикада IT технологияларды қолдана алады.
- Химиялық процестер ағымының негізгі заңдылықтарын, дәрілік заттардың әр түрлі формаларын дайындау әдістерін біледі, жануарлардың морфо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ем тағайындай алады, дозаларын есептейді және дәрілік заттарды қолданудың тиімді тәсілдерін анықтай алады, ғылыми негізде емдеуге арналған препараттарды таңдай алады, улар мен улы заттардың токсикодинамикасы мәселелерінде білікті.
- Әртүрлі жануарлардың анатомиясының даму заңдылықтарын, ағзадағы физиологиялық және биохимиялық процестердің барысы туралы алған білімдерін қолдана алады. Бақыланатын фактілерді баяндау және нәтижелерді талдайды, ветеринария негіздері саласында өз идеяларын қалыптастырады және нақты ұсыныстар арқылы оң нәтижеге жетеді.
- Жануарлардың несеп-жыныс жүйесінің морфологиясы мен физиологиясында алған білімдерін қолдана алады және ұрпақты болу қызметінің бұзылуының негізгі себептері мен ағымын анықтай алады. Ерте гинекологиялық ауруларды анықтау мақсатында несеп-жыныс жүйесінің ауруларын диагностикалауда заманауи әдістерді қолданады, қажетті емдік және профилактикалық шараларды жүргізе алады. Босану кезінде акушерлік көмек көрсетуде сауатты, малды қолдан ұрықтандыру әдістерін біледі.
- Ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру, ветеринариялық қызметтер мен бөлімшелердің жұмысын перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру қабілетіне ие. Ветеринариялық қызметтің экономикалық дамуын бағалау және болжау, ветеринариялық қызметтің тиімділігін бағалай алады. Ветеринариялық қадағалау объектілеріне бақылауды ұйымдастыру және ветеринариялық қызметтің тауарлары мен қызметтерін ілгерілету үшін байланыс жүйесін құру бойынша құзыретті.
- Ішкі аурулардың әртүрлі даму кезеңдерінде анықтау мақсатында диагностиканың классикалық және терапиялық жабдықтар арқылы заманауи әдістерін қолданады. Қажетті шұғыл ветеринариялық көмек көрсете алады, жануарларды емдеу кезінде теориялық негіздер мен ережелерін біледі, жануарларға хирургиялық операциялардың әр түрін жүргізуге құзыретті.
- Экспорттық-импорттық қозғалыстар кезінде ветеринарияда бақыланатын тауарлар мен объектілердің сапасын анықтауда теориялық және практикалық дағдыларды қолдана алады, жануарларды және басқа да тауарларды өңдеу және карантиндеу техникасы мен әдістерін біледі. Ол азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінде құзыретті, жануарлардың тағамдық құндылығын анықтау әдістерін біледі, уәкілетті сарапшы ретінде белгілі бір сараптамалар жүргізуге және қорытынды беруге құзыретті.