Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03239 Журналистика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Журналистикаға кіріспе

    Пән журналистика және оның қоғамдағы миссиясына қатысты негізгі ұғымдар мен терминдерді қарастырып, журналистика, медиа, бұқаралық коммуникация, журналистика миссиясы, принциптері мен категриялары, алғашқы ұғымдары мен медиа әліппесі туралы дағдылар береді. Білімгер журналистика мен оның қоғамдық миссиясына байланысты қоғамның, ғылымның және бұқаралық ақпарат құралдарының даму факторлары, әдіс-тәсілдері мен принциптері туралы түсінік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңалықтар журналистикасы

    Пән ақпарат жинау мен оны жазу жолдарын үйретіп, журналист қызметінің негізгі және жауапты бөлігі - ақпарат жинауды оқытады. Сапалы ақпаратты қалай алуға болатынына, оны қалай пайдалану керектігіне баулиды. Студент мақаланы қалай бастау, оны қалай жазу, қалай аяқтау керектігін жан-жақты түсініп, болашақ журналистің бойына жақсы мақала дайындау, жаңалықтар әзірлеу, хабарға ақпарат жинап, көпшілікке ұсыну машықтарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Журналистика тарихы

    Пән Еуропа, Америка, Азия, Африка елдері журналистикасының даму тенденцияларынан мәлімет беріп, шетелдік БАҚ-тың экономикалық негізін, бұқаралық ақпарат құралдарының монополиялану процесін, шетел және қазақ журналистикасының тарихын, даму кезеңдерін оқытады. Білімгер шетелдік күнделікті басылымдардың типологиясымен танысып, сапалы басылымдар, сарыжағал басылымдар, аралас басылымдар, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдардың әр елдегі ерекшеліктерін үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (B2)

    Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистика жанрлары

    Пән қазіргі мерзімді баспасөзде жаңа медиа жанрларының қалыптасу процесінің ерекшеліктерімен таныстырады, жетекші қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі негізінде олардың ерекше сипаттамалары мен даму тенденцияларын қарастырады. Білімгер жанрлық шекаралардың синкреттілігімен сипатталатын қазіргі заманғы медиа мәтіннің ерекшеліктерін үйренеді, дәстүрлі және мультимедиялық журналистиканың негізгі теориялық және практикалық сипаттарын, жанрлық түрленуін, жаңа медиа жанрларын оқып біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ата-түрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Радиожурналистика

    «Радиожурналистика» пәні студенттерді радионың теориясы мен тәжірибесінің негізімен таныстырады. Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі радионың заман талабына сай дамуына нақты талдаулар жасалады. Сондай-ақ, кеңестік замандағы радиохабарларын тарату, хабарларды дайындау ерекшелігімен қатар, қазіргі заманғы радиоарналардың жаңаша жұмыс тәсілдерін теориялық негізде меңгеруге бағытталады. Білімгер радио мәтіндерін құрудың заманауи технологияларын үйреніп, радиохабар әзірлейді, монтаждайды, эфирге шығарады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудру дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Медиаэтика және құқық

    Пән журналисттің бойына күнделікті шығармашылық жұмысының барысында қолданыстағы заңдарды басшылыққа алу қабілетін қалыптастырады. Ақпарат жинау, оны жазу, орналастару және журналистік еңбектерді жарыққа шығару білімін үйретеді. Білімгер журналистер басшылыққа алатын заңдар мен халықаралық құжаттармен танысып, заң аясында жұмыс істеуге қажетті дағдыларды қалыптастырады, медиаэтика нормаларын үйреніп, құқық қағидаттарымен оқып танысады. 5

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тележурналистика

    «Тележурналистика» пәні студенттерді теледидардың теориясы мен тәжірибесінің негізімен таныстырады. Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі мен телевизияның заман талабына сай дамуына нақты талдаулар жасалады. Сондай-ақ, кеңестік замандағы телехабарларын тарату, хабарларды дайындау ерекшелігімен қатар, қазіргі заманғы телеарналардың жаңаша жұмыс тәсілдерін теориялық негізде меңгеруге бағытталады. Білімгер телевизия мәтіндерін құрудың заманауи технологияларын үйреніп, телехабардар әзірлейді, монтаждайды, эфирге шығарады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Медиа дизайн

    Пән студенттерге газет пен журналды беттеуге қажетті компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу жүйесін таныстырады. Басылымдар макетін жасаудағы бағдарламалармен қалай жұмыс істеу дағдысы үйретіледі. Білімгер СогеlDRAW, inDesign, Photoshop, PageMaker графикалық бағдарламаларының артықшылықтары, қалай жұмыс жасау қажеттігі жөнінде түсінік алып, студенттердің мерзімді басылымдардың дизайнын толықтай игеруіне бағыт алады, дизайн жасауға қажетті дағдыларды игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Радио және телехабар жасау технологиясы

    Пән радио мен телевизиядағы монтаждың жасалу жолдарын үйретеді. Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары: бейне, дыбыс, сөз, музыка арқылы сюжет әзірлеу процесі оқытылады. Студенттерге бейнематериалдарды іріктеу әдіс-тәсілдерін үйретеді, монтаждың жасалу бағдарламаларымен таныстыруға бағытталады. Білімгер телерадиорежиссер жұмысының ерекшелікеріне қатысты мәселелерді оқып үйреніп, радио және телехабар жасау технологиясын, фильм түсірудегі режиссердің, хабар әзірлеудегі радиорежиссердің қызмет сипатын оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медиаменеджмент

    Пән болашақ журналистердің редакциялар мен телеарналарды басқарудағы жаңа технологияларын меңгертеді. Олардың жұмыс стилдерін талдай алуына, менеджерлік шеберліктің, редакция жұмысының қыр-сырын игеруіне бағытталады. Білімгер менеджмент туралы біртұтас түсінік алып, теориялық-әдіснамалық білімді кеңейту және шетелдік және қазақ тәжірибесін ескере отырып, цифрлық маркетинг саласындағы кәсіби дағдыларды бекіту дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғаммен байланыс

    Пән баспасөз қызметі ұсынған мәліметтер мен ақпараттар арқылы билік басындағылар мен бизнес өкілдеріне жоспар құруға, жалпы аймақтық немесе халықаралық жағдайларды бағамдауға тәжірибе алуға бағытталады. Білімгер SMM машықтарын меңгере отырып, жаңа посттар жазады, конкурстар ойлап табады, графиканы таңдайды, пайдаланушылардың пікірлеріне жауап беруді үйренеді. Қоғаммен байланыс машықтарын игеріп, жаңа форматта жұмыс істеу дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мультимедиялық және конвергентті журналистика

    Мультимедиялық журналистика пәні журналистік материалды жеткізудің негізгі бағыттарын оқытады. Фото, видео, мәтін, инфографика, интерактив – барлығын мультимедиа форматында ұғындырады. Білімгер ортақ мағына, мақсат, тақырып, идея және мәселе ұсыну кәсіби дағдыларын үйренеді. Конвергентті журналистиканың қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі екенін үғынып, кәсіби білім дағдыларын қалыптастырады. Мультимедиялық және конвергентті журналистика тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ журналистикасының тарихы

    Пән қазақ журналистикасы тарихының «ақтаңдақ» тұстарын қайта қарап, кезінде нақақ жаламен жабылып қалған басылымдар туралы мағлұмат береді. Оқыту барысында, қазақ халқының жазба мұрасы оқу-оқыту процесіне орай ғылыми айналымға түсіп, тарихи саралауымызға қолайлы мүмкіндік беруге бағытталатыны қарастырылады. Білімгер Еуропа, Америка, Азия, Африка елдері журналистикасының даму тенденцияларын қазақ журналистикасының тарихымен салыстыра оқып білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңа медиа

    Пән соңғы технологиялар арқылы журналистиканың жаңа бағытында жұмыс жүргізуді үйретеді. Дәстүрлі медианың дамуына технологиялардың ықпалы, медианың жаңа түрлерінің пайда болуы, технологиялардың озық түрлерінің пайда болуы журналистика деген ұғымды жаңа мазмұнмен және жаңа пішіндермен қарастырады. Білімгер интернет жүйесіндегі ақпараттар тасқынын реттеп, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында кешенді жұмыстар жүргізу дағдысын игереді, жаңа медиа жанрларын оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңалықтар қызметі және ақпарат агенттіктері

    Пән Қазақстанның жаңа әлеуметтік-саяси жағдайындағы отандық ақпараттық телехабар тарату мәселелерін кешенді зерттеудің толық және егжей-тегжейлі тәжірибесін оқытады. Қазақ теледидарындағы қазіргі жағдайдың теориясы қарастырылады. Курс телеарналардың жаңалықтар қызметіне және қазақ ақпараттық агенттіктерінің тәжірибесіне арналған. Білімгер агенттіктерінің тарихы, олардың екі ғасырға жуық дамуы, ұлттық медиа жүйедегі маңызы туралы білім алады. Жаңалықтарды өндіру технологиясын егжей-тегжейлі түсінеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Web-дизайн

    Пән компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, медиа өнімді безендіруде көркемдік элементтерді дұрыс қолдануды меңгертеді. Курстың міндеті - оларды әдемі және пайдаланушыға ыңғайлы ету. Бұл digital-дағы ең көп сұранысқа ие мамандықтардың бірі, ол бірнеше жобаларды бір уақытта жүргізуге және әлемнің кез келген нүктесінен қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Білімгер қазіргі цифрлық технология тәжірибелеріне сай медиа дизайнының қыр-сырын білуге машықтанады, digital теорияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • .Мәдениетаралық коммуникация

    Мәдениетаралық коммуникация пәні мәдениетаралық қарым-қатынас процесін, оның шарттарын оқытады. Бұл пәнде мәдениетаралық ұғым қарастырылады, қарым-қатынас, мәдениетаралық теорияның негізгі ерекшеліктері, коммуникациялар, пәнаралық байланыстар, осы пәннің тарихы, мәдениетаралық саладағы білімді қолдану салалары қарастырылады. Білімгер мәдениетаралық ұғым қағидаттарын, қарым-қатынас, мәдениетаралық теорияның негізгі ерекшеліктері, коммуникациялар, пәнаралық байланыстар туралы білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәліметтер журналистикасы

    Пән ақпарат беру үшін қоғамдық қолжетімді мәліметтер базасын, яғни статистикалық мәліметтерді, графиктерді, тізімдерді, карталарды және т.б. пайдалана отырып, материал дайындауға үйретеді. Data-журналистика - журналистиканың жаңа түрі. Деректер өмірдің кез келген саласына: экономика, саясат, ғылым, білім және т.б. қатысты болуы мүмкін. Пән мәліметтер базасын пайдалануды үйретуге бағытталады. Білімгер ашық дереккөздер базасын пайдалану арқылы журналистік проблемаларды зерттеудің инновациялық әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эфирде сөйлеу шеберлігі

    Пән жазбаша және ауызша публицистикалық мәтінді түсіну дағдыларын қалыптастырады, басылымдық мәтіннен түрлі деңгейдегі ақпаратты, телевизиялық публицистиканы (сұхбат, ток-шоу, авторлық бағдарламалар) және жаңа түрдегі коммуникативтік ортадан (блогтар мен постылар) алу және түсіндіру дағдысын меңгертеді. Курсты оқу барысында студент - қоғамдағы идеологиялық, әлеуметтік және жеке маңызды мәселелер мен процестерді түсіну және талдау білімдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Копирайтинг және мәтін стилистикасы

    Пән студенттердің копирайтинг арқылы тіл, стиль сияқты журналистік шеберліктің маңызды жақтарына ден қоюына ықпал етеді. Газет-журнал материалдарының, телевизия және радио хабарларының тілдік, стильдік ерекшеліктерін саралай білуге үйретеді. Білімгер жарнамалық мәтіндерді, мәтін стилистикасын құрастыру негіздері бойынша теориялық және практикалық материалды оқып, атап айтқанда, жарнамалық мәтіндер мен Pr-texts түрлерінің стилистикалық және жанрлық ерекшеліктері копирайтинг мысалында оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Фактчек

    Фактчекинг тек журналистиканың құралы емес. Бір кездері ол қадағалаушы журналистика мен тергеу істерінің бөлігі болған. Қазір фактчекинг журналистиканың шекарасынан асып, аудиторияның медиасауаттылығын арттыратын маңызды әдістемелік құралға айналды. Ол дезинформациямен күрескенде сөз бостандығы принципін бұзбайтын жалғыз құрал. Студенттерге жалған жаңалықтар феномені қызметінің табиғаты, эволюциясы және заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; жалған ақпаратпен, ақпараттық манипуляциялармен, жалған жаңалықтармен күресу қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Саяси журналистика

    Пән еліміздің әлемдік деңгейдегі саяси орнын, болып жатқан саяси оқиғаларды көрсетудегі бұқаралық ақпарат құралдарының формалары мен әдістерін оқытады. Пәнді оқу барысында студенттер БАҚ-тың үкіметтік құрылыммен, саяси ұйымдармен, басқа да саяси субьектілермен өзара ақпарат алмасуын ұйымдастыру және сараптай білу қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Іскерлік журналистика

    Пән экономикалық тақырыптарға студенттердің салалануына ықпал жасайды. Экономика төңірегінде мәліметтер жинақтап, халыққа ұсынатын кәсіби сала мамандарын әзірлейді. Білімгер іскер журналистер ұсынған мәліметтер мен ақпараттарды билік басындағылар мен бизнес өкілдері құрған жоспар арқылы, жалпы аймақтық немесе халықаралық жағдайларды бағамдау арқылы қажетті дағдыларды игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Фотожурналистика

    Пән фотосуретті негізгі ойды білдіру құралы ретінде қолданатын журналистиканың ерекше түрі фотожурналистика жайында мағлұмат береді. Фотосуреттің басқа жанрларынан қандай қасиеттерімен ерекшеленетіні оқытылады. Оқиғаның даму контектісінде хронологиялық мәнге ие объективтілік шарты бүкпесіз, шынайы түсіруі бағытыгнда оқытылады. Білімгер фото арқылы ақпарат беріп, оқырманға оқиға барысын жеткізуді үйренеді, фотосурет түсіруді, фото арқылы ақпарат беруді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Интернет медиа жобасы

    Пән интернет жобасының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қазіргі қоғамдағы жаңа медианың артықшылықтарын үйретеді. Интернет бүгінгі ақпарат алудың сенімді де жедел көзі екенін ұғындырады. Білімгер адамдардың өмір суруіне, оның ақпарат алуына ceптiri тиетін жаңа жүйелерді осы пән арқылы оқып танысады, ақпараттық жаңалықтарды пайдалануды, жазуды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арт-журналистика

    Пән арқылы студенттер арт-журналистиканың пайда болуы, ерекшеліктері, маңызы мен қажеттілігі, жанрлық-тақырыптық ерекшеліктері, тарихи жағдайы, арт-журналистиканың сыни мектебі, ағарту дәстүрі, қазіргі заманғы медиафеномен ретіндегі орны жайындағы мағлұматтардан хабардар болады. Білімгер Қазақстанның арт-журналистикасы жайлы мәліметтерді үйренеді, мәдениет және өнер журналистикасының қыр-сырын меңгереді, арт-журналистика дағдыларын оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистика психологиясы

    Пән журналистика заңдылықтарын, сұхбат берушімен журналист әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктерін көрсету және кәсіби құзіреттілік, ақпарат жасау, ұйымдастыру, басқару заңдылықтарынан хабардар етеді. Білімгер нәтижесінде мұның барлығын журналистік қызметтің тиімділігін, өміршеңдігін анықтауды түсіне отырып құзырет алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық журналистикаcы

    Пән журналистің күнделікті шығармашылық жұмысының барысында қолданыстағы заңдарды басшылыққа алу қабілетін қалыптастырады. Заң тақырыбында ақпарат жинау, оны жазу, орналастыру және журналистік еңбектерді жарыққа шығару дағдысын игереді. Пәнді оқыту барысында студенттер журналистер басшылыққа алатын заңдар мен халықаралық құжаттармен танысып, заң аясында жұмыс істеуге қажетті дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Телевизиялық сценарий негіздері

    Пән сценарий жазу дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер драматургия тарихын және драманың негізгі формаларын зерттейді, пән медиа саласында қабылданған сценарийді рәсімдеу форматтарын білуге бағытталған. Білімгер сценарий жоспарын әзірлеу әдістемесін игеріп, сценарийлік-режиссерлік жүрісті іздестіруді, сценарийлердің типтерін және олардың сипатты белгілерін оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистика социологиясы

    Пән журналистика социологиясының ғылыми және оқу пәні ретіндегі әдістемесін, құбылысты социологиялық талдау әдістерінің журналист еңбегіндегі қолданылуы мәселелерін қарастырады. Білімгер жалпы журналистикадағы, аймақтық баспасөздегі социологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы нақты мысалдармен оқып үйпенеді, социологиялық талдау әдістерін медиа мысалында зерттеп дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Телеоператор шеберлігі

    Пәннің мақсаты болашақ журналистер мен телевизия мамандарын қазіргі заманғы тележүргізуші жұмысымен таныстыру. Тележүргізуші шеберлігінің басты қағидалары үйретіледі. Теориялық білімін толықтыру және нақты тәжірибеден өткізу құзыреттіліктерін қалыптастырады. Пән аясында студенттерді тікелей эфирдегі сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық шеберлікке, кәсіби біліктілікке, шешендікке, ұйшқыр ой қалыптастыруға баулуға ден қояды. Тележүргізушінің негізгі қырларына тоқталып, тележүргізуші қызметін нәтижелі үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Телерадио жобасы

    «Телерадио жобасы» пәні студенттерді радио мен теледидардың теориясы мен тәжірибесінің негізімен таныстырады. Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі радио мен телевизияның заман талабына сай дамуына нақты талдаулар жасайды. Білімгер телерадиодағы әр түрлі бағыттағы жобаларды дайындау ерекшелігімен танысады. Жоба жасау барысындағы қажетті құзіреттерден ақпарат алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорт журналистикасы

    Пәннің мақсаты студенттерді спорттық тақырыпқа бейімдеу. Спорттық бағыттағы басылымдар, арнайы бағдарламалар немесе салалық бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасайды. Соңғы уақытта спорт тақырыбындағы материалдарға сұраныс артқан. Пән қоғамдағы спорт мәселесін халыққа шынайы әрі көркем де бейнелі етіп жеткізудегі шеберлікті шыңдауға бағытталған. Пәнді оқу арқылы болашақ журналистер спорт тақырыбының қыр-сырына қанығып спорт саласына мамандану болмақ.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мамандану практикумы І

    Пән кәсіптің қыр-сырын жаңадан үйреніп жүрген жас журналистерге мамандық сырын үйретеді. Түрлі бағыт, түрлі медиа, түрлі жанрда бақтарын сынап көруді оқытады. Осылайша медиада журналистің назарына іліккен тақырыптар аясында кәсіптік білім береді. Білімгер пән арқылы шығармашылық мамандану кәсібінде сай салалап білім алады, кәсіби дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этножурналистика

    «Этножурналистика» курсы – этникалық журналистиканың ерекшеліктерін, оның сипаты мен мазмұнын оқытады. Қазақстандағы көпұлтты медиакеңістік студенттерге тарихи-теориялық зерттеу тәжірибесін, көпұлтты халықтың әлеуметтік-этникалық ерекшеліктерін зерделеуге көмектеседі. Студенттер этникалық қатынастар мен этнологияларды, негізгі ұғымдар мен категорияларды, Қазақстанның ұлттық саясатының ерекшеліктерін және оның бұқаралық ақпарат құралдарындағы публицистикалық материалдардағы көрінісін оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Радио хабарларын монтаждау

    Пән радиода берілетін хабарларды монтаждау процесімен таныстыруға бағытталған. Эфирдегі жүргізушінің жеке өзінің, ал кейде оның студия қонағымен әңгімесі сараланады. Теориялық негізге сүйенсек, журналистің жеке әңгімесі радиокомментарий журналистің өзін әйгілі етіп таныстыруы үшін емес, қоғамдағы құбылыстардың мәнін ашып көрсетіп, айқын түсіндіру үшін жасалуы керек екендігін үйретеді. Білімгер радио хабарларын монтаждау шеберлігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Телемонтаж шеберлігі

    Пән студиядағы технологиялық құралдар арқылы телемонтаж жайында жанжақты мағлұмат береді. Оның кино өндірісіндегі классикалық үлгісі негіз ретінде алынады. Телемонтаждың ерекшеліктері мен олардың өзіндік табиғатын меңгертеді; БАҚ-ғы техникалық құралдардың қалыптасу, даму кезеңдері жайлы толық мағұлмат береді. Білімгер теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануды үйреніп, кәсіби зерттеу дағдыларын қалыптастырады, телемонтаж шеберлігін оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мамандану практикумы ІI

    Бұл пән «Мамандану практикумы І» курсының жалғасы. Кәсіптің қыр-сырын меңгерген жас журналистерге салалық журналистика арқылы мамандық сырын үйретеді. Кәсіби журналистиканы, журналистердің кәсіби шеберханасын оқытады. Білімгер медиада журналистің назарына іліккен тақырыптар аясында кәсіптік білім алады. Студент пән арқылы шығармашылық мамандану кәсібінде сай салалап білім алады, кәсіби дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • - Цифрлардың шынайылығы мен материалда келтірілген дата-деректердің дұрыстығын растап журналистік этика мен құқықтық нормаларын сақтайды
  • - Сценарийге лайықтап өңдеп материалдардың эфирлік нұсқаларын ұйымдастырады
  • - Медиа техникасының әдістері мен технологиясын қолданып, журналистік жарияланымдардың құрылымдық композициясын әзірлейді
  • - Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • -Қоғам өміріндегі өзекті оқиғаларды жаңа медиа форматында жариялауды ұйымдастырады
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • - Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
  • - Журналистиканың әлеуметтік ортадағы белсенділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер жұргізеді
  • - Кәсіби қызмет бағытына сәйкес журналистік этиканы сақтап, сараптамалық-ақпараттық материалдар әзірлейді
  • - Әртүрлі жанрлардағы хабарларды газетте, телевизияда, радиода, әлеуметтік желілерде әзірлеу үшін аудио, бейне құрылғылармен жұмыс жасайды
  • - Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • - Ізі суымаған оперативті жаңалықтар негізінде шұғыл репортаждар жасайды
Top