Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02123 Актерлік өнер в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Рөліне қажетті театр нысандарында қолданылатын костюм, декорация, грим, реквизит және сахнаның техникалық қондырғыларымен жұмыс істейді.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Актерлік өнер заңдылықтары мен драматургияның алғашқы қадамдарын зерттеп, танымал өнер өкілдерінің драматургиялық шығармаларын талдайды.
  • Театр тарихын зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, спектакльді эстетикалық құбылыс ретінде зерттеу әдістемесін, актерлік және режиссерлік өнерді, сөйлеу өнерін, драма мен сахнаның өзара ықпалын тәжірибе барысында қолданады.
  • Актердің пластикалық дамыған дене аппаратының кәсіби дағдыларын меңгеріп, би өнері және сахналық сайыс техникасын жетілдіреді.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Актерлік тренинг әдістерін жетілдіріп, рөлді құруда шығармашылық шешім тауып, және шығармашылыққа қажетті психофизикалық күй арқылы көркем бейнені жасайды.
  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен қаржылық сауаттылығын қолданады.
  • Дауыспен жұмыс жасау барысында сөйлеудің мәнерлі мүмкіндіктерін және вокалдық техниканың әртүрлі әдістерін игеріп, көркем мәтіндердің әртүрлі жанрларында авторлық сөзбен жұмыс істейді.
  • Қазіргі және әртүрлі дәуірлердегі музыкалық мәдениеттің, театрдың эстетикалық принциптері туралы алған теориялық білімдерін пайдалана отырып, сахналық образ жасайды.
  • Бірыңғай көркемдік идея аясында шығармашылық ұжымда режиссермен, серіктестермен және сахналық топтың басқа мүшелерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатады.
  • Репертуарлық жоспарларды және театрдың шығармашылық қызметінің басқа да мәселелерін талқылауға қатысады.
Top