Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D04102 Мемлекттік және жергілікті басқару в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қоғамның саяси трансформациясы жағдайында мемлекеттік менеджмент саласындағы стратегиялық тәсілдерді ғылыми негіздеуге және аналитикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D071 Мемлекеттік және жергілікті басқару
-
Білім беру саласы 8D04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 8D041 Бизнес және басқару
Пәндер
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қоғамдастықта зерттелетін тақырып бойынша ғылыми ізденістерге шолу жасайды, ғылыми көзқарастарды түсіндіреді, ғылыми проблемаларды талқылайды, ғылыми-зерттеу және қолданбалы міндеттерді шешуде жаңа идеялар жинақтайды.
- Өңірлік экономиканың даму үрдістерін талдайды, жағымсыз құбылыстардың белгілерін анықтайды және себептерін түсінеді, ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына аймақаралық салыстырмалы талдау жүргізеді.
- Ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу әдістемесін қолданады, ғылыми мақалалар, баяндамалар жазады, зерттеулердегі, оның ішінде ағылшын тілінде жазылған ғылыми деректерді түсіндіреді, зерттеу коллаборациясы шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.
- Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге жобалық және бағдарламалық-нысаналы тәсілді енгізу дәрежесін бағалайды, экономиканың салааралық секторларын дамыту тұрғысында ұлттық бағдарламалар мен жобаларды негіздейді.
- Экономика және мемлекеттік басқару саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді талдайды, өзекті проблемалар мен олардың шешімдерін тұжырымдайды, ұтымды коммуникациялық саясатқа жағдай жасайды.
- Экономикалық жүйенің жұмыс істеу жағдайларын сипаттайды, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, мемлекеттік саясаттың экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін анықтайды.
- Жоғары мектепте басқару пәндерін оқыту әдістерін, ғылыми зерттеу үдерісіне оқыту әдістерін қолданады
- Түрлі басқарушылық шешімдерді тұжырымдайды, алынған нәтижелерді түсіндіреді және ұсынымдар әзірлейді.
- Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын жобалайды, олардың тиімділігін бағалайды, мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жүргізеді.