Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11314 Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі логистика в Лев Борисович Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Көліктік қызмет көрсету саласында теориялық, практикалық және басқарушылық дағдыларды меңгерген, интернационалдық ұжымда жұмыс істеуге, жиынтық шығындардың минимумын, қызмет көрсетудің жоғары сапасын және көліктік - логистикалық жүйенің барлық элементтерінің интеграцияланған өзара іс - қимылын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру-басқару қызметімен айналысуға қабілетті, көлік секторы үшін жоғары білікті мамандар даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B095 Көлік қызметтері
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B113 Көлік қызметтері

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Логистикалық нарықты маркетингтік талдау негізінде нарықтық стратегияларды әзірлеу
  • Көлік кешеніндегі басқару процестерін оңтайландыру және инновациялық дамыту құралы ретінде заманауи ақпараттық, цифрлық және зияткерлік технологияларды пайдалану
  • Мақсаттағы техникалық сызбаларды орындауға және оқуға, өндіріске конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды дайындауға алған білімдері мен практикалық дағдыларын қолдану
  • Көлік кешенінде ғылыми-зерттеу, әлеуметтік, экономикалық және маркетингтік қызметті қалыптастыру және жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жинау, талдау, іздеу және өңдеу
  • Көліктік-логистикалық қызметтер нарығында тасымалдау сапасын қамтамасыз ету мақсатында жолаушыларды тасымалдау мен жүктерді жеткізудің оңтайлы сызбаларын әзірлеу.
  • Жеткізу тізбегіндегі техника-технологиялық үрдістерді оңтайландыру үшін логистикалық жүйелерді және көліктік-логистикалық инфрақұрылым нысандарын жобалау.
  • Компанияның, автожол саласының, көліктік экспедиция қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын, мемлекеттік органдардың актілерін қолдану
  • Одан әрі кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде пәндік, психологиялық, әдістемелік, әлеуметтік-гуманитарлық, экологиялық, экономикалық білім жүйесін қолдануға қабілетті
  • Жүк және коммерциялық операцияларды орындау бойынша жұмысты жоспарлау, тасымалдаудың үздіксіз технологиясын және тасымалданатын жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Көлік түрлерінің ұтымды өзара әрекетін, тасымалдау кезінде қалалар мен аудандардың көлік кешендерінің жұмысын ұйымдастыру.
  • Жол жағдайларын қозғалыс қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруге, жол апаттары туралы статистикалық мәліметтерді талдауға, жол - көлік оқиғаларын болдырмау үшін көлік кәсіпорнының жұмыс жоспарларын құруға қабілетті
  • Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес логистикалық жүйелердің жаһандануы жағдайында сыртқы сауда жүктерін жеткізудің көліктік үрдістерін басқару.
  • Арнайы кәсіптік және ғылыми терминологияны пайдалана отырып, тұрмыстық және кәсіптік қарым-қатынас жасау, іскерлік хат алмасу мен іс қағаздарын жүргізу үшін қажетті көлемде кәсіби қазақ (орыс) және шетел тілдерін қолдану
  • Көліктік тапсырмаларды шешуде математиканың, физиканың негізгі заңдылықтарын жүргізуді қолдану.
  • Қорларды басқару, тасымалдау, сақтау, өңдеу, орау, қызмет көрсетудің әртүрлі модельдері мен әдістерін қолдану
Top