Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04175 Қаржы в Халықаралық көлік және гуманитарлық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлемдік қаржы нарығының даму тенденциясының қазіргі қаржы жүйесінің жай-күйі мен перспективалық міндеттерін түсіну .
  • Қаржы жүйесінің өзектілігін түсіну және анықтау, ҚР Конституциясының негіздерін, Қазақстан Республикасындағы және халықаралық қатынастардағы шаруашылық процестерді реттейтін заң нормаларын білу
  • Шет тілі бойынша монологтық және диалогтық нысанда кәсіби ауызша қарым-қатынаста білімін көрсетеді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі нысандары мен түрлері бойынша, оның ішінде шет тілінде ресми құжаттаманы ресімдеу дағдыларын дамытады.
  • Қаржының өзекті мәселелерін түсініп, негіздей білу .
  • Өлшеу технологияларын жүргізу үшін өлшеу әдістері мен құралдарын қолданады, олардың нәтижелерін түсіндіреді және кәсіби деңгейде қорытынды жасайды.
  • Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыруға, логикалық ойлауды дамытуға ықпал ететін магистратура бағдарламасының іргелі және қолданбалы пәндерінің базалық білімін меңгеру.
  • Экономикалық процестер мен құбылыстарды сипаттайтын қаржылық көрсеткіштерді есептеу мен талдаудың заманауи әдістерін, қаржылық көрсеткіштерді өңдеу және талдау әдістерін меңгеру. Жаңа тәсілдерді әзірлеуді талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы мәселелерді шешу.
  • Басқару психологиясы тұрғысынан өмірлік және кәсіби жағдайларды бағалайды; өзінің әлеуетін және ұжымын дамыту үшін басқару психологиясы бойынша білімді тиімді пайдалану.
  • Экономикалық процестер мен құбылыстарды сипаттайтын қаржылық көрсеткіштерді есептеу мен талдаудың заманауи әдістерін, қаржылық көрсеткіштерді өңдеу және талдау әдістерін меңгеру. Жаңа тәсілдерді әзірлеуді талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы мәселелерді шешу.
  • Оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді, педагогикалық қызметті жүргізу дағдыларына ие болады, білім беру саласында жаңа инновациялық технологиялар мен тәсілдерді меңгеру және педагогикалық практикаға енгізу.
  • Белгісіздік пен тәуекел жағдайында қаржылық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешім қабылдау дағдыларын меңгеру
  • Ғылым және кәсіби қызмет саласындағы ең озық деңгейде әлемдік, саяси, әлеуметтік білімді білу; осы саланың ең озық шегінде тұрған жаңа күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу үшін арнайы білімді пайдалану; қызметті дамыту үшін қажетті ақпаратты бағалау және іріктеу.
  • Кәсіпорын қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, кәсіпорын қызметін тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету
  • Кәсіпорынның активтерін басқару, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруды іздеуді қамтамасыз ету.
Top