6B04245 Құқықтану в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Теориялық білімі мен қолданбалы дағдылары бар, көшбасшылық қасиеттерін көрсете алатын және заң қызметінің нақты салаларында, оның ішінде әлемдік стандарттар деңгейінде кешенді міндеттерді кәсіби түрде шеше алатын жоғары білікті заңгерлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР Конституциялық құқығы
Пән Қазақстан Республикасының конституциялық жүйенің негіздерін, адамның және азаматтың мәртебесін, мемлекеттік құрылымды, мемлекеттік билік органдарының жүйесін, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәртебесін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұратын құқық саласын үйретеді. Курс барысында білім алушы нормативтік құқықтық актілердің өзара әрекеттерін талдауға, конституциялық-құқықтық қатынастар бойынша алған білімін негіздей алуға, түрлі тәжірибелік құқықтық мәселелерді шешу үшін қажетті нормаларды қолдана білуге машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекет және құқық теориясы
Пән мемлекет және құқық ұғымын, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам мен ондағы құқықтық жүйені, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілікті, мемлекет пен құқықтың қоғамдық-саяси институттар ерекшеліктерін қалыптастырады. Курс барысында білім алушы теориялық ережелерді қолдану, құқықтық ұғымдар мен санаттармен жұмыс істеу, құқықтың әртүрлі салаларының нормаларын тәжірибеде қолдану дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Отбасы құқығы
Пән отбасы құқығының негізгі нормалары мен қағидаларын, отбасылық құқықтың жекелеген институттарын, құқықтық реттеудің ерекшеліктерін, ерлі-зайыптылар мен балалардың және отбасының басқа да мүшелерінің құқықтарын қамтамасыз етуді, отбасы заңнамасын қолдану тәжірибесін зерттейді. Курста білімгер отбасылық құқықтың институттар мен құқықтық мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау, өз бетінше отбасы және оның басқа да мүшелерінің құқықтарын қамтамасыз ету барысында шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілеттін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қылмыстық құқық (жалпы бөлім)
Пән қылмыс құрамының барын дәл анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы не қоғамға зиянды мән-жайлардың бар не жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды дәлме-дәл қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, жасалған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің мәнін және дәрежесін зерттейді. Курста білімгер қылмыстық заңнаманың нормаларын түсінуге, даулы мәселелердегі өз ұстанымдарын дәлелді және әдістемелік тұрғыдан негіздеуге, қылмыстық-құқықтық мәселелерді заңды түрде бағалауға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азаматтық құқық (жалпы бөлім)
Пән азаматтық құқық субъектілері мен объектілерді, мүліктік емес жеке құқықтарды, мүлікпен байланысты құқықтарды, заңдарда көзделген жағдайларды құқықтық қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық құқықтық қатынастарды үйретеді. Курста білімгер нарық тұтынушыларының сұраныс талаптарына сәйкес білікті құқықтық заманауи қызмет дағдыларын, жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық актілер мен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Икемді дағдылар
Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азаматтық құқық (ерекше бөлім)
Пән шарттардың нақты түрлерін, зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді, мұрагерлікті, зияткерлік меншік құқықтарды, шарттарды жасаушы тараптардың түсінігін, мазмұнын, мәнін, түрлерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, шарттарды жасау тәртібі мен рәсімін үйретеді. Курс барысында білімгер мүліктік қатынастардың жекелеген түрлерін реттейтін құқықтық нормаларды сақтау, азаматтық құқықтың жекелеген институттарының ерекшеліктерін талдау арқылы туындаған дауларды шешу кезінде құқықтық нормаларды қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қылмыстық құқық (Ерекше бөлім)
Пән қылмыстық құқық бұзушылықтың жеке түрлерін, қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығын зерттейді. Курс барысында білімгер қылмыстық заңның нормаларын сыни көзқараспен талдуға, қылмыстық-құқықтық жағдайларды заңды түрде бағалай алуға, нақты жағдайлар мен олармен байланысты туындайтын қылмыстық-құқықтық қатынастарды заңнамаға сәйкес нақты шешімдер қабылдауға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
Пән әлеуметтік қамсыздандырудағы қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейіне (қарттық, денсаулық жағдайын, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу) байланысты тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір тұрақты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін және қалпына келтіру құқық нормаларын зерттейді. Курс барысында білімгер қоғамның рухани құндылықтары мен әлеуметтік және еңбек даулары бойынша сот практикасын бағалау қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология құқығы
Пән экологиялық-заңдылық нормалардың қоршаған ортаны қорғауды, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын алуды, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыруды, қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттерін, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қатынастарын зерттейді. Курста білімгер экологиялық құқық қатынастарын сауатты қолдану, экологиялық заңнама жүйесін қолдануда құқықтық заманауи қызметін көрсету қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбек құқығы
Пән ҚР-ң еңбек қатынастарының реттеу мәселелерін, құқық жүйесінің дербес кешенді құқық саласын, ҚР-сы мен таяудағы шетел мемлекеттердің еңбек заңының түсінігін, әдісін, қағидаларымен жүйесінің құрылымын, сондай-ақ Қазақстан мен шет елдердегі еңбек қатынастарының даму тарихы мен диалектикасы сияқты мәселелерді зерттейді. Курсты меңгеруде білімгер еңбек құқығы институттарының нормаларын талдау, еңбек қатынасында туындаған мәселелерге кәсіби бейімделу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әкімшілік құқық
Пән қоғамдық қатынастарды басқару аясындағы мемлекеттің билік ету функциясын атқаратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың атқарушы билікке қатысу процесін, мемлекеттік басқарудың негіздемелерімен байланысты мәслелерді, атқарушы өкіметтің жүйесін, жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы ролін зерттейді. Курс барысында білімгер мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің қызметін жетене білу, әкімшілік құқық субъектілері мен атқарушы билікті жүзеге асырудың құқықтық нысандарын сауатты қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зияткерлік меншік құқығы
Пән зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері бойынша туындайтын қарым-қатынастардың құқықтық реттеуді және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дараландыру құралдарына теңестірілген қатынастарды пайдалану және оларды заңнамалық тұрғыда қорғау үшін құқықтық қатынастар мазмұнын зерттейді. Курсты меңгеруде білімгер зияткерлік меншік құқығы объектілерін құқықтық реттеу, зияткерлік меншік субьектілеріне қатысты ақпараттық технологияларды меңгеру, көшбасшылық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Прокурорлық қадағалау
Пән прокуратура мемлекет атынан Республика аумағындағы заңдарды, Президент Жарлықтарын, нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуын, сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-iздестiру қызметiн, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды, кез келген заң бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шараларды жүзеге асыруды зерттейді. Курста білімгер ҚР-ң егемендік құқығын сақтау, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саяси құқықтық заңдылық бірлігін нығайту, заңның жоғары қадағалау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қылмыстық іс жүргізу құқығы І
Пән қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғауды, тергеуді, сотта қарау бойынша анықтауды, алдын ала тергеуді қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесуді, қылмыстық заңды дұрыс қолдануды зерттейді. Курста білімгер қылмыстық іс жүргізу тәртібі мен іс жүргізуге қатысушылардың мәртебесін сауатты қолдану, дәлелдеу мен мәжбүрлеу шараларын қолдану, іс қозғауға және тергеуге байланысты іс жүргізу нормаларын қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азаматтық іс жүргізу құқығы І
Пән сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары мен әдісін, азаматтық із жүргізу құқықтық қатынастар мен іс жүргізу әрекеттерінің құқықтық қалыптасу процесін зерттейді. Курс барысында білімгер іс жүргізу құқығы нормалары мен реттелген азаматтық процессуалдық әрекеттер жиынтығына негізделген материалдық және заңдық қатынас субьектілерінің құқықтық мәртебесін тану, өз саласында құқықтық шешімдерін сауатты қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салық құқығы
Пән салық заңнамасының маңызды актілерін білуді, құқықтық жүйе институты ретінде салық құқығының теориялық негіздерін, салық құқығы жүйесін, кодификациясын, құрылымын, құқықтық принциптер мен институттарды теориялық негіздеудегі салық салудың дамуына байланысты мемлекеттік басқаруды, бақылау мен бюджеттің кірістілігін қамтамасыз етуді зерттейді. Курс барысында білімгер салық құқығы саласындағы тәжірибені саралау, салық режимдерін анықтау, салық саласындағы өзекті проблемаларды талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қылмыстық атқару құқығы
Пән құқықтық түзеу әрекеттерін қолдану және жазаны атқаруды, жаза атқарушы тұлғалардың құқықтық жағдайы мен сипаттамасын, жаза атқарушы мекемелер мен органдардың және олардың персоналдарының жүйесін, сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты жаза атқару мәселелерін зерттейді. Курста білімгер нақты жағдайлармен байланысты туындайтын қылмыстық-құқықтық қатынастарды талдау, қылмыстық заңнамаға сәйкес нақты шешімдер қабылдау, қылмыстық құқық мәселелері бойынша білікті құқықтық қорытындылар мен кеңестер беру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азаматтық іс жүргізу құқығы ІІ
Пән сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды, жеке, заңды тұлғалардың бұзылған немесе дауланған құқықтарын, бостандықтарын және заңдық мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру тәртібін, құқық ғылымына тән құқықтық санаттарды, ғылыми көзқарастарды және тұжырымдарды реттейтін құқықтық нормаларды зерттейді. Курста білімгер азаматтық істер бойынша процессуалдық құқықтық іс әрекеттер, заңдық қатынас субьектілерінің құқықтық мәртебесін анықтау, сала бойынша құқықтық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ІІ
Пән қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, айыпталушыны негiзсiз айыптау мен сотталуын, құқықтық бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдаймен байланысты оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуді, заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуды зерттейді. Курста білімгер қылмыстық іс жүргізу құқығының ережелерін талдау, іс жүргізуде дәлелдеу мен мәжбүрлеу, оңалту мәселелерін талдау, тергеуге байланысты іс жүргізу құжаттарын әзірлеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Нотариат
Пән нотариустық қызмет - азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мемлекеттік функциясын жүзеге асыруда заңнамалық өкілеттіктерін, қоғамдық сипатқа ие нотариустық қызметпен айналысу негіздерін зерттейді. Курс барысында білімгер нотариаттық құқықтың ерекшеліктерін сыни көзқараспен талдау, нотариаттық құжаттарды жасаудың практикалық тәртібін сақтау, нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде материалдық және іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Криминалистика
Пән қылмыстық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақтау мен тиянақтауды, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдерін, құралдар жүйесін қалыптастырып сот ісін жүргізуде қылмыстардың алдын алуды, анықтау және тексеру үшін істерді сотта қарау әдістерін зерттейді. Білімгер криминалистика ғылымына қатысты қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алуда криминалистикалық әдістер мен құралдарды пайдалану, зерттеудің заманауи аналитикалық әдістерін қолдану, салада проблемалық мәселелеріді зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жер құқығы
Пән жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтауды, жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтауды, жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын талдауды, жер қатынастар саласында туындаған мәселелерді зерттейді. Курста білімгер жер құқығы ғылымының құқықтық категорияларын талдау, сауатты қолдану, жер құқығы қатынастары субъектілерінің әрекеттерін саралау, жер заңнамасын соттық және құқықтық қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халықаралық жария құқығы
Пән мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдардың және осы саланың басқа да құқық субъектілерінің практикалық қызметінде қолданылатын құқықтық ережелерді, ұлттық құқықтық жүйеден айырмашылығын, халықаралық шарттар мен халықаралық кеден нормалары және халықаралық жария құқығының жалпы қағидаттары мен ережелерінің қолданылу тәртібін зерттейді. Курс барысында білімгер мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдардың заң терминологиясын дұрыс пайдалану, мемлекеттің қауіпсіздігімен байланысты нормалар құрушылықты талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Халықаралық жеке құқық
Пән мемлекттердің заңнамаларында пайда болған коллизиялық мәселені шешуді, халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігін, мемлекеттер және құқық жүйелерінің арасындағы коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған құқықтық нормаларын зерттейді. Курс барысында білімгер халықаралық жеке құқықтық қатынастардың табиғатын тану, ерекшеліктерін зерттеу, ҚР-да, шет елдерде осы қатынастардың құқықтық реттеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Халықаралық құқық
Пән халықаралық құқықтың тұжырымдамалық мәселелерімен танысуды, халықаралық келісім-шарттар мен конвенциялар ерекшеліктерін меңгертуді, халықаралық құқық теориялары мен құқық нормаларының қолданылуын, құқықтың негізгі қайнар көздері ретінде халықаралық әдет-ғұрыптарды, халықаралық ұйымдардың мемлекет үшін қажет шешімдерін зерттейді. Курс барысында білімгер халықаралық құқықтың заң терминологиясын дұрыс пайдалану, халықаралық норма құрушылықты талдау, халықаралық шарттардың жарамдылығы мен жарамсыздығы бойынша қолданылу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заңгердің кәсіби этикасы
Пән кәсіби этика нормаларының сипаты мен әрекет ету тетігін, кәсіби этика норма бірлігі мен қоғамдық мораль талаптарымен өзара іс-қимыл негізінде заңгер тұлғасының моральдық жағын қалыптастыруды, заңгердің кәсіби этикасын моралды әлеуметтік реттеуші құралы ретінде, қолданыстағы заңнаманың моральдық мазмұнын, заң қызметінің жекелеген түрлерінің этикалық негіздерін зерттейді. Курсты меңгеруде білімгер тұлғалық мәдени тұрғыдан кәсіби қарым-қатынас қызметінде құқықтық басқарудың инновациялық әдіс-тәсілдер дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ақпараттық құқық
Пән қоғамдағы ашық ақпараттар мен жабық ақпараттар тәртібімен жұмыс жасауды, алмасуды, сақтауды, қорғауды, жалпы ақпараттарды пайдалану процесін құқықтық регламенттеудің ерекшеліктерін, мемлекетте әртүрлі ақпараттық жүйелерді құрушыларды, иеленушілерді және пайдаланушылар мәртебесінің құқықтық ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеруде білімгер құқықтық құжаттарды жүйелеу, есепке алу, ақпаратты құруда туындаған мәселелерді шешу, қабылданған шешімдерді құқықтық нәтижеге сәйкес қабылдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Адвокатура және адвокаттық қызмет
Пән кәсіби тұлғалық (адвокат) қызметін ұйымдастыру негіздерін, процессуалдық әрекеттер жүргізу және оған кәсіби өкіл ретінде қатысуды, сонымен бірге адвокаттың юрисдикциялық өндіріс саласындағы өзге де құқық қолдану қызметін, сот процессінде оңтайландыру әдістерін қолдануды адвокаттық қызметпен байланыстыруды зерттейді. Курс барысында білімгер құқықтық құжаттарды ресімдеу, білікті құқықтық кеңестер беру, заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін түсіндіру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Криминология
Пән қылмыстылылықтың динамикасы мен жүйесін, әлеуметтік себептерін, қылмыскердің жеке тұлғасы туралы және қылмыстың пайда болуын, әдістемелік аспектілерін, ғылыми негіздерін, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуын, криминологиялық болжау мен тұжырымдау әдістерін, қылмыстың жекелеген түрлері мен ғылыми түсіндірмелерін зерттейді. Курс барысында білімгер зерттеудің заманауи аналитикалық әдістерін қолдану, криминологиялық мәселелері бойынша зерттеу әдістерін жүргізу, заңды шешімдер қабылдау және заңға сәйкестік әрекеттер жасау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Атқарушылық өндіріс
Пән атқарушылық өндіріс-сот актілерін, өзге де органдардың және лауазымды тұлғалардың актілерін орындауды қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының және процеске қатысушылардың іс-әрекеттер тәртібін реттейтін нормалар жүйесін және нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастарды, атқарушы құжаттардың тұжырымдамасын және атқарушылық іс жүргізуді қозғау тәртібін зерттейді. Курсты меңгеруде білімгер құқық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық реттеу, құқықтық актілерді орындауды қамтамасыз ету кезінде заңнамалық талаптардың сақталу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қылмыстарды саралау
Пән жекелеген қылмыс түрлері орын алғанда оны жасаған адамдарға жауаптылық қолдану үшін қылмыстық заң нормаларын қолданудың тәртібін, негізгі мақсаты ретінде қоғамға қауіптілігі бойынша жеке қылмыстың түрі деп тануға болатын іс-әрекеттерді анықтау мен оларға жауаптылық дәрежелерін зерттейді. Курс барысында білімгер қылмысты саралаудың әдістемелік негіздемесін жинау, қылмысты дұрыс саралудың алғышарттарына өз бетінше шешімдер қабылдау, қылмыс құрамын объектісі бойынша саралау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сот сараптамасы
Пән соттық сараптамалық зерттеу ғылымын, кәсіби саласында арнайы білімі бар сарапшының зерттеу қызметімен байланысты қорытынды беру тәртібін, сарапшы, сот, тергеу органдары және прокурордың белгілі бір істің дәлелін анықтау мақсатындағы процессуалдық әрекеттерді зерттейді. Курста білімгер сот сараптамасы туралы кәсіби білім, тергеу мен соттық сараптамалық тәжірибеде туындайтын практикалық мәселелерді шешу үшін криминалистикалық әдістермен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік құқық
Пән кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманы, құқықтық қатынастарды реттеуде қолданылатын арнайы заң терминдерін меңгеруді, кәсіпкерлік құқықтың іргелі теориялары мен ұғымдарын, кәсіпкерлік саладағы құқықтық дауларды шешудің әдістері мен тәсілдерін, кәсіпкерлік қызмет қатынастарында туындаған ситуацияларға құқық нормаларын дұрыс қолдану тәртібін зерттейді. Курс арқылы білімгер кәсіпкерлер мүлкінің құқықтық режимінің ерекшеліктерін түсіну, кәсіпкерлік шарттардың жобаларын жасау, бағалы қағаздар нарығы қызметін құқықтық реттеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әкімшілік іс жүргізу құқығы
Пән уәкілетті органдар мен тұлғаларға қатысты (атқарушы органдар) әкімшілік істерді қозғауды, әкімшілік істерді қарау және шешу әдістерін, қолдану практикасын, әкімшілік юрисдикциялық құқықтық қатынастар теориясын зерттейді. Курс барысында білімгер әкімшілік іс жүргізу құжаттарын рәсімдеу, әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулыларды талдау, әкімшілік құқық бұзушылық істі объективті анықтау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кеден ісі
Пән кеден ісі мақсаттары мен міндеттерін, сала боынша құқықтық реттеудің мәнін, әдісін және кедендік құқық жүйесін, құқық жүйесіндегі орнын және құқықтың басқа салаларымен арақатынасын, кедендік құқықтық қатынастарды, кедендік құқықтық қатынастар субъектілерінің объектілері мен түрлерін зерттейді. Курс арқылы білімгер кеден құқығының ерекшеліктерін талдау, мемлекеттік кеден саясатын дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, кеден құқығының нормаларын құқықтық қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бәсекелестік құқығы
Пән мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекетінен және жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негіздерін, заңды бәсекелестікті қорғауды, тауар нарықтарының жұмыс істеуі негіздерін, экономикалық кеңістіктің бірлігін, тауарлардың еркін қозғалысын және ҚР-ғы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз етуді зерттейді. Курс нәтижесінде білімгер монополияға қарсы қатынастар саласында заңдық аспектілері бойынша кеңес беру, контрафактілік өнімнің және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу бойынша іс-шараларға сарапшы ретінде қатысу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тұтынушылар құқығы
Пән тұтынушылардың тауарлармен қызмет көрсету аясындағы құқықтарын қорғауға бағытталған ережелерді, құқықтық нормаларды түсінуді, дауларды шешудің балама тәсілдері ретінде тұтынушылардың материалдық қажеттіліктерінен туындайтын құқықтық қатынастар тәртібін зерттейді. Курс нәтижесінде білімгер тұтынушының сұранысына жоғары білікті құқықтық заманауи қызметтін ұсыну, азаматтық және кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқықтық құжаттарды рәсімдеу, консультация беру арқылы тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
- Құқық субъектілерінің (жеке және заңды тұлғалардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді
- Нормативтік базаны және заң терминологиясын сауатты және негізді қолданып, кәсіби қызметте құқықтық және іс жүргізу құжаттарын жасайды
- Зерттеудің заманауи аналитикалық әдістерін қолдану негізінде құқықтың проблемалық мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- Нормативтік-актілерді білікті қолданып, құқықтық мәселелер мен іс жүргізу дауларын қарайды
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- Құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, заңдық көмек көрсетеді
- Құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырады