Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07369 Жерге орналастыру в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жер және жылжымайтын мүлік нарығын талдау, жер-кадастрлық құжаттаманы жүргізу білімін көрсету; жерді тіркеу, есепке алу, геоэкологиялық бағалау және мониторинг бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру; жер заңнамасының қағидаттары мен негізгі ережелері туралы білімдерін көрсету, жер қатынастарының әртүрлі жағдайларына құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білу. Инженерлік құрылыстардың негізгі элементтері, жерге орналастыру саласындағы басқару қызметі туралы білу; жер заңнамасын іске асыру кезінде жерді тиімді, толық пайдалануға және қорғауға бағытталған жер қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу.
  • Шаруашылық аралық және шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын жасау топырақ эрозиясын ескере отырып, жер учаскелерін жергілікті жерге бөлу және шекараларын белгілеу; топырақты сапалы бағалауды орындай білу; бұзылған жерлерді рекультивациялау, суармалы жерлердің өнімділігін арттыру және ұтымды пайдалану бойынша мелиорациялық іс-шаралар жүргізу.
  • Математикалық талдау әдістерін, жаратылыстану және жалпы инженерлік білімді қолдана отырып, кәсіби қызметтің міндеттерін шеше алады; топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақ және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізе алады; механикалық құрамы бойынша топырақ жамылғысына баға бере алады; топырақтың қарапайым агрохимиялық талдауларын жүргізе алады; егіншілік негіздерін біледі.
  • ГАЖ пайдаланудың практикалық дағдыларын қолдану; жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратты жинаудың, жүйелеудің, өңдеудің және есепке алудың заманауи автоматтандырылған технологиялары туралы білімді пайдалана білу; жерге орналастыруда заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, сапалы жаңа және негізделген басқару және жобалау шешімдерін қабылдау, спутниктік өлшеулер жүргізу; жерге орналастыру және кадастрлар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу әдіснамасын білу.
  • Жер қатынастарының әртүрлі жағдайларына құқықтық нормаларды қолдану; жерге орналастыру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; шаруашылықта жер ресурстарын басқару тәртібін, агроөнеркәсіптік кешенде жер шаруашылығын басқару жобаларын жасау әдіснамасын білу, шаруашылықаралық және ішкішаруашылық жерге орналастыру жолымен жер қатынастарын реттеу.
  • Жерге орналастыру қызметінің теориялық негіздерін білу және түсіну; Жер ресурстарын басқарудың мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын, принциптерін білу; жер қатынастарының қалыптасуы; графикалық құжаттарды дұрыс композициялық өзара байланыстырудың негізгі мақсаттары мен принциптерін; жерге орналастыру жобаларының графикалық құжаттамасын ресімдей білу, топографиялық жоспарлар жасай білу.
  • Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде карталар жасау үшін аэроғарыштық түсірілім білімін көрсету, аэрофотосуреттерді байланыстыру және дешифрлеу; жерге орналастыру үшін жоспарлы-картографиялық негізді білу; табиғи және антропогендік ландшафттарды қалыптастырудың негізгі табиғи заңдылықтарын білу; кеңістіктік объектілерді жазық сызбаларда бейнелеудің әдістері мен тәсілдерін, AutoCAD графикалық объектілерін құрудың стандартты тәсілдерін меңгеру.
  • Алынған гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық және экологиялық білімді, тіршілік қауіпсіздігі қағидаларын және көшбасшылық қасиеттерді қолдану; еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптары жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу.
Top