Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M02211 Тарих в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М02211 - «Тарих» білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, тарихи ғылымды бақылау мен талдаудың ғылыми - зерттеу және эксперименттік әдістерінің негіздерін меңгерген, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи ерекшелігі мен оның әлемдік және еуропалық өркениеттегі орны, негізгі заңдылықтардың білім жүйесі мен дүниежүзілік тарихи процестің ерекшеліктері, болашақ кәсіби қызмет саласына байланысты тарихи мәселелер шеңбері туралы кешенді түсінігі бар маман - магистрлерді даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M053 Тарих
  • Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи танымның категориялары және негізгі ұғымдарын анықтау үшін отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеудің пәнаралық әдістері мен тарихи зерттеулердің негізгі тәсілдерін қолдану; ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық мәселелерін талдау.
  • Наноматериалдардың құрылымы мен сапасын бағалау мақсатында ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдай білу, стратегиялық, ағымдық және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану;
  • Шет тілін ғылыми-педагогикалық, зерттеу және кәсіби қызметінде пайдалана отырып, ғылыми білімнің генезисі, философиялық болмысы мен даму ерекшеліктерін сипаттау.
  • Іргелі тарихи пәндердің өзекті мәселелерін, әлемдік тарихи үдерістегі Орталық Азия өңірінің рөлі мен орны, мәдениеттердің, діндердің, ұлттық ерекшеліктердің айырмашылығы, қазақ ұлтының пайда болу мәселелері мен мәнін тану жолдары, әлемдік тарихи ұғымдарды айқындау.
  • Тарихи танымның негізгі ұғымдары мен категорияларын, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты зерттеу мәселелерін түсіндіру; отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерделеудің пәнаралық тәсілдерінің әдістемесін қолдану; тарихи білімнің дамуын қоғамның дамуымен байланыстырып бағалау.
  • Стресс жағдайында эмоционалды және когнитивті өзін-өзі басқаруды көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдану, нақты практикалық мәселені шешуде жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету; психоанализдегі концепциялар мен бағыттардың аражігін ажырату.
  • Тарихи таным әдіснамасын, Орта Азия халықтарының мұрасын, өлкетануды зерттеудің қайнар көздер мен өзекті бағыттарын, І Дүниежүзілік соғыс тарихнамасының даму тенденциялары мен өзіндік ерекшеліктерін, хан билігі кезеңіндегі саяси, экономикалық жүйенің даму заңдылықтарын сипаттау.
Top