Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06102 Компьютерлік жүйелер мен желілерді қорғау в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыты бойынша есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, зерттеу және ақпаратты өңдеу объектілерін құру, киберқауіпсіздік салаларындағы, сонымен қоса үлгілеу тәсілдері мен әдістерін қолдану, есептерді шығару, компьютерлік есептеу жүйелері мен желілерін жобалау және әзірлеу, ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған және таратылған жоғары өнімді жүйелері, кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді қорғау, зерттеу объектілерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында ұйымның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқару үдерістері мен іс-шараларын жоспарлау сұрақтарын қамтитын, дағдыларға, білімдерге және қабілеттерге ие болатын магистрлерді дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M094 Ақпараттық технологиялар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Киберлік инфрақұрылымдық ауытқулардағы ақауларды анықтау және диагностикадан өткізуге, шабуылдарды анықтау технологияларын қолдану және қорғаныстың желілік компоненттерін қолдануға қабілеттілік: қорғалатын жүйелерді бағалау стандарттарына сәйкес ақпараттық және коммуникациялық жүйелерде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізу; ақпараттық жүйені техникалық қорғаудың нормативтік құжаттарының талаптарына сəйкес ақпаратты рұқсатсыз алуға қарсы əдістер мен құралдарды қолдану.
  • Ғылыми зерттеулер жүргізу және жаңа ғылыми және қолданбалы нәтижелерді өз бетімен және ғылыми топтың құрамында алу.
  • Ғылыми және жобалық-технологиялық қызметтің есептерін шешу үшін математикалық әдістерді, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтаманы әзірлеу және қолдану мүмкіндігіне ие болу: киберқауіпсіздік принциптері мен әдістерін Java, Java шифрлау кеңейтімі арқылы программалық қамтаманы әзірлеуге қолдану.
  • Ағылшын тілінде академиялық жазудың, ғылыми мақалалар, аннотациялар дайындау, рефераттар мен библиографиялар жасау, ғылыми мақалаларды талдау, түрлі томдар мен жанрлардың академиялық мәтіндерін жазу нормаларынқолдану
  • Кәсіпорындардағы ақпаратты және программалық қамтамаларды қорғаудың әдістерін игеру қабілеттілігі: нақты уақыт режимінде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін тиімділеу, ақпараттық жүйелердің осалдықтарын анықтау және блоктау әдістерін пайдаланады; кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді қорғау үшін осалдықтарды тексеру және қауіпсіздік жүйелеріндегі әлсіздіктерді анықтау, вирус және вирусқа қарсы компьютерлік технологияларды және бұзу әдістерін (программалық және аппараттық құралдарды) пайдалана білу.
  • Түрлі кластардың қолданбалы есептерді шешуде және жүйені құруда автоматтандыру және ақпараттандыру үшін қолданбалы информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын қолдану.
  • Киберлік инфрақұрылымдық ауытқулардағы, ақауларды анықтау және диагностикадан өткізуге, шабуылдарды анықтау технологияларын қолдану және қорғаныстың желілік компоненттерін қолдануға қабілеттілік: ақпаратты басқару жүйелерінің функционалдық қауіпсіздігі мен тәуекелдерін талдау және бағалау.
  • Кәсіпорындардағы ақпараттық қауіпсіздікті басқару процестеріне қойылатын талаптарды әзірлеу мақсатында ақпараттық қауіпсіздік жағдайын талдау қабілеттілігі: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті реттейтін негізгі халықаралық және ұлттық стандарттарды және кəсіпорындардағы ақпараттық технологиялардың (АТ) архитектурасын сипаттау, талдау жəне құжаттандырудың əдістерін, стандарттары мен тәсілдерін қолданады; қорғалатын жүйелердің теорияларының қазіргі заманғы қағидаттарын, әдістерін және әдістерін қолдану негізінде кәсіпорынның (мекеменің) қауіпсіздігі мен моделін әзірлеу және бағалау; ақпаратты қорғау үшін стандартты криптографиялық алгоритмдер мен хаттамаларды қолдану.
  • Диссертациялық зерттеуді орындау, оның орындалуының жоғары сапасына сәйкес келетін қорытындылар мен зерттеу нәтижелерін алуға әкелетін әдістемелік басымдықтарды таңдау бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы түсінікті қалыптастыру: ғылымның ғылыми және білім беру функцияларын ізденуде және өз қызметінде қолдану.
Top