Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D07365 Құрылыс в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Оқыту нәтижелері

  • Жобаларды әзірлеу, міндеттерді шешу және жобаның мақсаттарына қол жеткізуде білімдерін көрсету.
  • Көп қабатты ғимараттарды жобалауда құрылымдарды есептеу және қауіпсіз пайдалану шараларының кешенін қамтамасыз етуде өзінің білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде қолдану.
  • Ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер мен құралдарды әлемдік ғылыми білім базасына енгізу, зерттеу нәтижелерін дайындау, жүргізу және өңдеу саласында дамушы білімін көрсету.
  • Академиялық мәтіндерді дайындау және жазу дағдыларын меңгеру.
  • Негізгі құрылымдық шешімдерді, монтаждық схемаларды, түйіндер мен бөлшектерді, техникалық сипаттамаларды қамтитын ерекше ғимараттың жобасының техникалық және экономикалық көрсеткіштерін талдау.
  • Ғимаратты жобалау процесінде оның теориялық сенімділігін қамтамасыз етудегі мәселелерді түсіну және шешуге ықпал ету.
  • Қазіргі құрылыстағы құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкцияларының беріктігі мәселелерін анықтайды және осы міндетті шешеді.
Top