Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02128 Кинотеледраматургия в Қазақ ұлттық өнер университеті

Пәндер

  • Кинотеледраматургия негіздері I

    Студенттерге мамандықтың ерекшелігі мен күрделілігін сездіру, түсіндіру. Жазудың қиындығы мен қуанышы, жұбанышы мен қасіретін айыра білу әрі тереңірек зерделеуді адам жанының түпкіріне еніп, ұғынуды үйретіп, қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кинотеледраматург шеберлігі-І

    Драматургияның дербес жанр ретінде қалыптасуын сөз етеді. Драматургияның басты ұстанымдары мен заңдылықтары туралы білім негізін қалыптастырады. Қазақ тілінің астарлы , шешен, поэтикалық ерекшелігі мен тіл әуезділігінің ерекшелігін, ой тереңдігін бере отырып, осы жанрдың классикалық шығармаларына сараптама жасалып талқыға салады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Көрсетілім семинары және талдау-I

    Жекелеген фильмдерді, жекелеген киноматографистердің шығармашылық, сонымен қатар, жекелеген елдердің кинематографын кеңінен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мамандыққа кіріспе

    Кәсіби дайындықта маңызды пәндердің бірі болып табылады. Курс студенттерді таңдаған мамандандыру бойынша негізгі талаптар мен олардың гуманитарлық пәндер аясындағы орнын, драматургияның негізгі түсініктерін тарихи шеңберде дәріс пен практикалық сабақтарда қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кинотеледраматург шеберлігі-ІI

    Қазақ тілінің астарлы , шешен, поэтикалық ерекшелігі мен тіл әуезділігінің ерекшелігін, ой тереңдігін бере отырып, осы жанрдың классикалық шығармаларына сараптама жасалып талқыға салады. Бірінші кезеңді игерген студент кинотеледраматургия пәнін одан сайын тереңдеп оқи бастайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көрсетілім семинары және талдау-II

    Еуропа киносы. Ақш киносы. Азия мен посткеңестік кеңістік киносын көру, талдау. Анализ жасауға үйрету мен фильмді кәсіби талдауға баулу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әлем өнерінің тарихы I

    Әлемдік кинематографтың пайда болуы, дамуы және көркемдік бағыттармен таныстырылады. Киноүрдістің тарихы мен қазіргі жай-күйімен, киноның дамуының негізгі кезеңдерімен, әйгілі кинематографистердің шығармашылығымен, жанр түрі мен кино тілінің өзгеру үрдісімен танысады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кинотеледраматургия негіздері ІI

    Кинотеледраматургия шеберлігінің негізгі ерекшеліктерімен танысады. Курс барысында әдеби сценарий жазудың құпияларын, көркемсуретті, деректі, анимациялық, телевизиялық хабарлардың сценарийін жазудың бастапқы тәсілдерін ұғынады, меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Телевизиялық театр

    Техникалық мүмкіншіліктердің жоғарлауына байланысты, театрдағы спектакльдерді, деректі фильмдерді, бейнехабарларды видео форматында көруге мүмкіндік алып отырмыз. Бұл пән спектакль, мюзикл, деректі, көркем фильмдерді видео форматында көріп, оларды түпнұсқамен салыстыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Телевизия драматургиясы

    Әлем және қазақ телевидениесінің тарихы, телевидение жанрлары және олардың драматургиялық ерекшеліктері, бағдарламалардың ерекшелігіне сай сценарийлер жазу т.б. қарастырылады. Телевидение драматургиясының негізгі ерекшеліктерін меңгеру, ток-шоу, ғылыми-танымдық, концерттік т.б. бағдарламалардың сценарийін жазуды меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлемдік өнер тарихы II

    Әлемдік және отандық көркемсуретті, деректі және анимациялық кино киноөндірісінің ерекшеліктерімен, кинематографистердің шығармашылығымен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Көрсетілім семинары және талдау-III

    Әлем киносындағы әртүрлі елдердің кинематографиясын талдау. Фестивальге қатысқан фильмдерді талдау. Жанрлық ерекшеліктерін талдау және анализ жасау бұл пәннің басты мақсаттарының бірі. Сонымен қатар, бұл пәнде кино теориясын теориялық негіздерін жеке сала ретінде қарастыру да негізгі элементтердің бірі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кинотеледраматург шеберлігі-IІI

    Базалық білімді игерген студент кинодраматургияның қыр-сырын меңгергеннен кейін, драматургиялық шығарма жазуды кәсіби түрде игереді. Бұл пән драматургия саласын тереңдей үйретіп, кинодраматургия негіздеріне сүйене отырып, кәсіби шығарма жазуға мүмкіндік жасайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экология және тұрақты даму

    Экология ұғымы, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы. Экологияны Зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістері. Қазіргі экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның орны мен рөлі. Аутэкология: экологиялық факторлар, оңтайлы және минималды аймақтар. Демэкология: популяция сипаттамалары, тербелістер және популяция санының реттелуі. Синэкология: қауымдастықтардағы өзара әрекеттесу түрлері, қоғамдастықтың трофикалық құрылымы және экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің функциялары: энергия алмасу және заттардың айналымы, экожүйелердің тұтастығы мен тұрақтылығы, экологиялық сабақтастық.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық мәдениет негіздері

    Құқықтық мәдениеттің түсінігі мен мәні және оның құндылықтар жүйесі ретінде қалыптасу ерекшеліктері, құқықтық мәдениеттің мазмұны және оның қоғамдағы рөлі; жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің мәні, оның деңгейлері, олардың қарым-қатынасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Оқу пәні саясаттану және құқықтану сияқты қоғамдық ғылымдар кешеніне негізделеді. Оқу пәнінің мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық қатынастардың негізгі түсініктері мен заңдылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық құбылысының адам мен мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік құрамдас бөлігіне әсері академиялық адалдыққа баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Редакторлық іс I

    Редакторлау кез-келген жазбаша үлгідегі материалға ауадай қажет. Мәтіннің сауатты жазылуы, көркемдік дәрежесінің жоғары болуы дәл осы кәсіби редакторлау ісіне тікелей байланысты. Бұл пән кез-келген шығарманы немесе киносценарийді редакторлауға, кем-кетік тұстарын түзетіп жөндеуге және сауатты да сапалы материал дайындауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Редакторлау негіздері I

    Пәннің аясында кино, театр, әдебиет, телевидение шығармаларын редакторлау мен оның ерекшеліктері, аударма жұмысының ерекшеліктері қарастырылады. Пәннің барысында студенттерге редакторлау және аудармаға байланысты нақты тапсырмалар беріліп, оны теориялық сабақтармен ұштастыру қадағаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өмір cүру қауіпсіздігінің негіздері

    Өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қазіргі мемлекеттің рөлі. Өмір қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар. Адамның тіршілік ету ортасының қауіптілігі. ТЖ кезінде халықты қорғау. Өнеркәсіптік нысандардың тұрақтылығы. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кинотеледраматург шеберлігі-IV

    Драматургияның ұстанымдары мен қағидаттарын үйрете отырып, драматургия жанрының ерекшелігіне тоқталу, Драматургияға өзіндік үлес қосқан қазақ драматургтерінің шығармаларына сараптама, талдау жасау, драмалық шеберлікке тоқталу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Редакторлық іс II

    Пәннің аясында киноға арналып жазылған шығармаларды редакторлау мен оның ерекшеліктері, аударма жұмысының ерекшеліктері қарастырылады. Пәннің барысында студенттерге редакторлау және аудармаға байланысты нақты тапсырмалар беріліп, оны теориялық сабақтармен ұштастыру қадағаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан өнерінің тарихы

    Ежелгі кезеңнен біздің дәуірімізге дейінгі аралықтығы Қазақстан көркем мәдениетінің әртүрлі саласын қазақ халқының өзіндік этникалық мәдениетінің, өнерінің даму нәтижелерінің тарихын қамтиды. Өнер туындыларының ауқымды мұрасымен таныс болуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көрсетілім семинары және талдау-IV

    Заманауи әлем киносының қазіргі жағдайын зерттеу. Жарыққа енді шыққан фильмдерді көру, талдау, анализ жасау. Алған білімді қорытындылап, ортаң анализ жасай білу. Фильм көру, рецензия, сыни мақалалар жазып үйрену.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлемдік кино тарихы

    Кинематографтың тууы. Әлемдік кинопроцесс және кинематограф дамуының негізгі кезеңдері. Еуропа киносының көркемдік бағыттары: Француз авангард, сюрреализм, поэтикалық реализм, киноимпрессионизм, неореализм, "жаңа толқын", постмодернизм. Әлемдік кино классиктері: Феллини, Бергман, Бунюэль және т. б.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Редакциялау негіздері II

    Пән студенттерді музыкалық бағдарламаларды редакциялаудың негізгі принциптерімен, әртүрлі мәтіндердің өмір сүру және жұмыс істеу заңдылықтарымен, заманауи баспа қызметінің құрылымымен таныстырады, студенттер Мәдениет және өнер бөлімдері бойынша жалпы басылымдарда редакторлық жұмысты жүзеге асыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көрсетілім семинары және талдау-V

    Пән аясында қазақ және әлем кинематография, театр өнерінің белгілі режиссерлері мен мамандарының шығармашылығымен танысады. Жеке туындыларының негізінде драматургиялық құрылымын, композициясын, актерлер ойынын т.б. талдайды. Туындының негізігі идеясы мен тақырыбы, пластикалық және мизансценалық көріністер, режиссердің жарықпен, уақыт және кеңістікпен, түспен жұмыс істеу тәсілі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сценарийді редакциялау I

    Сценариді жазып, мәтіндегі стилистикалық қателіктерге түзетулер жасау, өңдеу. Өзге әдеби жанрлардан өзгешілін ескере отырып, кино өнерінің формасына бейімдеу. Шығарманың идеясын, тақырыбын, драматургиясын кейіпкерлер репликасын, финалын қисындыру, қалыпқа келтіру үрдісі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Драматургия тарихы І

    Бұл пән мамандықты игерудегі маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Кинодраматургияны немесе драматургиялық шығарма жазбас бұрын драматургия тарихын, оның шығу тегін, даму кезеңдерін білген дұрыс. Аталмыш пән драма өнерінің тарихын, оны құраушы бөліктерді, алғашқы драматургтер мен драматургиялық шығармалардың жазылу деңгейін бағамдап драматургия тарихын толық зерттеуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ театрының драматургиясы I

    Бастапқы кезеңнен бүгінгі таңға дейінгі қазақ театры драматургиясының даму тарихын зерттеу. Қазақ театры драматургиясының негізгі кезеңдерін қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Драматургия теориясы I

    Аталмыш пән драматургияның теориялық түсініктерін қарастыра отырып теориялық тұжырымдамалар жасауға үйретеді. Шығарма жазудағы ескерер қағидаларды үйрете отырып, драматуриялық шығарма жазудың қыр-сырын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Киносценарий стилистикасы

    Отандық кинематографияның қалыптасуы. Дамуы және қазіргі жағдайы, кинопроцесі, киноның дамуының негізгі кезеңдері, танымал кинематографистердің шығармашылығы. Киноның даму процесіндегі драматургия мен бейненің түрленуі. Қазақстанның қазіргі жетекші кинематографистерінің шығармашылығы және алтын қорға енген кинотуындылардың ерекшелігі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кино теориясы I

    Әлемдік кинематографтың пайда болуы, дамуы және көркемдік бағыттармен таныстырылады. Киноүрдістің тарихы мен қазіргі жай-күйімен, киноның дамуының негізгі кезеңдерімен, әйгілі кинематографистердің шығармашылығымен, жанр түрі мен кино тілінің өзгеру үрдісімен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдеби курс

    Әдебиет жайлы жалпы түсінік. Эпос, лирика и драма. Олардың автордың позициясына байланысты материалдың өзіндік ерекшеліктері. Жанрлық формалары. Туындының тақырыбы оның мазмұнының тұғыры. Классицизм, барокко, романтизм, реализм, модернизм туралы түсініктер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сценарийді редакциялау II

    Сценарийдегі қателіктерді түзету, сюжеттің желідегі олқылықтардың орнын толтыру. Сценарийдің сауатты жазылуын бақылау. Қателіктерлі түзетіп, бағыт-бағдар беру. Фильмнің жанрлық ерекшеліктеріне қарай бөлінуіне байланысты редакциялау бағытыны өзгерді. Бұл пән сценарийдің әр қырынан редакциялауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көрсетілім семинары және талдау-VI

    Пән аясында қазақ және әлем кинематография, театр өнерінің белгілі режиссерлері мен мамандарының шығармашылығымен танысады. Жеке туындыларының негізінде драматургиялық құрылымын, композициясын, актерлер ойынын т.б. талдайды. Туындының негізігі идеясы мен тақырыбы, пластикалық және мизансценалық көріністер, режиссердің жарықпен, уақыт және кеңістікпен, түспен жұмыс істеу тәсілі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Драматургия теориясы II

    Драматургия теориясының алғашқы кезеңін зерттегеннен кейін оның дәуір ерекшелігіне байланысты өзгеру кезеңіндегі драматургия саласын қарастыру. Жаңа формаларды талдау, тәжірибелік шығармалар жазып үйрену.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы I

    Әдеби өнер поэтикасының теориялық талдауындағы филологиялық қабілеттері мен дағдыларын жан-жақты тереңдету. Ұлттық және әлемдік әдебиеттің қазіргі даму тенденциялары мен басым бағыттарын зерттеудегі көркем таным қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ театрының драматургиясы II

    Қазақ театры драматургиясының алғашқы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі негізгі даму кезеңдері. Қазақ театрының драматургиялық ерекшеліктері. Белгілі қазақ драматургтері және олардың шығармашылығы. Бүгінгі қазақ театр драматургиясының мазмұндық, тақырыптық, жанрлық ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдеби лабораториялық курс

    Бұл пәнде білім алушылар берілген әдебиеттер тізімін оқып, қазақ әлем әдебиеттермен танысу. Ұлттық әдебиетінен бастау алып, дәстүрлі әдебиет, әлем әдебиетінің ерекшелігі. Әдебиеттің қазіргі жай-күйімен таныстырады. Студенттер әдебиет тарихы мен қазіргі жай-күйімен, киноэкранына айналған көркем шығармалармен, жанр түрі мен кино тілінің өзгеру үрдісімен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Драматургия тарихы ІІ

    Білім алушылар нақты пьесаларды талдауды үйренеді; пьесаны талдау кезінде әдеби талдау негіздерін қолданады; пьесалардың режиссерлік интерпретацияларын салыстырмалы талдауды жүзеге асырады; драматургияның дамуындағы негізгі кезеңдермен (дәуірлермен, кезеңдермен, бағыттармен) танысады; ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктерімен, драматургияның дамуына байланысты тарихи атаулар мен фактілермен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сценарий шеберлігі I

    Киносценарий жазу мүмкіндіктеріне ізденіс. Көркем шығармаларды оқу, сюжет желісін құруда жетілу, қиял еркіндігі, сюжет ізденудегі талғам деңгейі қалыптастыру. Шығарма жазудағы ерекшелігін, әдеби кейіпкерлерінің образын ашу, типтік бейнелерді жасауға, іздеуге шыңдалу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кино теориясы II

    Кино теориясы пәні кинематографтағы негізгі теориялық түсініктермен таныстырады. Киноны заманауи көпшілік коммуникация жүйесінде қарап, теориялық басылымдарға шолу жасап, талқыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Арнайы пәндер оқыту әдістемесі/

    Оқытылатын пәнде қолданылатын мәселелер мен әдістер туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру, мамандандырылған көркемдік орта, жоғары оқу орындарында (бейіні бойынша) оқыту әдістерімен танысу; студенттерді оқытудың әртүрлі әдістемелерін қолданатын өнертанушы-педагогтар мен көркем сыншылардың ғылыми мақалалары мен дәрістерімен таныстыру және студенттердің сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Дипломдық жобамен жұмыс I

    Кинодраматургияның негізгі жанрларында мәтін жазу және ауызша сөйлеу, зерттеу, талдау дағдыларын қолдану; белгілі бір тақырыптар бойынша өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу. Дипломдық жобаның жазылуын толықтай меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиет теориясы II

    Пән әдебиетті сөз өнерінің бір түрі ретінде түсінуге байланысты маңызды теориялық сұрақтарды ашады. Өнер түрлерінің жіктелуі берілген, адамзаттың мәдени дамуының әртүрлі дәуірлеріндегі олардың қатарындағы әдебиеттің орны қарастырылған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіпкерлік негіздері

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсында студенттер кез-келген кәсіпкерге пайдалы болатын дұрыс құзіреттіліктерді дамытады. Студенттер маркетингтің негіздерімен танысады және қолданыстағы сату стратегиялары туралы біледі. Бұл курс тапқырлық, өз идеялары мен жоспарларын іске асыра білу және құру сияқты дағдыларды дамытуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әдеби редакциялау және баспа ісі

    Радиохабар мен теледидар арқылы берілетін газеттер мен журналдарда жарияланатын басылымдардағы жанрлық әртүрлілікке, идеялық мазмұнға және көркемдік қасиеттерге қойылатын жоғары талаптар және олардың әрқайсысын мұқият өңдеу қажеттілігі ескеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әдеби шығармаларды экрандау

    Кино және әдебиет» пәнінің аясында әдебиет шығармалары мен кинематограф арасындағы байланыс, әдеби шығармалар бойынша экрандалған фильмдердің көркемдік табиғаты, ерекшеліктері, экрандаудың негізгі тәсілдері мен ұстанымдары қарастырылады. Сондай-ақ, әдебиет жанрлары мен кинематограф жанрларының арасындағы байланыс және оның көркемдік ерекшеліктері жан-жақты талдауға ие болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дипломдық жобамен жұмыс II

    Бұл курста диплом ғылыми жетекшімен жұмыс істейді, жоба тақырыбы аясында редакциялау теориясы мен практикасы мәселелерін дербес әзірлейді, онда дамып келе жатқан ережелер мен тұжырымдарды негіздеуге үйренеді, практикалық ұсыныстарды тұжырымдайды және олардың негіздемесін береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Сценарий шеберлігі II

    Экрандық шығарманың ерекшелігін тереңдете зерттеу, талдаудың негіздеріне жан-жақты тәжірбилер жүргізу. Сценарийдің ерекшеліктерін зерттеу. Фильмдер көру, сценарий жазу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Заманауи сын

    Өнертанулық талдау әдістері. Эмпирикалық зерттеу негіздері және әртүрлі өнер түрлеріндегі зерттеу қызметінің субъектісімен жұмыс. Өзекті көркем тәжірибені зерттеу барысында материалды бекіту ерекшеліктері, сұхбат, бақылау әдістері. Зерттеудің сипаттау-биографиялық әдісі. Зерттеудің тарихи-типологиялық әдісі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Шығармашылық идеяларды ұғынуды, талдауды және сыни бағалауды білу
  • Сәулет өнерін, негізгі белгілерді, стилистиканы, өнер туындысының орындаушылық ерекшеліктерін түсіну
  • Шығармашылық, кәсіби және әлеуметтік қызмет үшін ғылыми зерттеулердің теориясы мен тәжірибесінде құзыретті болу.
  • Кино өнері, сахналық қойылымдар, киноспектакль туралы өзін-өзі бақылау жүргізу дағдыларын меңгеру; сюжет желісін құруда кемелдену деңгейі, сюжетті іздеуде қиял еркіндігі, әсемдік болуы тиіс.
  • Кәсіби бағыттағы мәтіндерді құру, өңдеу және басып шығару рәсімдерін игеру
  • Шығармашылық идеяларды іске асыру кезінде өнер түрлерінің даму заңдылықтарын, көркемдік бағыттардың ерекшеліктерін; әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін білу.
  • Фильмдердің сценарийін жазу технологиясын, аппаратын, кинодраматургия заңдарын, олардың іске асу логикасын, экрандық бейнені құрудағы кинодраматургияның орнын меңгеру
  • Театр мен теледидар тарихын, жанрлар мен олардың драмалық ерекшеліктерін, драмалық шығарма жасау бағдарламасының ерекшеліктерін зерттеу.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында этикалық және құқықтық мінез-құлық нормаларын қолдануға және сақтауға дайын болу. Бизнес-жоспар құра білу, оны жүзеге асыру жолдарын табу. Кәсіпкерлікті қаржыландыру және мемлекеттік реттеу негіздерін білу. Қауіпсіздік негіздерін білу, қоршаған ортаға қатысты білімді меңгеру.
Top