Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02312 Филология: ағылшын филологиясы в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Студенттерді академиялық жазылымның негізігі қағидаларымен таныстыру, ғылыми жұмыстар, эссе жазуға машықтандыру, ғылыми басылымдарға мақала жариялауды үйрету, ғылыми мақалалар жазу қабілетін жетілдіру, пәнді оқыту барысында практикалық мысалдар мен жаттығуларды қолдана отырып, жаңа идеяларды өз бетінше игеру дағдыларына ие болу, ғылыми ақпараттың, зерттеушінің (ғалымның), басқарушының (менеджердің) ағымын тез және тиімді бағдарлау, студенттердің академиялық жазу қабілетерін дамыта отырып шетелдік, отандық ғылыми басылымдарда еңбектерін жариялау, халықаралық ғылыми конференцияларға қатыстыру.
  • Базалық шет тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, түпнұсқалық мәтіндерді, мәдениетаралық құзыреттерді түсіну; оқу және тыңдау кезінде шет тіліндегі мәтіндерді қабылдау және түсіну дағдыларын көрсету; шет тіліндегі коммуникация шарттарына сәйкес тұтас және қисынды сөздер айту.
  • Лексиканы, грамматикалық білім жүйесін түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын қолдану; мәтіндердегі оқиғалардың себептері мен салдарын лингвистикалық сипаттау және талдау әдістерін меңгеру, дәлелді ақпаратты пайдалану негізінде қазіргі заманғы мәселелерді шет тілінде шешу.
  • Диалог жүргізу, монолог жүргізу және әлеуметтік, ақпараттық және кәсіби сипаттағы хабарламалар жасау дағдыларын, кәсіби қызмет саласындағы ақпаратты алуға және бағалауға мүмкіндік беретін деңгейде ағылшын тілін, халықаралық емтихан тапсырудың қазіргі заманғы талаптарын көрсету.
  • Стилистикалық академиялық мәтіндердің түрлерін анықтау; ғылыми мәтіндерді аннотациялау және рефераттау принциптерін жалпылау. Шет тілін оқытудың жаңа әдістерін қолдану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру, курстық және дипломдық жұмыстарды жаза білу.
  • Ағылшын тілінің грамматикасы бойынша білімдерін көрсету, ауызша және жазбаша сөйлеу практикасының әдістері мен тәсілдерін зерттеу, кәсіби қызмет саласындағы білім деңгейін көрсету, іскерлік хаттарды, конференциялар, кеңестер, семинарлар материалдарын ресімдеу нысандарын қолдану.
  • Түрлі қызмет үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылуын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Тілдік құбылыстарды терең түсіну үшін ағылшын тілін фонетикалық, лексикалық, стилистикалық білімдермен, ағылшын тілінде коммуникацияның әртүрлі түрлерін құру үшін ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгеру, мәтін мазмұны, авторлық идеялар.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Ұлыбритания әдебиетінің даму бағыттарын жіктеу, әдеби шығарманы талдауда әртүрлі әдістерді қолдану, қазіргі ағылшын әдебиетінің әдеби процесінің ерекшеліктерін түсіну, жазушылардың шығармашылығын талдау, дәуірдің әдеби және қоғамдық-саяси ағымдары арасындағы байланысты түсіну.
Top