7M03221 Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Архив ісі, құжаттаманы басқару және археография салаларында қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде құжаттамалық қамтамасыз ету, архив құжаттарын жинақтау, пайдалану, жариялау және сақтау саласындағы заманауи практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті бейінді бағыттағы мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M069 Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Менеджмент
Пәннің мақсаты - магистранттарға заманауи менеджменттің практикалық және теориялық негіздерін беру, менеджменттің элементарлы тәжірибесін жинақтап, басқару саласындағы теориялық және практикалық біліммен қамтамасыздандыру. Басқарудың шетелдік және отандық теорияларының негіздері; менеджмент құралдары; стратегиялық жоспарлау, ұйым өкілеттілігі, персоналды ынталандыру, және істелген жұмыстың сапасын бақылау әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Архивтанудың теориялық мәселелері
Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бизнес-үдерісі құжаттамасын басқару
Курстың мақсаты - бизнес-үдерістерді құжаттамалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ ұйымдағы құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету қызметін модельдеудің негізгі мәселелері бойынша магистранттардың жүйелі түсінік қалыптастыру. Курста: бизнес-үдерістерді басқарудың теориялық негіздері, басқаруға үрдістік және функционалдық көзқарас, бизнес-үдерістерді модельдеу, бизнес-үдерістерді құжаттау, бизнес-үдерістерді басқару негізінде кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, бизнес-ұдерістерді қолдаудың ақпараттық жүйелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
БҚҚ ақпараттық-құқықтық деректер базасы
Пәннің мақсаты: БҚҚ ақпараттық-құқықтық деректер базасын тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Пән ақпаратты жеткізу мен сақтаудың заманауи технологиялары мен әдістері туралы жаңа білім алуға, БҚҚ саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпараттық-құқықтық деректер базасымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып талдау жұмыстарының нәтижесін қорытындылауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құжаттанудың теориялық мәселелері
Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік архивтердің жұмысын нормалау әдістемесі
Курстың мақсаты- архив ісін басқару саласында магистранттардың теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Архив ісін басқару органдарының, мемлекеттік, ведомстволық архивтердің жұмысын жоспарлаудың ұйымдастырушылық аспектілері, мемлекеттік архивтердің жұмысын нормалау әдістемесі, еңбекті ұйымдастыру, архив мекемелерінің есеп беру, архив құжаттарын сақтау басқармасы мен экономикасы жөніндегі нормативтік-құқықтық база қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шектеулі сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру
Курстың мақсаты-қол жетімділігі шектеулі құжаттармен жұмыс істеу ерекшелігін зерделеу аясында магистранттардың теориялық білім, практикалық дағдылар мен машықтарын қалыптастыру. Қол жетімділігі шектеулі құжаттармен жұмыс істеу ерекшелігі, қол жетімділігі шектеулі құжаттарды дайындау әдістемесі, қол жетімділігі шектеулі құжаттарды мемлекеттік сақтауға архивке беру мәселелері, қол жетімділігі шектеулі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі концепцияларын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби даму процесінде менеджмент саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс басқару қызметінің тиімділігінің психологиялық негіздерін, басқару психологиясының негізгі принциптерін анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты: магистранттардың іскерлік және ғылыми салаларда қарым-қатынас жасауына, халықаралық зерттеу ұжымдарында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттерді іске асыру үшін қажетті дағдыларын дамыту. Ауызша, жазбаша және электрондық коммуникация әдістері зерделенеді және ағылшын тілінде кәсіби маңызы бар мәтіндер құрастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Құжат айналымын басқару жүйелерін жобалау
Пәннің мақсаты-құжат айналымын басқару жүйесін жобалауды ұйымдастыру үшін жұмысты ұйымдастыру мен технологиясы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.. Пән құжат айналымын жобалауды ұйымдастырудың объектісі ретінде қолданыстағы ұйымдардың әртүрлі жүйелерімен жұмыс істеу әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Архивтік құжаттардың құндық бағасы
Мақсаты-магистранттардың архивтік құжаттарды бағалаудың теориялық тұжырымдамалары мен әдістемелік тәсілдерін талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттарды ақшалай бағалау саласындағы маркетингтік қызмет, құжаттарды бағалаудың нормативтік-әдістемелік базасы, құжаттарды мақсатты бағалаудың ғылыми негіздері, құжаттарды құндық бағалау үдерісі, оларды сақтандыру кезінде ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарына бағаны белгілеу тәртібі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Археографияның теориялық-методологиялық мәселелері
Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихы бойынша құжаттық жарияланымдарды даярлау әдістемесі
Курстың мақсаты - археограф жұмысының әлеуметтік және когнитивтік функциялары туралы магистранттардың жүйелі білімдерін, әртүрлі дерек көздерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Тарихи деректерді жариялаудың әдістемелік аспектілері, Қазақстан тарихы бойынша дереккөздердің археографиялық басылымдарының типологиясы, жарияланымдардың әртүрлі түрлері мен типтері үшін құжаттарды анықтау және іріктеу, құжаттарды археографиялық ресімдеу және т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
БҚҚ қызметінің жұмысын және интеграцияланған құжат айналымын ұйымдастыру
Пәннің мақсаты-ұйым үшін құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру мен технологиясы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жағдайда басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін қолданудың теориялық-әдіснамалық негізін, оның ішінде автоматтандырылған технологияларды қолдануға негізделген интеграцияланған құжат айналымын қолдануды зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ұйымдардағы ақпараттық ресурстар мен сервистер
Пәннің мақсаты: ұйымдарда ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және басқару, кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу қабілетін қалыптастыру. Пән ақпараттың негізгі анықтамаларын, табиғаты мен сипаттамаларын зерттеуге, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мәселелері мен ұйымдастыру мәселелерін талдауға, ұйымның ақпараттық ресурстары мен қызмет көрсетулерін пайдалана отырып, туындаған жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуге креативті ойлау және шығармашылық тұрғыдан қарауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электронды форматтағы құжаттық жарияланым
Курстың мақсаты магистранттардың Интернет желісінде электрондық форматта тарихи құжаттарды жариялаудың теориялық және қолданбалы мәселелерін түсіндіру және компьютерлік іздеу құралдары мен электрондық ғылыми-анықтамалық аппарат құру қабілетін қалыптастыру. Электрондық форматтағы жарияланымдарды дайындаудың жалпы қағидаттары, Интернет-жарияланымдардың жіктелуі, толық мәтінді деректер базасы құрамындағы және отандық web-сайттардағы құжаттардың электрондық жарияланымдары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құжаттарды басқарудағы жасанды интеллект
Курстың мақсаты-жасанды интеллект саласындағы магистранттардың жүйелі білімдерін, құжаттарды басқару саласында жасанды интеллект әдістері мен технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Жасанды интеллект ұғымы, жасанды интеллектің даму үрдісі, қазіргі заманғы ұйымдарда жасанды интеллектің технологияларын қолдану, құжаттарды басқару үшін жасанды интеллектің негізіндегі жүйелер мен платформалар қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Нақты практикалық мәселелерді шешу үшін құжаттану, архивтану және археографияның заманауи мәселелерін талдау.
- Архив мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу үшін мемлекеттік архивтердің жұмысын нормалау әдістемесін әзірлеу.
- Қазақстан тарихы бойынша құжаттар жинағын және электрондық жарияланымдарды құрастыру мақсатында жарияланымдардың әртүрлі түрлері мен типтеріі үшін, оның ішінде электрондық жарияланымдар үшін архивтік құжаттарды анықтау.
- Құпия ақпаратпен құжаттарды сақтауды ұйымдастыру әдістерін іс жүзінде қолдана отырып, қол жетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейтін құқық нормаларын түсіндіру.
- Құжаттарды сатып алу-сату және сақтандыру үдерісінде оларды мақсатты және ақшалай бағалауды анықтау үшін құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу.
- Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық-құқықтық деректер базасын талдай отырып, ұйымдардың ақпараттық ресурстарымен және сервистерімен жұмыс істеу кезінде инновациялық технологиялардың тәсілдері мен әдістерін қолдану.
- Жасанды интеллекттің даму тенденцияларын және жасанды интеллектті құжаттарды басқаруда қолдану әдістерін анықтау.
- Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құжат айналымын басқару жүйелерін жобалау.
- Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және интеграцияланған құжат айналымы қызметінің жұмысын ұйымдастыра отырып, бизнес-үдеріс бойынша құжаттаманы модельдеу.
- Кәсіби қызметте басқару және менеджмент психологиясы бойынша білімді пайдалана отырып, әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас орнату арқылы білім алушылардың тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға ықпал ету.