Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06139 IT – менеджмент в Қазақ технология және бизнес университеті

Оқыту нәтижелері

  • Басқарушылық шешімдердің заманауи технологияларын меңгерген және басшының қабілеттеріне ие: жобаны жүзеге асыру талаптарының орындалуын жоспарлау, басқару және бақылау, жобаны іске асырудың қиындық, тәуекелдер дәрежесін, бюджеті мен уақытын бағалауды орындау
  • IT - менеджментті дамытудың жалпы үрдістері негізінде кәсіби қызмет объектілерін дербес зерттеу дағдыларын меңгерген, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізеді, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін олардың нәтижелерін талдайды
  • Кәсіби қызмет саласында шет тілінде ғылыми және кәсіби коммуникацияның заманауи әдістері мен технологияларын қолданады
  • Операциялық жүйелерді, желілік технологияларды, бағдарламалық интерфейсті әзірлеу құралдарын пайдалану, ресми спецификация тілдері мен әдістерін қолдану, дерекқорды басқару жүйелері, ақпаратты бағдарламалық қорғау дағдыларын кәсіби деңгейде меңгерген, өзінің білімін, түсінігі мен қабілеттерін жаңа ортада, неғұрлым кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін қолданады
  • Жүйелік тәсілдеме және қазіргі заманғы әдіснаманы, құралдарды, жобаларды басқару саласындағы стандарттарды білу негізінде кәсіби салада жобалау қызметінің дағдыларын меңгерген, it-менеджменттің заманауи әдістері мен стандарттарының көмегімен нәтижелерді сипаттау және болжау үшін бизнес –процестердің сапалық және сандық жай-күйін талдауды жүзеге асырады
  • Басқарушылық міндеттерді шешуде және кәсіби және тұлғалық дамуды жоспарлауда психология білімін қолданады
Top