Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04130 Есеп және аудит в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысының болуы.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.
  • Есепті нормативтік-құқықтық және заңнамалық реттеудің кең ой-өрісін пайдалана отырып, бухгалтерлік есеп әдістемесін білу, қаржылық есеп пен есептіліктің рөлі мен принциптерін білу және ұйымның есеп саясатын құрастыра білу.
  • Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және инженерлік білімдерін көрсете білу, теориялық және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу әдістерін көрсету.
  • Кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.
  • Экономиканың түрлі деңгейлері мен салаларында қысқа мерзімді және орта мерзімді болжамдарды жасау кезінде динамикадағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды талдау.
  • Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу және түрлі тәсілдерді қолдана алу.
  • Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау бойынша шығындар сметасын құру дағдысын меңгеру, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдай білу және басқару және өндірістік қызмет деңгейін арттыруға ықпал ету, микро -, макроэкономикалық деңгейлерде тарифтік кестенің ерекшеліктеріне қарай бюджеттік салада жалақы бойынша есептеу және қалыптастыру бойынша сметаларды құру.
  • ХҚЕС және ҚСХҚЕС сәйкес компанияның қаржылық есептілігін дайындау үшін ұйымның есеп құжаттамасын жүргізе алуы.
  • ХАС сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау және аудит жүргізу, ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік аудит бағдарламасын құру, бухгалтерлік құжаттарды сараптамалық зерттеу тәсілдерін меңгеру, бюджеттік мекемелердегі бақылау мен ревизияның ерекшеліктерін білу, бақылау мен ревизияның рөлі мен принциптерін сипаттау.
  • ИНТОСАЙ-ға сәйкес бюджеттік ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне бухгалтерлік сараптама және мемлекеттік аудит жүргізу, бюджеттік ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу.
  • 1С: Бухгалтерия: СОНО бағдарламасының конфигурациясы мен құрылуын білу, СОНО автоматтандырылған бағдарламасын қолдана білу.
Top