Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06133 Ақпараттық жүйелер в Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Оқыту нәтижелері

  • Математикалық модельдердің есептерін шешу дағдыларын, ақпаратты компьютерлік өңдеудің жай-күйі мен дамуын болжау үшін ықтималдық және математикалық модельдерді құру, талдау және қолдану әдістемесін меңгеру
  • NET-платформаларда бағдарламалаудың инновациялық технологияларын іске асыра білу, ғылыми зерттеулердің жіктелуі мен әдістерін, ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын ғылыми-техникалық құжаттаманың түрлерін білу
  • Ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғаудың тиімділігін бағалау дағдыларын меңгеру
  • Коммуникациялық және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін бағалаудың негізгі критерийлерін білу
  • Бұлтты есептеулер мен дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ете білу
  • Ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін зияткерлік платформаларды әзірлей және қолдана білу
  • Кәсіпорында сыни жағдайларда шешім қабылдай білу, тәуекелдерді басқару
  • Мемлекеттің әлеуметтік саясатын, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін және Қызметті құқықтық қамтамасыз етуді ескере отырып, IT қызметті ұйымдастыруда менеджмент және маркетинг дағдыларын меңгеру
  • Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік саласындағы ғылыми жетістіктерді талдау
  • IT-сервистердің деректер базасы мен архитектурасын жобалау және ақпаратты қорғау дағдыларын меңгеру
  • Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын меңгеру
  • Ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шеше білу, зияткерлік жүйелер мен ақпараттық қауіпсіздікті талдау, әзірлеу құралдарын қолдана білу
Top