Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04203 Кеден ісі в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты ББ мақсаты жалпымәдени және кәсіптік құзыреттіліктерге және кеден ісі саласындағы іргелі базалық білімге ие, кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуді басқара алатын, кеден саласында құқық тәртібін қамтамасыз ете алатын, кеден органдары лауазымды тұлғаларының, мамандарының және кәсіптік саласындағы сарапшы функцияларын атқара алатын біліктілігі жоғары мамандарды даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
  • Дайындық бағыты 6B042 Құқық

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кеден ісінің ұйымдастырылуын, процесін, механизмдерін, құрылымын бағалау; кеден ісі аясындағы заңдарды, басқару әдістерін, қағидаларын қолдана алу; ҚР кеден органдарын ұйымдастырудың жүйесі мен қағидаларын, мемлекеттік аппараттың құрылымын, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың құзіретерін ажырату; жемқорлық сыбайластық жағдайларын білу және жолын кесу; саяси контексті интерпретациялау және стратегиялық ойлау әдістері мен шешім қабылдай алуды көрсете білу; ұжымдағы міндеттерді бөлу мен басқаруда көру дағдыларын меңгеру; кеден органдарында жұмыс істеу тәртібін түсіндіру.
  • Кеден органдары құзіреті шегінде әкімшілік өндірісті жүргізе алу; кеден ісі аясындағы азаматтық дауларды шешу мен сот өндірісі тәртібін игеру; сот актілеріне шағымдану тәртібі мен процедураларын түсіндіру; арнайы құралдарды қолдана отырып жедел-іздестіру және анықтама әдістерін қолдана алу; шетелдік кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтардан жалтаруларды анықтау тәжірибесімен, олардың әдістерімен, нысандарымен таныс болу.
  • Кәсіптік қызметте ақпараттық-байланыс құралдарын қолдану; ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу әдістерін түсіндіру, ақпараттық және байланыс процестерін жүзеге асыру әдістерін түсіндіру; кеден ісі аясындағы мәліметтерді талдау және басқару құралдарын қолдану; эклектрондық кеден және ақпараттық мәліметтер банкімен, электрондық үкіметпен, электрондық сот ісін жүргізумен жұмыс істей алу.
  • Кеден статистикасын жүргізу әдістерін игеру; тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру тәртібін және оларды бұзғандық үшін жауапкершілікті білу; тауарларды жіктеу үшін СЭҚ ТН жүргізу және қолдану тәртібін түсіндіре алу; арнайы экономикалық аймақтарда тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану мен оарға орналастыру тәртіптерін сипаттау; тауарлардың шығарылған елін анықтай алу.
  • Бизнес ортадағы инновация мен кәсіпкерлік қызмет түрлерін, ҚР мен шетелдердің қаржы жүйелерін ажырата және бағалай алу және қаржы институттарының мәнің білу; құқықтық институттарды: мәмілелер, заттық құқық, міндеттемелік құқық, шарттар – интепретациялау жане сыртқы экономикалық ретінде саралау; кәсіпорын халықаралық нарыққа кірген кезде басқарудың әртүрлі қырларын анықтай алу.
  • Ұлттық және халықаралық нормативтік-құқықтық актілерді, жемқорлыққа қарсы заңнаманы тақылау, түсіндіре және қолдана алу; қазіргі заманғы құқықтық жүйелерді білуін көрсету; қаржылы, әкімшілік, азаматтық, кеден, еңбек, қылмыстық, халықаралық сауда, салықтық құқықтық қатынастарды талдай және саралау; құқықтық жағдайларды шешу; кеден органдары қызметкерлері мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың санаткерлік, еңбек және өзге де құқықтарын қорғау механизмдерін білу; қылмыстық құқық бұзушылықтарды талдай алу; қылмыстармен күресудің қылмыстық-процессуалдық нысандары мен құралдарын бағалау.
  • Кеден сараптамасын тағайындаудың және жүргізудің объектілерін, әдістерін, түрлерін және тәртібін интерпретациялау және ажырата алу; кедендік бақылаудың техникалық құралдары мен технологияларын бағалау; кеден шекарасында ветеринарлық, фитосанитпрлық, радиациялық, көліктік бақылаулар жүргізудің түрлерін, нысандарын, әдістерін тәртібін ажырату; кедендік төлемдерге бақылау жүргізудің нысандары мен әдістерін қолдана алу; кедендік тексерулер жүргізу кезінде Е-аудиттің халықаралық тәжірибесінен хабары болуы.
  • Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіптік, мәдениетаралық қатынастар аясында когнитивтік және байланыстар қызметінде ауызша және жазбаша қазақ, орыс және шет тілдерді игеру; кеден ісі аясында құжат айналысы мен іс қағаздарын жүргізе алу; сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ақпараттар және кеңестер беру.
  • Кедендік инфрақұрылымның және қойма шаруашылығының ерекшеліктерін сипаттау; қойма жабдықтарының оңтайлы құрылымын түсіну; көліктік-транзиттік логистика жүйесін түсіну; негізгі көлік түрлері мен көлік жолдарын ажырата білу.
  • Халықаралық экономиканың тенденцияларын ескере отырып кеден саясатын талдау және болжау; ДСҰ-ның нормативтік құқықтық базасын талқылай алу; ДСҰ аясындағы кеден және сауда саясатының қалыптасу технологияларын білу және оларды іске асыру механизмдерін тану; ДСҰ аясында дауларды шешу тәртібін түсіндіре алу; ЕАЭО органдарының құрылымы мен функцияларын, елдерін типологияларын ажырата алу және сыныптау; қазіргі әлемдік экономиканың тенденциялары мен проблемаларынан хабарының болуы; әртүрлі елдер арасындағы сауда құқықтық қатынастарының түрлерін ажырата алу; қазіргі заманғы салық жүйелерін білу.
  • Қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің тарихын, оның қалыптасуы мен дамуның негізгі кезеңдерін интерпретациялау; әлемді танудың ерекше нысаны ретінде философия туралы жүйелі түсінікке; әлеуметтанудың, саясаттанудың, мәдениеттанудың, психологияның пәндік білімдерін, қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіре алу; денсаулықты сақтау және нығайту әдеттеріне ие болу, тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін арттыру; қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің өзара байланысын, биосфераның қызметін, адамның өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қарапайым ережерін анықтау; әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұраларының маңызын бағалау.
  • Кедендік-тарифтік жүйелерді ажырата алу; Кеден одағындағы кедендік тарифтерді қолдану тәртіптерін интерпретациялау; тарифтік емес реттеу шараларын қолдануды талдау: квоталауды, лицензиялауды, экспортты ерікті шектеуді, техникалық шектеуді; тауарлардың кедендік құның анықтау әдістерін және оларды есептеуді қолдана алу; кедендік төлемдерді ажырату және түрлерін білу, есептеу және төлеу мерзімдерін, кедендік баж ставкаларының түрлерін ажырату.
Top