Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04205 Құқықтану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке және іргелі базалық құқықтық білімге ие; мемлекеттік басқару жүйесінде, құқық қорғау қызметінде, азаматтық қоғамның неғұрлым маңызды салаларында жұмыс істей алатын; құқықтық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін; заңтану саласындағы лауазымды тұлғалардың, мамандар мен сарапшылардың функцияларын орындай алатын білікті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
  • Дайындық бағыты 6B042 Құқық

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қылмыстық, әкімшілік және өзге де құқық бұзушылықтарды саралау; оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; соттылығы мен ведомстволық бағыныстылығын айқындау; құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
  • Прокурорлық қадағалауды, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға, тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізу; фактілер мен мән-жайларды анықтауға, қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; қылмыстық іс бойынша процестік шешімдер қабылдау; хаттамалар мен өзге де процестік құжаттар жасау;
  • Қылмыстарды тергеудің техникалық-криминалистикалық құралдары мен әдістерін қолдану, қылмыстарды ашу және тергеу әдістерін меңгеру; материалдарды дайындау және сот сараптамаларының авторландыру, фототехникалық, трасологиялық, баллистикалық, фоноскопиялық және басқа түрлерін тағайындау.
  • Қазақ, орыс,шет тілдерін ауызша және жазбаша меңгеру; құқық қорғау қызметінде іс жүргізуді және құжат айналымын жүргізу; халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу; құқықтық санаттарды түсіндіру; олардың мәнін түсіндіру және оларды практикада қолдану
  • Бизнес, қаржы, мемлекеттің қаржылық қызметі, қаржылық дауларды шешу, халықаралық және ұлттық қаржы саясаты, қаржы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік саласындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктерін білетіндігін және түсінегін крсету; жүктелген функционалды іске асыру мақсатында осы нормаларды іс жүзінде қолдана білу.
  • Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; ақпараттық деректер банкімен; электрондық үкіметпен; электрондық сот ісін жүргізумен жұмыс істеу дағдыларын көрсету; қазіргі заманғы мемлекеттің функцияларын іске асыру шегінде процестік құжаттарды жасау; әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру
  • Мемлекет пен құқықтың мәні мен формасын түсіндіру; Қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің дамуының негізгі кезеңдерін анықтау; философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның маңызын түсіндіру; денсаулықты сақтау және нығайту дағдыларын меңгеру; тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтарын анықтау; Әл-Фараби, Абай мұраларының маңызын ғылыми және философиялық тұрғыда бағалау.
  • Ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы ұғындыру, түсіндіру және қолдану; Конституциялық, қаржылық, әкімшілік, азаматтық, кедендік, еңбек, қылмыстық, халықаралық-сауда, салықтық құқықтық қатынастарды талдау және саралау; қазіргі заманғы құқық нормаларын практикада қолдану, құқықтық жағдайларды шешу;
  • Экологиялық, жер, су және аграрлық заңнаманың құқықтық нормаларын білу және дұрыс қолдану, жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу ерекшеліктерін талдай және бағалай білу.
  • Азаматтық, кәсіпкерлік және келісімшарттық құқық саласындағы құқықтық құжаттарды жасау, рәсімдеу, жүйелендіру; заңдық іс-әрекеттердің барлық түрлерін жүзеге асыру: шарттар, талап-арыздарды құрау; құқықтық қорытындылар, пікірлер беру; түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультация беру, халыққа құқықтық көмек көрсету;
  • Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; заңнамадағы олқылықтарды анықтау және заңнамалық техниканы меңгеру негізінде оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғаудың сот және соттан тыс рәсімдеріне қатысты білімді практикада қолдану; азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын қолдану;
  • Отандық және халықаралық кеден құқығы нормаларын қолдану және жасалған кедендік келісімдер мен тауар айналымы шарттарын іске асыруды қамтамасыз ету білімі мен дағдыларын көрсету, сауда өзара қарым-қатынастары, ішкі және сыртқы сақтандыру мен инвестициялау саласындағы құқықтық проблемаларды шешудің оңтайлы нұсқаларын жіктеу.

Ұқсас БББ

Top