Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • негізгі ғылыми әдістерді, теорияларды, концепцияларды талдау негізінде сандық электронды құрылғыларды құру және дайындау, эксперименттік және теориялық зерттеулерді ұйымдастыру, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар облысындағы негізгі ғылыми және инженерлік мәселелерді шешу кезінде алынған нәтижелерді өңдеу және түсіндіру;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникациялардың заманауи ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге арналған телекоммуникациялық желілерді құру және жобалау, қойылған мәселені шешетін белгілі бір әдісті таңдаудың артықшылығын ұсына білу;
  • интеллектуалды ақылды жүйелер желісі мен архитектурасын жобалау және сынау, сондай-ақ наноқұрылымды шалаөткізгіштердің электрлік және оптикалық қасиеттерін, электронды жүйелердегі синхрондалу құбылыстарын, интегралды тізбектердегі нейронды желілерді, кеңжолақты радиотехникалық генераторды, телекоммуникациялық жүйелердегі маршрутизатор моделін, «сигнал-шум» қатынасын анықтайтын информация-энтропиялық әдістің эксперименттік және теориялық зерттеу нәтижелерін бағалау;
  • стационарлы және жылжымалы робожүйелерді, обьектіні тану жүйелерін, IoT жүйелерін жасанды интеллект әдісі мен технологиясын қолданып өздігінен ұшу аппараттарын, өздігінен оқытылатын интеллектуалды жүйелер мен нейронды желілерді талдау және жоспарлау;
  • сандық сигналдарды талдау әдістерін оның ішінде модуляция, детектрлеу, оптикалық сигналдарды қайта құру мен оптикалық күшейту, ақпаратты қорғау мен кодтау, сызықты сигналдарды кодтау әдісі, талшықты-оптикалық таратудың негізгі параметрлерін есептеу әдісін таңдау және қолдану, тарату мен коммутацияның оптикалық жүйелерін дамытудың болашақтағы бағыттарын есептеу;
  • шуылы бар сигналдарды өңдеу, сымсыз канал және талшықты-оптикалық желі бойынша әртүрлі ақпаратты тарату жүйелерін салыстыру, оптикалық базаның компоненті мен сандық сигналдарды талдау әдісін меңгеру;
  • сандық радиоэлектронды және наноэлектронды құрылғыларды жобалау және дайындау, радиотехникалық және телекоммуникациялық жүйелердегі болып жатқан процестерді моделдеу, сондай-ақ, оларды практикада қолдана білу, алынған нәтижелерді жалпылау және интерпретациялау;
  • заманауи интеллектуалды жүйелерді дайындау, әртүрлі типтегі телекоммуникациялық сигналдарды сандық талдаудың әртүрлі әдістерін қолдануды таңдауды салыстыру және түсіндіру;
  • ғылыми-зерттеу және қолданбалы сферада мәселелерді, мақсатты, тапсырманы қалыптастыру, оларды өз бетінше шешу, жасалынған жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасау және оларды түсіндіру, шетелдік ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс істей білу, кәсіби жетістіктер саласындағы халықаралық одақтастарға қатысу, командада жұмыс істей білу;
  • жаңа оқыту әдістерін, заманауи білім беру технологиялары мен жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық жетістіктердің ғылыми жұмыстар мен жобалардың ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдану;
  • телекоммуникациялық жүйелерде, сондай-ақ, байланыс және желі каналдарын қорғауда қолдануға үшін сигналдарды параллел өңдейтін жылдамәсерлі тізбектерге негізделген жаңа сандық модулдерді жобалау және дайындау;
  • өзінің педагогикалық жетістігінде жоғары мектеп педагогикасы мен психология білімдерін қолдану, интерактивті әдістерді қолдану, жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде сыни ойлау және шығармашылық әдісті қолдану, ғылыми зерттеуді жүргізуге және ЖОО-да арнайы дисциплиналарды оқытуды қамтамасыз етуді орындауда кәсіби деңгейде ағылшын тілін меңгеру
Top