Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08123 Агрономия в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді талдайды және бағалайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын қалыптастырудың негізгі тәсілдерін біледі; қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын жасау білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді; құқық, экономика, экология негізгі категориялары мен ұғымдарын қолданады.
  • Агрономияның дамуы, ауылшаруашылық ғылымының пайда болуы саласындағы теориялық және кәсіптік білімдері мен дағдыларын меңгереді, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру кезінде агроклиматтық болжау әдістерін қолданады, морфологиялық белгілері бойынша топырақты анықтай алады, агрохимия бойынша білімдері мен дағдыларын қолданады.
  • Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру әдістерін будандастыру, сорттарды шаруашылық негізде бағалау, өсіру процесін жоспарлау, сорт сынау мәліметтерін статистикалық өңдеу әдістерін меңгереді, әртүрлі факторлардың өнімділікке әсерін зерттейді, тұқымның сорттық және егістік сапасын анықтайды, өсімдік шаруашылығы өнімдерін бастапқы өңдеу және сақтау технологияларын қолдану дағдылары бар.
  • Жемшөп алқаптарын, жемшөп дайындауды жақсарту бойынша ұсынымдарды қолданады, өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жемшөп өсірудің озық технологияларын енгізеді, жайылымдық шаруашылықтарды жақсарту жөніндегі іс-шараларды таңдауда практикалық дағдылары бар, күтілетін ауа райы жағдайына сәйкес ауылшаруашылық дақылдарын өсіру негіздері туралы білімі бар, бейімделгіш өсімдік шаруашылығы негіздерінің теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, экологиялық қауіпсіз өнім өндіру негіздерін меңгерген.
  • Далалық зерттеу эксперименттерін жүргізу, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, ғылыми жұмыстардың барлық түрлерін дайындау, статистикалық талдау және эксперимент нәтижелерін есептеу әдістерін қолдану дағдылары бар.
  • Алғашқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыруды және бастапқы тұқым шаруашылығы процесінде сорттарды жетілдіруді негіздеуді біледі, ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктерін, даму фазаларын, тұқымдардың химиялық құрамын біледі, апробация әдістемерімен,апробация жұмыстарын ұйымдастыру техникасын, далалық апробабияның теориялық негіздерін,егістік дақылдардың жеке селекциялық жұмыстардың барлық түрлерін жүргізеді.
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен сараптамасын, тұтынушылық қасиеттерінің ассортиментін, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтаудың органолептикалық, зертханалық, есептік, тәжірибелік әдістерін біледі, стандарттау, метрология, сертификаттау, тұтынушылық қасиеттері, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын реттеу және нормативтік құжаттармен жұмыс істеу бойынша білімдерін көрсетеді.
  • Ауылшаруашылық биотехнологиясының әдістерін, ауылшаруашылық өсімдіктерінің жасушалық және ұлпа биотехнологиясын, жасанды ұрықтандыру әдістерін біледі және қолданады, гендік инженерия негіздерін зерттейді, өсімдік шаруашылығында in vitro әдістерін қолданады, ауыл шаруашылығы дақылдарын интродукциялау, трансгенді өсімдіктердің даму тарихы, трансгенді өсімдіктердің экологиялық қауіпсіздігін бағалау туралы білімі бар.
  • Егіншіліктің теориялық және практикалық мәселелерін, соның ішінде дақылдардың өмір сүру жағдайларын, ауыспалы егіс пен топырақты өңдеу жүйесін,заманауи егіншілік жүйелеріндегітәсіл негіздерін, ауыл шаруашылық дақылдары сорттарының морфологиялық және биологиялық сипаттамаларын, өсіру әдістерін, өсімдік өнімділігінің теориялық негіздерін және дақылдың қалыптасуын, далалық дақылдар мен өсіру технологияларын жіктейді және сипаттайды.
  • Ауылшаруашылық машиналары туралы білімін көрсетеді, жер өңдеуге, ауылшаруашылық дақылдарын себуге, күтіп-баптауға және тазалауға арналған ауылшаруашылық машиналарын қолдану принциптерін біледі,тракторлардың түрлерін таңдайды және олардың ауылшаруашылық өндірісінің жұмысында ұйымдастыра алады.
  • Топырақтың белсенді қабатының су режимі және оны реттеу, суландыру мелиорациясы, батпақтарды мелиорациялау, топырақты өңдеу,ауылшаруашылық сумен жабдықтау және суландыру, мелиоративтік жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу, суару әдістерімен техникасын пайдалануды біледі.
  • Қорғалған топырақ құрылыстарында көкөніс өсіру технологиясын зерттейді,жылыжай жағдайында көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи әдістерін меңгереді, картоп дақылдарының өсірудің сорттық, агротехникалық ерекшеліктерін біледі, жүзім өсіру бойынша агротехникалық шараларды қолдана алады және жүзім сорттарына ампелографиялық талдау бойынша білімді көрсетеді, ашық далада көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын, тұқым өсіру сапасы мен технологиясын, жеміс-жидек және жеміс дақылдарын қарқынды өсіру технологиясын біледі.
  • Ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері, өсімдік зиянкестерінің биологиясы туралы білімі бар, өсімдік зиянкестерімен күресу әдістерін таңдайды, өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шаралар жүйелерін, өсімдіктерді жұқтырудың негізгі көздерін әзірлеу мен қолданудағы білімдерін көрсетеді, өсімдік ауруларының дамуы мен таралуының жалпы заңдылықтарын тани алады, ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына тексеру жүргізу кезінде алған білімдерін қолданады, зиянкестер мен аурулардың негізгі түрлерін анықтайды.
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге қажетті бастапқы мәліметтерді жинау және талдау дағдылары бар, ауыл шаруашылығы дақылдарын интенсивті өсіру технологияларын әзірлеу негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауды жоспарлау және болжау саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгереді.
Top