Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B04210 Құқықтану в Halyqtar dostyǵy
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Құқық қорғау және құқық қолдану қызметін жүзеге асыруға қабілетті, кәсіби біліктілігі бар жоғары білікті құқық бакалаврларын даярлау; түлекті өз бетінше оқытуға және жаңа кәсіби білім мен дағдыларды игеруге, кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Рим құқығы
Құқықтық логика
Мемлекет және құқық теориясы
Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы
ҚР конституциялық құқығы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
-
2 Оқу жылы
Тіршілік қауіпсіздік негіздері
ҚР құқық қорғау органдары
Экология және тұрақты даму
ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)
ҚР нотариаттық қызмет
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
ҚР Еңбек құқығы
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Экономика және құқық негіздері
ҚР Азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Ғылыми зерттеу әдістері
ҚР Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)
Кәсіпкерлік негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
-
3 Оқу жылы
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік құқығы
ҚР жер құқығы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы
Дала тұлғаларының тарихы
ҚР отбасы құқығы
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы
Рухани жанғыру және қазақ тарихының мәселелері
Minor бағдарламасы
ҚР құқық қорғау органдары жүйесін цифрландыру
Модернизациялау жағдайындағы ҚР құқық қорғау қызметі
Атқару өндірісі
ҚР қылмыстық атқару құқығы
-
4 Оқу жылы
ҚР инвестициялық құқығы
Халықаралық жария құқық
ҚР Кәсіпкерлік құқығы
ҚР Банк құқығы
Заң психологиясы
Жедел-іздестіру қызметі
Ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық қорғау
ҚР Адвокатурасы
Сот сараптамасы
Криминалистика
Криминалистикалық техника және тактика
ҚР прокурорлық қадағалау
ҚР қаржы құқығы
Криминология
Конфликтология
Төрелік және медиация
Оқыту нәтижелері
- Құқықтық құралдардың толық спектрін пайдалануға азаматтық, қаржылық, кәсіпкерлік, банктік, салықтық, сақтандыру, экологиялық, жер құқығының нормаларын меңгере білу, азаматтық және қылмыстық процестерде ерекше іс жүргізудің барлық түрлерін қолдана білу, заңды және негізделген шешімдер қабылдау үшін құқық нормаларын түсіну, қалыптасқан жағдайдан құқықтық жолмен шығу жөніндегі шаралар мен ұсыныстарды дайндай білу, қоғамның сыни пікірлерін жүйелі түрдеқабылдай білу.
- Өзінің кәсіби мақсаттарында сабақтас ғылымдардың: Философия, әлеуметтану, психология, мәдениеттану деректерін көрсету, логика, онтология және таным теориясы, әлеуметтік философия, шет елдердің тарихы, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі саласындағы базалық білімді кәсіби қызметте еркін түсіндіру және пайдалану.
- Лауазымдық міндеттері шегінде (әкімшілік, сот, прокурорлық, тергеу, нотариалдық және т. б.) іс-әрекеттерді негіздей білу, шешім қабылдауға және жасауға, мемлекеттік органдардың барлық түрлерінің құзыреттерінің аражігін ажыратуға, олардың құқықтық мәртебесін айқындауды, олар қабылдайтын ведомстволық актілерді меңгеру.
- Адам мен қоғамның, мемлекет пен құқықтың, заңдылық пен құқықтық тәртіптің орны мен рөлін түсіну; моральдық, жалпы адамзаттық, гуманистік қасиеттер мен парасаттылық таныту; логикалық ойлау, жанжалды жағдайларды шешу, адамгершілік және физикалық өзін-өзі жетілдіру қабілетін көрсету. Мемлекеттік қызметшінің, заңгердің ар-намыс кодекстерін сақтауға үйрену, айналасындағыларға құқықтық төзімділік пен заңға бағынуға дағдыландыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете алу, кәсіби ортада меңгерілген құқықтық білімді қолдану.
- Клиентпен келіссөздер жүргізе білу, әңгімелесулер жүргізу, кеңестер, сот отырыстарын өткізудің жалпы ережелерін білу, жауап алу, беттестіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нормативтік-құқықтық базасы мен құқықтық негіздерін меңгеру. Ақпараттық технологиялардың дамуын ескере отырып, киберкеңістіктегі қылмыстардың өзіндік ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып, қазіргі қылмыстың динамикасы мен құрылымына мониторинг жүргізе білу.
- Қылмыстарды ашу және қылмыстық істерді тергеу кезінде техникалық және криминалистикалық құралдар мен сот сараптамаларының нәтижелерін қолдану, криминалистикалық және сот сараптамаларын тағайындаудың негізгі әдістерін білу, әртүрлі сараптамаларды тағайындау тәртібі мен ерекшеліктерін білу.
- Бастапқы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе білу, процессуалдық ресімдеу тәртібін, кінәлінің іс-әрекеттерін дұрыс саралау, сот тергеуінде нақты деректерді пайдалана білу. Ақпаратты іздеу және игеру дағдыларын қолдану, теріс қылықтарды, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтаудың, жолын кесудің, ашудың және тергеудің негізгі әдістерін пайдалана отырып, логикалық пайымдаулар әзірлей алу, оларға жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын жетік меңгеру.
- Құқықтық ұғымдар мен категориялармен еркін жұмыс істей білу, білімнің тұтас жүйесіндегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәні, сипаты мен байланысы және олардың заңды іске асырудағы маңызы туралы түсінікке ие болу. Отандық, халықаралық құқықтың түрлі салаларының нормаларының құзыреттілігін ажырата білу, ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларын дұрыс қолдану, проблемаларды шешудің оңтайлы жолдарын таба білу және кәсіби қызметтегі міндеттерді іске асыруға байланысты шешімдер қабылдай алу.
- Мемлекет және құқық теориясының негізгі принциптерін, олардың пайда болу тарихын, мемлекеттің конституциялық құрылысын, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеу мен басқарудың құқықтық аспектілерін нақты түсіну, ағымдағы және жаңа салалық заңнаманың жай-күйін талдай білу, нормативтік-құқықтық актілердегі коллизияларды, олқылықтарды, сәйкессіздіктерді анықтай білу.
- Ақпараттық технологияларды меңгеру, ақпараттық құқықтық жүйелермен жұмыс істеу, ақпарат көздері мен сипатын жүйелеу, электрондық құжат айналымын жүргізу.
- Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту; өмір бойы өзін-өзі дамыту және білім беру дағдыларын қалыптастыру; әртүрлі көздерден, ғаламдық компьютерлік желілерден ақпаратты талдау; әріптестермен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынас жасау.
- Заңды іс-әрекеттерді жүзеге асыра білу, шарттар жасау, меморандумдар, талап-арыз, арыздарды жасау; құқықтық қорытындылар, пікірлер, тезистер беру, түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтық-еңбек даулары мәселелері бойынша келісімдерге қол жеткізуді меңгеру;