Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01545 Химия-Биология в Halyqtar dostyǵy

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В01545 – «Химия биология» білім беру бағдарламасының мақсаты химия биология пәнінен сапалы білім, аналитикалық, зерттеушілік, этикалық, тілдік және икемді дағдылары, көшбасшылық қасиеттері бар педагогтарды даярлау болып табылады. Жаратылыстану ғылымдары бойынша көп мәдениетті, коммуникативтілікті меңгерген, педагогикалық қызмет саласындағы әлеуметтік маңызды міндеттерді қазіргі ғылыми-практикалық деңгейде шығармашылық және жоғары кәсіби түрде шеше алатын, сондай-ақ жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие жоғары білікті педагог кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
  • ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Биотехнологиялық процестерге әсер ететін факторларды анықтау үшін алынған іргелі білімді қолдана білу; Химиялық және биологиялық процестердің негізгі заңдылықтарын түсіндіру.
  • Оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің заңдылықтарын білу, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар және олардың әр түрлі жас кезеңінде оқу процесінде пайда болатын көріністерін білу.
  • Кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.
  • Зертханалық және далалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, химия мен биологияны оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың заманауи технологиялары мен интерактивті әдістерін жүйелей, қолдана білу.
  • Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және инженерлік білімдерін көрсете білу, теориялық және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу әдістерін көрсету.
  • Іскерлік пікірталастарды, іскерлік коммуникацияларды жүргізуге, табиғатты пайдаланудың құқықтық және экономикалық негіздерін, табиғатты қорғауды және ұжымда жұмыс істеу қабілетін меңгеру.
  • Тірі жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктерін, оларды ұйымдастыру деңгейлерін, биологияның негізгі тұжырымдамаларын, әдістері мен даму перспективаларын білу, биологиялық және химиялық объектілерді бақылау, сипаттау, сәйкестендіру және жіктеу әдістерін меңгеру.
  • Қазіргі қоғамдағы педагогтің әлеуметтік қызметі мен рөлі туралы білу; педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру және педагогикалық жағдайларды талдау және оларға негіздеме беру. Кәсіби-педагогикалық қызметте өзін-өзі белсендіруге дайын болу.
  • Химиялық үрдістер мен биологиялық нысандардың сан-алуандылығы туралы теориялық негіздер мен базалық түсініктерді білуі, базалық жалпы кәсіби ақпаратты мазмұндай және сыни тұрғыдан талдай алуы тиіс.
  • Анықталмағандық жағдайында жұмыстың зерттемелік және кәсіпкерлік дағдыларын қолдана білу.
  • Дербес және топпен тиімді жұмыс жасай білу, өз көзқарасын нақты дәлелдей алу, өз әрекетін түзетіп, түрлі әдістерді қолдана білу.
Top