Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M06210 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар в Halyqtar dostyǵy
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ББ мақсаты: зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруға қабілетті телекоммуникациялық жүйелер мен интеллектуалды ақпараттық жүйелер саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M096 Коммуникация және коммуникациялық технологиялар
-
Білім беру саласы 7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 7M062 Телекоммуникациялар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Телекоммуникациялық компаниялардың спутниктік және радиорелелік қызметтерді ұйымдастыру және техникалық қызмет көрсету
Жоғары мектептің педагогикасы
Ғылым тарихы мен философиясы
Радиорелелік және тропосфералық тарату жүйелері
Телекоммуникация желілері мен жүйелеріндегі басқару және сигнализация
Кабельдік және талшықты оптикалық тарату жүйелері
Шет тілі (кәсіби)
Желі технологиясы
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялардағы теория және эксперименттік техника
Телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялардың ғылыми техникалық мәселелері
Телекоммуникация жұйелерінің сенімділігі және өміршендігі
Басқару психологиясы
Ақпараттарды қорғаудың криптографиялық әдістемесі
-
2 Оқу жылы
Телекоммуникация жүйелерінде өлшеу әдістері мен құрылғылары
Телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелерді кепілдік және үздіксіз қоректендіру
Қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологиялары
Қазіргі заманғы космостық технологиялар
Телекоммуникация желілерін алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз ету
Теледидар және телекоммуникация жүйелерінде бейнесигналдарды татару
Телекоммуникациялық компанияларда спутниктік және радиорелелік қызметтер ұйымдастыру технологиясы
Дыбыс және бейне сигналдарын түрлендірудің микропроцессорлық жүйелері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қажетті ақпаратты іздеу және таңдау, оны түрлендіру, сақтау және беру әдістерін меңгеру. Сандық сигнал беру жүйелерін пайдалану, сақтау, қорғау және басқару дағдыларын меңгеру. Телекоммуникацияның әртүрлі технологияларында беру кезінде деректерді қорғауды жүзеге асырудың принциптері, әдістері мен құралдары туралы жүйелі түсінікке ие болу.
- Ұйымда персоналды тиімді басқару, адамдарды басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру. Радиобайланыс, хабар тарату және жерсеріктік байланыс саласының мамандарын өндірісті дамытудың қазіргі заманғы технологияларын білікті құру үшін байланыс саласының кәсіпорындарында ұйымдастыру мен жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін басқара білу.
- Байланыс кәсіпорындары мен ұйымдарында байланысты ұйымдастырудың негізгі кезеңдері мен әдістерін білу. Технологиялық объектіні диспетчерлік басқару жүйесін жобалау білімін меңгеру.
- Үш тілде құжаттарды сауатты түсініп, құрастыра білу. Ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделе отырып, күнделікті кәсіби қызметке және білімін жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдысының болуы.
- Байланыс құрылғыларында әртүрлі электр сигналдарының параметрлері мен сипаттамаларын өлшеу және есептеу әдістерін меңгеру. Желілерді қалыптастыру принциптерін, қабылдау-тарату құрылғыларын, Антенналарды, сондай-ақ телекоммуникацияда қолданылатын хаттамалар мен интерфейстерді білу.
- Телекоммуникациялық жүйеге қойылатын жалпы талаптарды ескере отырып, қол жеткізу желілерін жаңғыртудың перспективалы әдістерін меңгеру. Мультисервистік қатынау желілерін құру негіздерін және сымды және сымсыз қатынау желілерін дамыту үшін қолданылатын қазіргі заманғы технологияларды білу.
- Негізгі функционалдық тораптарды есептеуді жүргізе білу, Байланыс құралдарының жұмысқа қабілеттілігіне сыртқы факторлардың әсерін талдауды жүзеге асыру; дағдысы болу – байланыстың бағдарламалық-аппараттық құралдарын жобалау және есептеу үшін компьютерлік техника құралдарын қолдану.
- Компьютер көмегімен әзірленетін және пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, коммутация және байланыс құралдарының жұмыс принциптерін, техникалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшеліктерін модельдеу және бағдарламалау мүмкіндігіне ие болу.
- Кәсіби қызметтің мақсаттарын өз бетінше анықтай білу және оларға қол жеткізудің барабар әдістері мен құралдарын таңдай білу, заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып мәселелерді шеше білу. Кәсіпорында инновациялық қызметті ұйымдастырудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жүзеге асыру.
- Қазіргі ғылыми тәсілдер негізінде байланыс техникасын терең теориялық және практикалық білу. Электрондық құрылғылар мен схемалар өндірісінің негізгі параметрлері мен технологиясын түсіну.