Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01104 Жалпы хирургия в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Дәлелді медицина және заманауи медициналық технологияларды қолдану қағидаттарына сәйкес барлық жас топтарындағы халыққа хирургиялық көмекті тиімді және уақтылы көрсетуге қабілетті бәсекеге қабілетті, жоғары білікті хирургты дайындау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R036 Жалпы хирургия
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Поликлиникалық хирургия
1-ші Жоспарлы хирургия: Операциялық хирургия және клиникалық анатомия
1-ші Іріңдіктер хирургиясы: Амбулаторлық іріңдіктер хирургиясы
1-ші Жедел хирургия: Асқазан - ішек хирургиясы
2-ші Іріңдіктер хирургиясы: Госпиталді іріңдіктер хирургиясы
-
2 Оқу жылы
Эндоскопиямен гастроэнтерология
Кеуде хирургиясы
Балалар хирургиясы
Анестезиология және қарқынды терапия
2-ші Жоспарлы хирургия: Тоқ және тік ішектің хирургиясы
2 өші Жедел хирургия: Құрсақ ағзалары мен шекаралас аймақтардың жарақаттарының хирургиясы
3-ші Іріңдіктер хирургиясы: Госпиталді спецификалық (нақты) іріңдіктер хирургиясы
3-ші Жоспарлы хирургия: асқазан-ішек жолының хирургиясы
-
3 Оқу жылы
3-ші Жедел хирургия: Бауыр-өт жолы-ұйқы безі хирургиясы
4-ші Жоспарлы хирургия: Бауыр-өт жолы-ұйқы безі хирургиясы
Реконструктивті хирургия
Микрохирургия
Травматология (жедел)
5-ші Жоспарлы хирургия: Лапароскопиялық және эндовидеолық хирургия
Хирургиядағы эндоваскулярлық технологиялар
Хирургиядағы азжарақаттайтын (мини инвазивті) технология
Урология (жедел)
Оқыту нәтижелері
- Адам ағзасы құрылымы мен қызметінің қалыпты жағдайы мен патологиясы туралы білімді жас ерекшеліктеріне байланысты диагностиканы, емдеуді, оның ішінде хирургиялық емдеуді қамтамасыз ету үшін физикалық, арнайы хирургиялық, зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері дағдыларын меңгеріп және оларды интеграциялау негізінде хирургиялық патологиядағы клиникалық симптомдарды, синдромдарды анықтап және түсіндіріп, дәлелді медицина ұстанымдарын қолдану негізінде ауруды басқарып пациенттің денсаулығын нығайту.
- Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларды, сонымен қатар хирургиялық көмек стандартына ескере отырып, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес пациенттерге мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетудегі қолданылатын ем мен хирургиялық араласулардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
- Хирургиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу, диагностикалық рәсімдерді орындауды және тиісті араласуларды бастауды қоса алғанда, шұғыл жағдайлар үдерісінде пациенттермен оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдалану.
- Этика және деонтология принциптерін сақтай отырып, хирургиялық профильдегі патология кезіндегі денсаулық сақтаудың басқа мамандарымен топтық жұмысты көрсету және жасын, мәдени ерекшеліктерін, нәсілдік ерекшеліктерін ескере отырып, пациенттің адам мінез-құлқы мен психологиясының негізгі принциптері туралы білімді қолдана отырып емдеу-диагностикалық процесті тиімді басқару
- ҚР Денсаулық сақтау саласындағы, дәрігер мен пациенттің (баланың) құқықтарын қорғау заңнамасын біліп, хирургиялық бейіндегі ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алып қолдану.
- Кәсіби міндеттерді шешу үшін заманауи ақпараттық-цифрлық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану, хирургиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін олардың тиімділігін арттыруға ықпал ету.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың денсаулығын жақсарту принциптері мен әдістерін қолдану негізінде өмір сүру сапасын жақсартуға және хирургиялық профильдегі аурулардың алдын алуға ықпал ету
- Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарына адалдықты, өз бетінше үздіксіз кәсіби оқытуға және кәсіби қызмет барысында өз білімін, дағдыларын жетілдіруге деген қажеттілікті көрсету.
- Ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын меңгеру, зерттеу сұрақтарын тұжырымдай білу, кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалай білу, күнделікті қызметінде Халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалану, зерттеу тобының жұмысына қатысу