Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01106 Урология және андрология, ересектердің, балалардың в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ересектер мен балалардағы урологиялық/андрологиялық ауруларды тиімді диагностикалау, хирургиялық және хирургиялық емес емдеу және басқару бойынша клиникалық білім мен дағдыларды біріктіріп, медициналық көмектің барлық деңгейінде дәлелді медицина қағидаттарын қолдану негізінде пациенттердің денсаулығын нығайту
  • Урологиялық және андрологиялық көмек көрсету стандартын ескере отырып, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес халықтың денсаулығын сақтау саласында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, хирургиялық араласулардың, дәрілік және дәрілік емес емдеуді қолдану, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
  • Науқастармен және олардың отбасы мүшелерімен (немесе заңды өкілдерімен) ауруларды, оның ішінде төтенше жағдайларды диагностикалау, емдеу және алдын алу, оның ішінде диагностикалық процедураларды орындау және тиісті шараларды бастау кезінде оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану
  • Түрлі урологиялық және андрологиялық ауруларға хирургиялық араласуды бастау және өздігінен ота жүргізуді қоса алғанда, ауруды диагностикалау және басқару жоспарын әзірлеу үшін тиісті деректерді жинау, түсіндіру, талдау, бағалау және деректердің басымдылығын анықтау.
  • Басқа денсаулық сақтау мамандарымен ұжымдық жұмысты көрсете отырып, этика және деонтология принциптеріне сәйкес емдеу-диагностикалық үдерісті тиімді қарым-қатынас және басқару үшін адам мінез-құлқы мен пациенттердің психологиясының негізгі принциптері туралы білімді қолдану
  • Төтенше жағдайларды, табиғи және техногендік сипаттағы апаттарды, пандемияларды қоса алғанда, урологиялық және андрологиялық көмек көрсету кезінде туындайтын шұғыл және өмірге қауіпті жағдайлар кезінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және тиімді көрсету
  • Денсаулық сақтау, дәрігер мен пациенттің құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық білімдерін қолдану, ұрпақты болу денсаулығын сақтау саласындағы ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу.
  • Кәсіби мәселелерді шешу, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуде олардың тиімділігін арттыру үшін заманауи ақпараттық-цифрлық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану.
  • Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы науқас пен оның отбасы мүшелерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудың принциптері мен әдістерін, тұрғындардың денсаулығын, отбасын жоспарлаудағы білімдерін қолдану.
  • Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстану, жеке өсуге және өмір бойы білім алуға көңіл бөлу.
  • Кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер қорын тиімді пайдалану
  • Адам денсаулығы және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу
Top