Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02101 Музыкатану в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Оқыту нәтижелері

  • Өзінің жеке зерттеу/зерттеу нәтижелерін және басқалардың нәтижелерін жүйелі және сыни талдау және бағалау.
  • Зерттеу / зерттеу нәтижелерінің құндылығын әлеуметтік, мәдени, көркемдік, этикалық және экономикалық аспектілерде анықтау.
  • Қаржыландырудың ықтимал көздерін қоса алғанда кез келген ықтимал тәуекелдерді және/немесе теріс әсерлерді бағалай отырып, тиісті әдіснамалық процестер мен ресурстарды таңдап және пайдалана отырып, зерттеу мен жобаларды белгілеу, жоспарлау, орындау және ұсыну.
  • Шығармашылық іс-әрекет /тәжірибе шеңберінде іске асыруда, қайта жасауда, жасауда, өңдеуде және/немесе өндеуде түпнұсқалық түсінік пен инновациялық шешімдерді құжаттық түрде тіркеу және көрсету.
  • Қажет болған жағдайда тиісті әдебиеттен және/ немесе басқа ресурстардан алынған білімді өзінің зерттеу және / немесе көркем тәжірибе саласы шегінде қарауға, түсіндіруге, талдауға, бағалауға, басқаруға, сақтауға және беруге қабілетті болу.
  • Жүргізілген зерттеулердің этикалық және құқықтық салдарларын, ұлттық және халықаралық мәнмәтінді және зерттеулерге қатысты барлық тұлғалардың меншік құқықтарын ұғына отырып, зерттеу практикасында кәсіби стандарттарды назарға алу.
  • Мақсатты аудиториялардың қажеттілігін назарға ала отырып, зерттеу нәтижелеріне қатысты ақпаратты хабардар ету мен таратудың тиімді және тиісті әдістері мен техникасын анықтау, таңдау және пайдалану.
  • Түсінуді кеңейту және жаңа білім мен зерттеу өнімдерін жасау үшін өзінің көркемдік тәжірибесіне немесе музыкалық кеңістігіне сүйене отырып, зерттеу пәнінің проблемалық мәселелерін контекстпен анықтау және келісу.
  • Жан-жақты ортада нәтижелерге қол жеткізу тәжірибесі мен әдістеріне әсер ету үшін практикалық, коммуникативтік және желілік дағдылардың кең ауқымын пайдалана отырып қолдау, басқару және әріптестермен ынтымақтасу.
  • Өз оқу саласындағы негізгі мәселелерді анықтау, оларды сыни тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер табу.
  • Зерттеушілердің, практик – мамандардың, әзірлеушілердің және жасаушылардың сыни ескертпелері мен ұсыныстарын назарға ала отырып, олардың, кең ауқымымен ынтымақтасу және өз жұмысын сынауға сезімтал болу.
  • Олардың зерттеулерінің/зерделеуінің әртүрлі аудиторияға әсерін назарға алу және мамандар мен әуесқойларда дұрыс түсініктің пайда болуына ықпал ету.
  • Жүргізілген зерттеуден алынған білімді қолдану және одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер табу.
Top