Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04124 Public Administration в Қазақстан-Неміс университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты мемлекеттік басқару саласында осы жүйенің басым құқығын тиімді, әділетті, есепке жарамды, қызмет көрсетілуін анық жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1,5 года
  • Кредиттер көлемі 92
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Бұл курста басқару шешімдерінің психологиялық мазмұнын ескере отырып, басқару негіздері зерттеледі. Курстың мақсаты - магистранттарға кәсіби салада ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқарушылық психологиялық мәдениетті қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: психологиялық факторларды ескере отырып, басқарушылық қызметті талдау, басқару психологиясының теориялық, әдістемелік негіздерін, күрделі тұлғааралық жанжалды жағдайларды реттеудегі ұйымдастырушылық мінез-құлық заңдылықтарын қолдануға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Сандық қызмет көрсету

    Курс мақсаты сандық технологиялар көмегімен халыққа ашық және тиімді қызмет көрсетуге бағытталған әкімшілік процесстерімен - «Электрондық үкіметпен» таныстыру болып табылады. Білім алу нәтижесінде магистранттар үкіметті ұйымдастыру мен жаңарту үшін осы қызмет түрлерін пайдалануға үйренеді, мемлекеттік сектор үшін, сондай-ақ азаматтардың көкейкесті қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи тұжырымдамалар мен бағдарламалық қамсыздандыру құралдары туралы түсінік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жобалық менеджмент (1,5 жыл)

    Курс жобаларды басқаруға арналған негізгі анықтамалармен таныстырады және іргесін қалаушы құзіреттіліктерд дамытады. Ол жобалардың көзделуін, жоспарлануын, орындалуын, бақылау мен жабылуын қамтамасыз етеді. Курстың соңында студенттер жобаларды басқарудың негізгі компоненттерін түсіне алады және жобалар процесстерін басқару үшін әртүрлі құралдар мен стратегияларды қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Менеджмент

    Пәнді оқудың мақсаты – басқару процесінің ұйымдастыру элементтерін, коммуникация және шешім қабылдау, басқару функцияларын қарастыру, сонымен қатар ұйымдағы әртүрлі функционалдық бөлімдердің қызметін зерттеу. Алынған құзыреттер мыналарға мүмкіндік береді: ұйымды басқарудың заманауи әдістерін қолдану; ұйымның мәселелерін қарастыру және басқару шешімдерін қабылдау үшін кешенді тәсілді қолдану; ұйымның сыртқы және ішкі ортасын талдау; менеджер қызметінің әдістері мен құралдарын қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Басқару: тұжырымдамалар мен тәсілдер

    Курс мемлекеттік басқарудың негіздері мен принциптерін,соның ішінде биліктің ережелерін сақтай отырып, белгілі бір саланы қалай үйлестіретіні, басқаратыны және реттейтіні туралы сұрақтарды қамтий отырып таныстырады. Оқыту нәтижесінде магистранттар басқарудың теориялық аспектілерін білетін болады, сондай-ақ азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсарту, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік қызмет, сот және құқық қорғау жүйесі кадрлары үшін мемлекеттің функцияларын реттейтін қандай шаралар қажет екендігі туралы практикалық шешімдер қабылдай алатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ұйымдастыру теориясы

    Курс ұйымдарға және менеджментке қатысты ұйымдастырудың теориясымен және оның тәжірибелік қолданылуымен таныстырады. Ол сыртқы және ішкі ортаның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйымдардың қалай дамитынын, қызмет ететінін және өзгеретіні туралы анықтама береді. білім алу нәтижесінде магистранттар теориялық білімдерін тәжірибелік ұйымдастырушылық міндеттер мен мәселелерді шешу үшін жүйелі қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Зерттеу дизайны

    Курс мақсаты - магистранттарды әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулерді жобалау қағидаларымен танысту. Ол әртүрлі зерттеу жобаларын құру стратегиясын теориялық болжамдау, әдіснамалық көзқарас, зерттеу мәселелері, деректерді жинау мен талдау әдістері бойынша шешім қабылдау арқылы қарастырады. Білім алу нәтижесінде магистраттар зерттеудің теориясы, әдістері мен мақсаттары арасында сәйкестік орната отырып, зерттеу жобаларын құра алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Курстың мақсаты: магистранттардың академиялық кәсіби ағылшын тілі саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету. Курс кәсіби дискурстың әртүрлі түрлерін талқылауға және зерттеуге, ағылшын тіліндегі мәтіндерді сөйлеу, оқу және тыңдап түсіну дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант практикалық кәсіби ағылшын тілін біледі, мамандықтың кәсіби тілін түсінеді, ағылшын тілінде еркін сөйлесе алады, сөйлеу барысында кәсіби терминдерді сауатты қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Деректердің жоғарғы деңгейлік талдауы

    Курс мақсаты магистранттарды деректердің жоғары деңгейлік сандық және сапалық талдау әдістерімен, сондай-ақ компьютерлік математикалық/статистикалық әдістерін және кодтаудың әртүрлі жолдарымен таныстырады. Ол сандық деректерді, статистикалық әдістерді және нәтижелерді түсіндіруді көздейді. Сонымен қатар сандық емес деректерді түсіндіру стратегиясы қарастырылады. білім алу нәтижесінде магистранттар сандық және сапалық зерттеу жүргізу барысында кең құзыреттіліктерге ие болады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Цифрландыру процесін басқару

    Курстың мақсаты - магистранттарды цифрландыру процесінің тиімділігін басқару, ұйымдастыру және бағалау туралы жүйелі біліммен таныстыру. Оқыту нәтижесінде магистранттар цифрландыру процесін басқарудың теориялық және қолданбалы аспектілерін білетін болады және цифрландыру сапасын бағалау, цифрлық технологияларды енгізу шығындарын талдау және шығындарды азайту тетіктерін пайдалана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Коммуникативті тәжірибе

    Курс көпшілік менеджменттің коммуникативті аспектілеріне негізделген. Ол сыртқы және ішкі байланыс, келіссөздер жүргізу стратегиясын, коммуникацияның тұлғааралық, топтық және ұйымдық модельдерін, әкімшілік жағдайда жазбаша және ауызша байланыс дағдыларымен таныстырады. Білім алу нәтижесінде магистранттар қызметкерлермен немесе клиенттермен байланыс орнату кезіндегі қиын жағдаяттардан шығу жолдарын, сыртқы байланыс процесстерінде әртүрлі стратегияларды қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ұйымды және өзгерістерді басқару

    Бұл курстың мақсаты магистранттарды сапа жүйесін сәтті енгізуді және тұтастай алғанда ұйымның дамуын қамтамасыз ететін теориялық негіздермен және практикалық тетіктермен таныстыру болып табылады. Оқыту нәтижесінде магистранттар инновациялық басқару тұжырымдамаларын дамыту және енгізу, жаңа мақсаттар мен технологияларды енгізу, нарықтарды игеру және процестерді басқару үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларға ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Саясатты әзірлеушілерге арналған экономика

    Бұл курстың мақсаты магистранттарды мемлекеттік сектор ұйымының немесе бизнестің экономикалық көрсеткіші мен табыстылығына әсер ететін басты аспектілермен таныстыру болып табылады. Білім алу нәтижесінде магистранттар саясат әзірлеуші тұрғысынан бизнестің дамуын айқындайтын, экономикалық және қаржылық тұжырымдардың негізгі анықтамаларын түсініп, қолдана алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тиімділікті басқару

    Бұл курстың мақсаты магистранттарда үйымдастырудың мақсаттарына тиімді және нәтижелі жету үшін, басшы мен қызметкерлері арасында қарым-қатынас орнату және кері байланысқа шығу түсініктерін қалыптастыруға арналған. Білім алу нәтижесінде магистранттар нәтижелер, тиімділік пен ресурстар арасындағы өзара байланысты көруге, сондай-ақ тиімділік пен нәтижелер көрсеткішетерін, қызмет көрсету нәтижелілігін және мемлекеттік сектор тиімділігін бағалауға дағдыланады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мәдениетаралық менеджмент

    Курстың мақсаты - магистранттар арасында әртүрлі мәдени жағдайлардағы басқару жүйелерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары туралы білімдердің тұтас жүйесін қалыптастыру. Курста іскерлік мәдениеттің негізгі типологиялары қарастырылады: ұйымды басқарудағы мәдени стратегиялар, «мәдени әртүрлілікті» басқару технологиялары - іскерлік мәдениеттердегі айырмашылықтар және олардың құндылық жүйелері; мәдениетаралық қақтығыстардың себептерін, олардың алдын алу және /немесе бейтараптандыру жолдарын анықтау; мәдениеттер тоғысында және өзара әрекеттесуде бизнесті басқару; көп мәдениетті бизнес-командаларды басқару.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Халықаралықтандыру және саясатты құру үрдісі

    Курс мақсаты магистранттарды халықаралық институттардың ережелеріне, нормалары мен тәжірибелеріне сұйене отырып, ұлттық саясаттың интернационалдық үрдістерімен таныстыру болып табылады. Білім алу нәтижесінде магистранттар халықаралық ұйымдардың жеке мысалдары негізінде, халықаралықтандыру басқарудың көпсатылы жүйелерінде шешім қабылдаудың жаңа модельдеріне әкелетінін, сонымен қатар ұлттық бюрократтар үшін қандай зардап келтіретінін біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Үкіметте басымдылықтарды қаржыландыру және анықтау

    Бұл курс мемлекеттік мекемелердегі қаржыландырудың негіздерімен және басты аспектілерімен таныстырады. Курс ұйымдарда бюджетті әзірлеу тұжырымдамалары мен әдістеріне бағытталған. Білім алу нәтижесінде магистранттар қаржыландыру жоспарының құрылымдық аспектілерін, бюджетті жоспарлау үшін қаржылық тұжырымды қалай қолдану керектігін, бюджет мониторингтің механизмдерін қалай әзірлеуге болатынын және жаңартудың қандай стратегияларының барын біле алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қызметкерлер менеджменті

    Курс мақсаты –магистранттарды ұйымның немесе бизнестің табысты және жоспарлы дамуына көзделген, адами ресурстарды басқарудың негізгі және басты тәжірибелерімен таныстыру болып табылады. Білім алу нәтижесінде магистанттар қызметкерлерді дамытуды ұйымдастыру мен жаңартудағы жаңа қадамдарды қолдай алады, тікелей байланыстарды дамыта алады, адами ресурстарды құрып, сақтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жанжалдарды талдау және шешу

    Курс мемлекеттік басқару саласындағы әртүрлі әлеуметтік қақтығыстардың себептерін, түрлерін және динамикасын, соның ішінде басқару аппаратының әртүрлі бөліктері арасындағы қақтығыстарды және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы қақтығыстарды таныстырады. Оқыту нәтижесінде магистранттар мемлекеттік басқару контекстіндегі әлеуметтік қақтығыстар туралы білім алады, оларды талдай алады және тиімді араласу мен жанжалдарды шешу стратегияларын қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Саясатты қалыптастыру және оны іске асыру

    Курс мемлекеттік саясаттың мәнімен, оны қалыптастыру кезеңдерімен, сондай-ақ оны іске асырудың мақсаттары мен міндеттерімен таныстырады. Курстың соңында магистранттар халықаралық тәжірибеде бар мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен үлгілерін білетін болады, сондай-ақ оны ұлттық, өңірлік және субөңірлік деңгейде іске асыру ерекшеліктерін талдай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тиімді басқару

    Курстың мақсаты басқарудың нормативті өлшемін таныту болып табылады. қамтиды. Курс мемлекеттік мекемелердің жоғары заңнамаға бағыну арқылы, өз шешімдерін әділеттілік, есепке жарамдылық, адалдылық негізінде қалай қабылдау және жүзеге асыру керектігін танытады. Білім алу нәтижесінде магистранттар тиімді басқарудың көпшілік секторындағы көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын көтеретін қағидаларын, стандарттарын және нормаларын қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мемлекеттік басқарудың құқықтық аспектілері

    Курстың мақсаты магистранттарды мемлекеттік басқару саласындағы қатынастардың әртүрлі түрлерін реттейтін құқықтық нормалармен, қағидаттармен және тетіктермен таныстыру болып табылады. Оқыту нәтижесінде магистранттар шешімдер қабылдау мен іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттік, квазимемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын құқықтық және басқа да реттеуші нормаларды қолдана алатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • мемлекеттік басқарудың теориялары мен әдістерін қолдана отырып, басқару шешімдерін әзірлей, қолдана, талдай және бағалай алады.
  • басқарушылық шешімді жүзеге асыруда, сонымен қатар тұрақсыздық пен қауіп жағдайында реттеуші әсердің шынайы және тиімді құралдарын қолдану
  • кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып шешу
  • басқарушылық шешімдер мен әкімшілік процесстер сапасының бағалауын жүргізу, орындау бақылауын ұйымдастыру және түзеуші шараларды қолдану
  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде еркін бейімделу және құқық нормаларын басқарушылық шешімдерді әзірлеуде, жүзеге асыруда, бақылауда, сапасын бағалауда дұрыс қолдана алу
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының қызметін, экономикалық, әлеуметтік, саяси ортасының жағдайын бағалауда сандық және сапалы талдау әдістерін қолдану
  • ұжымның әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени құндылықтарын білу негізінде тұлғааралық, топтық және ұйымдық байланыстарды жүзеге асыру, сонымен қатар әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени айырмашылықтарды әділетті қабылдай алу
  • жүзеге асырылатын іс шараларға жеке жауапкершілікті сезіне отырып, ұйымның адами ресурстарын басқару стратегиясын әзірлеу және қолдану
  • мемлекеттік мүлікті басқару үшін негізгі экономикалық әдістерді қолдану, бюджетті жүргізу мен мемлекеттік активтердің құрылымы бойынша басқарушылық шешімдер қолдану
  • ғылыми зерттеу бағдарламасын әзірлеу, мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулердің тұжырымдылық теориялық аппаратын анықтау, арнайы бағдарламалар негізінде зерттеудің сандық, сапалық, статистикалық әдістерін қолдана отырып, оның ішінде ағылшын тілінде жобалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу.
  • ағылшын тілінде академиялық және ғылыми мәтіндер жазу, оларды редакциялау және пікір беру
Top