Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01507 Биология және химия в Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жоғары біліктілікке, бәсекеге қабілеттілікке, жеке тұлғаның тұтастығына; еңбек нарығындағы өзгерістерге икемді бейімделу қабілетіне ие
  • Педагогикалық процесті мемлекеттік стандарт талаптарына, жаңартылған бағдарламаларға , сондай-ақ биологиялық және химиялық ғылымдардың дамуындағы өзгерістерге байланысты жаңа технологияларға сәйкес жүзеге асырады
  • Биологиялық және химиялық процестердің дамуының негізгі түсініктері мен заңдылықтарын меңгерген
  • Генетика мен селекцияның, эволюциялық теорияның, микро және макроэволюцияның негізгі заңдылықтары мен қазіргі жетістіктері туралы базалық түсініктерді қолданады
  • Шығармашылық ойлау элементтерін, онлайн-оқытудың, электрондық оқытудың, қашықтықтан білім беру оқиғаларының цифрлық құралдарын пайдалана отырып, кәсіби қызметті жүзеге асырады
  • Биология және химия теориясы мен әдіснамасын, сондай-ақ оларды ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалану қабілетін меңгерген
  • Зертханалық зерттеулер жүргізудегі биология және химия әдіснамасының рөлі мен маңызын түсіндіреді
  • Кәсіпкерлік қызметпен байланысты экономикалық білім негіздерін; ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін құқықтық, философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық білім негіздерін меңгерген
  • Педагогикалық білімді, критериалды бағалау әдістерін, инклюзивті білім беру жүйесін, педагогикалық әдеп нормалары мен ережелерін дұрыс қолдануды көрсетеді
  • Химиялық зерттеу,эксперимент жасау, биология және химия саласындағы зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдау және бағалау әдістерін меңгерген
Top