Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B04105 Қаржылық технологиялар в Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Оқыту нәтижелері

  • Сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін ауызша және жазбаша қарым-қатынастың түрлі тәсілдерімен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін деңгейде қазақ/орыс және шет тілдерін меңгеру
  • Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің есебін, қаржылық және басқарушылық талдауын орындау.
  • Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және заманауи нарық талаптарына сай студент қосымша білім беру бағдарламалардан таңдаған пәндер бойынша алған білімдерін қолдана білу.
  • Қарым-қатынас дағдыларын, бастамашылдықты және жұмысқа психологиялық дайындығын, оның ішінде топта жұмыс істеу кезінде көрсету, басқарушылық және техникалық шешімдер қабылдау.
  • Модельдеу және автоматтандыру арқылы бизнес мәселелерін шешу; инновациялық шешімді анықтау; IT жобаларын жоспарлау; бизнес талаптарын тұжырымдау; экономикалық мәселелерді шешу үшін техникалық шарттарды жасау; корпоративтік ақпаратты басқару жүйелерін әзірлеу; Matlab бағдарламалау ортасын, SAP ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалану.
  • Бақылау есептерін шешу үшін әртүрлі математикалық және статистикалық әдістерді қолдану; басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты сандық талдау процесіне жүйелі тәсілді қолдану.
  • Нарықтың маркетингтік талдауын жүргізіп, стратегияны әзірлеу және бизнесті басқарып, клиенттер мен инвесторларды тарту және ұстау; АТ құралдарын пайдаланып бизнес ресурстарын жоспарлау, табу және пайдалану.
  • Инновациялық процестердің барысын болжау; инновациялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және басқару; инновацияларға салынған инвестицияның тиімділігін бағалау.
  • Қаржылық шешімдердің тиімділігін негіздеу және бағалау; қаржылық активтерді бағалау; инвестициялық жобаларды әзірлеу; жергілікті және халықаралық қор нарықтарында жаңа инвестициялық идеяларды, жобаларды табу; қаржылық жоспарлаудың, бюджетті құрудың, болжаудың заманауи әдістері мен әдістерін қолдану; инвесторларды тарту.
  • Қазіргі қоғамда болып жатқан процестер мен құбылыстарды өз бетінше талдау; өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және дәлелді тұжырымдау; алған білімді нақты жағдайларда пайдалану
  • Қоғам, IT-кәсіпорынның негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды анықтау, оларды талдау, операцияның экономикалық параметрлерін және экономикалық әлеуеті, өнеркәсіп, компанияны бағалау.
  • Бағдарламалық құралда қаржылық есептерді жүргізу; Монте-Карло әдісі бойынша бағалы қағаздар портфелінің табыстылығын анықтау; кәсіпкерлік ұйымның қаражатын алу және тиімді бөлу міндеттерін орындау.
Top